Азастан республикасыны она й-туристік ызмет крсету заманауи жадайын баалау

Автор: Идрисова М.С., Мауленова М.С.

Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu

Рубрика: Экономика и сервис

Статья в выпуске: 1 (106), 2015 года.

Бесплатный доступ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы қонақ үй - туристік қызметтерінің даму мәселесі зерттеледі. Қазақстандағы қонақ үй секторын дүниежүзілік тәжірибесімен талдасақ, бұл сала еліміздегі басқа өнеркәсіптерінің көлеңкесінде ұзақ уақыт және қонақ-жайлылық индустрияның экономикалық, басқарушылық, ұйымдастыру себеп-салдары оның дамуына әсер етеді. Авторлар Қазақстандағы қонақ үй-туристік мүмкіндіктерін зерттеу сұрағының қажеттілігінің басты шешімі тепе-теңдік «Баға-Сапа» деп санайды. Бұл әлемдік және ішкі бәсекелестікте өзекті жағдай.

Короткий адрес: https://sciup.org/140205038

IDR: 140205038

Текст научной статьи Азастан республикасыны она й-туристік ызмет крсету заманауи жадайын баалау

Кіріспе

Соңғы жылдары әлемде туристік қызмет корсету нарығының өсуі байқалады. Экономиканың басқа саларына қарағанда туризмнің қарқынды өсу потенциалы біршама маңызды орын алады. Арада бүкіл әлемде туристік сапарлар санының көбеюі байқа-лады. 2020 жылға қарай танымал қалаларға, танымал курорттарға және тарихи мен мәде-ни ескерткіштерге 1,8 млрд адам туристік сапарлармен барады деп болжамданады, қонақ үй –туристік қызмет көрсетудің табысы шамамен 2 трл АҚШ долларын құрайды. Ол жаңа жұмыс орындарының ашылып, адамдар миллиондап жұмысқа орналаса алатынын білдіреді. Осылайша, шет мемлекетке шыққан әрбір турист өзі барған елде шамамен 1000 доллар жұмсап, 9 жұмыс орнын құрайды. Туризмнен түскен табыс экономиканың 32 саласының кәсіпкерлектеріне барады. Ту-ризмнің шеңберіне әлемдік өнімнің 11%, әлемдік экспорттың 6%, әлемдік инвести-циялардың 7%, әр 16-шы жұмыс орны және салықтың 5% түседі.

Әлемдік туризмнің дамуының болжамы жақсы, АСҰ - бағалауы бойынша 2020 жылға қарай туристік сапарлар 1,56 млрд адамға дейін өседі, ең көп ортажылдық өсу қарқыны 6% деңгейінде Азия елдеріне, Жақын және Орта Шығыс елдеріне келеді. Шетелдік туристтердің негізгі ағыны Қытай, Үндістан, Германия, Ресей елдерінен болады деп болжанады.

Зерттеу нысаны мен әдістері

Қазақстандағы қонақ үй саласы ұзақ уақыт басқа сұраныстары жоғары сауда және жылжымайтын мүлік салаларының көлеңке-сіңде қалып отырды. Жобалардың ұзақ уақыт бойы өтімділігі және бизнестің өзгеше болуы инвесторлар мен девелоперлерді қызықтыр-мады. Бірақ соңғы жылдары ҚР-на шетел туристтерінің келу саны өскендіктен, шетел және отандық салушылар мемлекеттің қонақ-жайлылығын дамуына инветицияларды бел-сенді сала бастады. Осыған байланысты, таби-ғат ресурстарына бай және көшпенді халық мәдениетімен ерекшеленетін Қазақстан әлемдік туристік қонақ – үй қызмет көрсету нарығында өзінің бір орнын ала алады. Қазақстанның туристтік нарығы халықаралық туристтік саласына белсенді қосылуы, туризм саласында әртүрлі білімнің болуын, туристтік-экскур-сиялық істе проффесианализмді ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристтер үшін туристтік нарығының тартымдылығын зерттеу, өзінің потенциалды клиенттердің сұраныста-рын анықтау, оған қоса ол сұраныстарды қолда бар туристтік жағдайларды бағалай отырып іріктеу, күрделі ұйымдық-техникалық үрдістің белгісін көрсетеді.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда мемлекеттің төлеу теңгерімін оңтайландыру үшін, валютаның келуін қамтамасыз ету үшін, инфроқұрылымды іріктеу үшін кірме туризмді дамыту тиімді болады. Кіретін туризмнің даму моделін құрастыру үшін, ше-телдік туристтер үшін олардың ұлттық талғамдарын, салттарын, мәдениеті мен діні-не аса көніл бөле отырып, туризмнің тартым-дылығының сараптамасын өткізу керек.

ҚР-ның Агенттігінің статистикасының мәліметтеріне сүйінетін болсақ, келетін туризм бойынша келушілердің саны Шекара-лық қызметтің мәліметтері бойынша, ҚР-на кірген адамдар саны бойынша жасалынады. Олардың келу мақсаттары әртүрлі болып ке-леді: қызмет бабымен, іскерлік, жеке, турист-тік және т.б. Статистика мәліметтері негізінде келу мақсаттары бойынша туристтерді іріктеу құрылымы 1 кестеде келтірілген. [3]

1 –кесте. 2009-2013ж. ішінде шетелден келген келушілердің саны

Келу мақсаты

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Қызмет бабымен

215 268

210 593

239 350

275 798

1 095 635

Туризм

48 879

55 686

238 385

91 845

56 617

Жеке бас мәселесі

2 570 339

2 824 760

4 119 727

4 676 073

4 714 694

Транзит

939 866

1 006 348

1 087 670

1 119 488

974 139

БАРЛЫҒЫ:

3 774 352

4 097 387

5 685 132

6 163 204

6 841 085

Негіздеме: ҚР-ның статисика бойынша агенттігі [3]

1 кестедегі 2013 жыл бойынша берілген мәліметтерді қарастырайық:

  • -    Қазақтандағы іскерлік нарығы жыл сайын өсуде, 2012 жылы келген туристтер саны 275 798 мың адам болса, 2013 жылы бұл көреткіш 4 есе өсті - 1 095 635 млн адам;

  • -    жеке бас мәселесімен келетіндердің үлесі көбірек болады – 4 714 694 млн. адам;

  • -    туризм үлесіне тиетіну келген адамдардың 6 841 085 млн адам ішінен, тек қана 56 617 млн. адам, былайша айтқанда оның үлесі көп емес.

Шетел азаматтарына қонақ үй кәсіп-орындарымен көрсетілген қызметтің өзгер-уінің динамикасы тұрақты көрсекішпен си-патталады. (2 кесте)

2 – кесте. Орналастырылған орнының дәрежесі бойынша қызмет көрсетілген шетел азаматтар саны

Орналастырылған орнының дәрежесі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

5*

129 493

168 603

185 791

173 955

223 228

4*

91 318

112 684

169 486

157 154

115 075

3*

145 434

177 189

125 865

95 227

143 504

2*

14 160

12 922

14 756

14 952

8 569

1*

4 690

3 344

3 715

4 242

2 871

Дәрежесіз

128 485

114 625

80 691

70 301

86 861

Орналасудың басқа орындары

4 794

80 691

70 301

86 861

БАРЛЫҒЫ:

513 580

594 161

584 303

519 222

586 038

Негіздеме:ҚР-ның статисика бойынша агенттігі [3]

2-кестедегі мәліметтер Қазақстан Рес-публикасындағы 2009-2013 жылдар аралылы-ғында қонақ үй кәсіпорындарымен қызмет көрсетілген шетел азаматтар санының өзгері-сінің динамикасын көрсетеді. Негізінен қыз-мет көрсетілген келушілердің саны Қазақ-станға іскерлік сапарлармен келетін шетел азаматтар санының өсуімен байланысты.

Зерттеу нәтижесі және оны талқылау

Қонақ үй қызметін дәрежесіне қарай іріктеу мәселесі сапа жағынан ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта қонақ үй қызметін дәрежелеудің ресми жүйесі тек 64 елде қабылданған, 11 елде ол әлі даму сатысында, 54 елде қонақ үйлердің біріңғай дәрежесі жоқ..

Дәрежесі бойынша орналасу орындары-ның құрылымының 2013 жылғы Қазақстан Республикасындағы анализы, ең үлкен үлес басқа орындарына келетіні – 57%, дәрежесіз – 31%, 3 жұлдызды қонақ үйлерге – 6%, 5 жұл-дызды – 1%, 4 жұлдызды – 3%, 1 және 2 жұл-дызды қонақ үйлерге – 1% келетінің көрсетеді.

  • 5    жұлдызды қонақ үйлерде қызмет көрсетілген шетел азаматтар саны 223 228 адамды құрады, 4 жұлдызды қонақ үйлерде 115 075 адам, 3 жұлдызды қонақ үйлерде 143 504 адам, 2 және 1 жұлдызды қонақ

үйлерде 8 569 мың адам және 2 872 мың адам, дәрежесіз қонақ үйлерде 86 569 мың адамды құрады. [3]

Қазақстандағы туризмнің тартымдылы-ғына баға беру үшін «IPK» халықаралық компаниясы маркетингттік зерттеу жүргізді. Жүргізілген зерттеулер негізінде әлеуметтік – демографиялық факторлары бойынша келесі түрде көрсетілетін буындар анықталынды:

  • 1    ші топ - ағылшындар Қазақстанға ке-летін барлық туристтер санының 10% құрады, жасы – 35 пен 54 жас аралығында, білімі орташа және жоғарғы, 26% - үйленгендер;

  • 2    ші топ — кәрістер туристер ағынының 8% құрайды, жасы – 25 пен 54 аралығында, білімі жоғарғы, 39% - отбасылық жұптар;

  • 3    ші топ — француздар туристер ағы-нының 6% құрады, жасы – 25 пен 54 аралы-ғында, білімі орташа жіне жоғарғы, 24% -отбасылы жұптар;

  • 4    топ — немістер, жасы — 35 пен 54 лет, білімі жоғарғы және орташа, 24% — отбасылық жұптар;

  • 5    топ — жапондар туристер ағынының 1% құрады, жасы — 45 - 65 жас, білімі жоғар-ғы, отбасылық жұптар 10 % құрайды [3]

Шетел туристтерінің тұтынушылық талғамдары «IPK» компаниясының зерттеу-лері негізінде 1 суретте көрсетілген.

1 - сурет. КaзaKстандаFы туризм туpiнe карай шетел туристтердщ алFамдаpы [4]

Берілген мәліметтерден көретініміз шетел азаматтар көп қызуғышылықты дала жазыктарын аpалауFа танытады - 41 %, эсipe-се джиптермен далаларды аралау және улттык аншылык. Казакстанда бул туризмнщ түріне 20 ландшафты орындары бар, олар жазық далалар мен тұзды өзендер. Екінші орында мэдениет тану туpизмi - 32%, ол казак улттык мэдeниeтiмeн, салт - дэстур-лepiмeн керсетшген. СонFы жылдары ол еуропалық және американдық туристтер арасында көп танымал. Бұл туризмге 7 аймақ бөлінген, оның ішінде ұлы жібек жолы бар, көшпенділер мәдениеті, 9 мыңнан астам ескерткіштер, оның ішінде Қожа Ахмет Яссаи кeсeнeсi, Айша Бибу Бабаджи-Хатун, Кара-хан, және Дауытбек кесенелері, жұмбақ қала Акыртас , жерасты мeшiтi Бекет - Ата. Шетел азаматтарының рейтингісі бойынша үшінші орында экологиялык сапарлар - 12%, ейткeнi Қазақстанда жорықтар мен тартымды табиғи ресурстар баршылық. Экологиялық туризм ең арзан жэне тартымды туризм туpiнe жаткы-зады. Экологиялык туризм ушiн Казакстан-нын эдeмi тумса табиFаты, флора мен фау-насы бар, бул табиFатты, табиFи eскepткiш-тер мен көріктік орындарымен танысудың бipдeн бip мумкiндiгi, кустар мен жануарлар-ды бакылау табиFатпeн бip болуды кездeйдi.

Казакстанда езiнiн даму улeсiн тау туpизмi - 9%, таушанFы базаларын салу мен ipiктeу басталды. Республикада 20 тау орын-дары бар, олар Медеу, Шыңбұлақ, Табаған, Ак-Булак жэне казакстандык Алатау таулары, Тянь-Шань. Тау туpизмiнeн баска шетел азаматтарын экстрималды спорт туризмдері қызықтырады. Болашағы жақсы болатын туризм бағытының бір түрі ол жағажайлық туризмге Каспий теңізі, Алакөл, Балқаш көлдері, Бухтармин су қоймасын жатқызуға болады. Шетел азаматтары Арал теңізіне көп қызығушылық танытады, оған барса керемет кеpiнiстep байкалады: кимылсыз порт, кайык- тардын улкен мазары, тузды далалар. Кызы-FушылыFы одан кем емес, БайконыpFа да адамдар көп барады, ғарышкерлерге арналған конак уйлерде конып, эйгiлi ушактар ушкан орындарды қарау, олардың модельдерін көру ете кызыкты болып табылады. [5]

Сапарлар түріне қарай шетел азаматтарынын бiздiн елге деген кызынушы-лығынан Қазақстан елі өте көркем деп айтуға болды: қажетті ресурстар мен туристтерді орналастыруга аpналFан бeлгiлi бip инфраку-рылымы бар. Бipак, кeлeтiн шетел азамат-тарының санының көрсеткіші өспейді, соңғы уш жыл iшiндe кeлушiлep саны нeлiктeн терт есе кeмидi деген сурак туындайды?

2013 жылы республика бойынша қонақ үйлердің жүктелу коэффициенті орта есеппен 24% құрады. 2013 жыл бойынша ең үлкен жүктелу коэффициенті келесі аумақтарда белгіленген: Маңғыстау облысы (40,1%), Атырау облысы (59,7%), Астана к-сы (34,1%), Алматы к-сы (29,8%). [6]

Конак уй кэсшорындарыныщ толыктай жүктелмеуінің себептері: сапалы қонақ үй кызмeтiнe телей алатын сураныстын бол-мауы; сапарлардын азаюы, симпозиум мен семинарлардың өткізілуі; қонақ үй бизнесінде жаңа технологияларды қолдану білімінің темен дeнгeйi; банк кpeдиттepiнiн пайызда-рынын есуi, осылайша конак уйлердщ етiмдi-лiгiнiн мepзiмiнiн узаруы.

РeспубликадаFы конак уйлердщ толма-уының маңызды факторларының бірі сапа мен кызмeттiн баFасына сай кeлмeуiн айта кеткен жен. ЖоFаpыда айтылFандаpдын iшi-нен нәтижесі қонақ үйлердің бағасының қымбат болуы оның жағымсыз жағы болып табылады. Нарықтың негізгі мәселелердің бipi баFаны тандаудын жоктыFы. Конактын қымбат бағаға 5 жұлдызды қонақ үйге орналасуы және 3 жұлдызды қонақ үйге өте төмен бағамен орналасу мүмкінді болуы міндет. Қазіргі үш жұлдызды қонақ үйлер жылпы ыңғайлы тұруы үшін дұрыс баға ұсына алмайды. 10000 теңге жалдасаңыз, Сізге ұсына алатын бөлмелері 10 квадрат метр ден көп болмайды, және де керек жиһаздардың ең аз саны болады. Қосымша қызметтері бұл соммаға кірмейді.

Нью-Йорк Маскеу

Осло

Копенгаген Цюрих Лондон Алматы*

Сидней Берлин

Лиссабон

Будапешт Пекин

Брюссель Прага

g222222Sieiiiiiw                  но

J 65

  • 2 – сурет. Әлемдік ірі астаналар қонақ үйлерінің бағаларының орташа көрсеткіштері [7]

Осының арқасында осыған ұқсас бизнес дами бастады, ол қысқа мерзімге пәтер жалдау, былайша айтқанда тәуліктік пәтер жалдау. Бұл кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлер туристтер мен командировкалар-ға келетін адамдарға оптималды жағдайлар жасады, оған қоса тағы қосымша трансфер (аэропорттан, вокзалдан күтіп алу) сияқты қызметін ұсына алды.

Қорытынды

Қонақ үй бизнесінің ерекшелігі оның республиканың іскерлік белсенділігіне тәуел-ділігі болып табылады, сондықтан кризис кезінде қонақ үйлер көрсеткіші төмендеп, бағаның төмендеуіне әкеп соғады.

Осыдан Қазақстанның қонақ үйлердің мүмкіндіктерін зерттеу қажеттілігі туындай-ды. Ол Баға – Сапа деген ұғымдарды теңес-тіру үшін қажетті болады. Егер сапа мен баға бір біріне сай болса ол Қазақстанға Жақын және Алыс елдердің туристтерін қызық-тырады. Қазақстанның қонақ – үй комплек-сінің даму көп инвестицияларды қажет етуді. Көптеген демалыс орындары жеке тұлға-лармен сатылып алынып немесе ұзақ уақытқа жалға беріліп әрқайсысы бөлек дамиды. Еліміздің көрнекті жерлерінің біріңғай даму политикасы қазіргі уақытта жоқ.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Глобальные прогнозы развития туризма до 2020 года и в последующий период / Мир в целом – Мадрид: ВТО, 2004. – 187 с.

  • 2.    Юльчиева Г.Н. Гостиничный бизнес: теория, практика, перспективы для Казахстана -Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2010. – 476 с.

  • 3.    Туризм Казахстана. Статистический сборник (на казахском и русском языках) под ред. Смаилова А.А. – Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2014. - 61 с.

  • 4.    Смыкова М.Р., Сохатская Н.П. Оценка привлекательности туризма Казахстана //Вестник КарГУ. – Караганда. - 2011. - № 4. – С. 89-95.

  • 5.    Есайдар У.С., Абенова Е.А., Жанггуттина Г.О., Беймбетова А.Е. Конкурентные преимущества казахстанского туристического продукта // Вестник Алматинского технологического университета. – Алматы. – 2013. - № 4 (100). - С. 79-82.

  • 6.    Агентство РК по статистике. [Интернет ресурс] Режим доступа: http://www.stat.gov.kz /faces/wcnav_externalId/homeNumbersTourism -Загл. с экрана.

  • 7.    Средние показатели стоимости номеров в крупных мировых столицах. [Интернет ресурс] Режим доступа: http://www.hotel.info/ newspaper/ -Загл. с экрана.

Список литературы Азастан республикасыны она й-туристік ызмет крсету заманауи жадайын баалау

  • Глобальные прогнозы развития туризма до 2020 года и в последующий период/Мир в целом -Мадрид: ВТО, 2004. -187 с.
  • Юльчиева Г.Н. Гостиничный бизнес: теория, практика, перспективы для Казахстана -Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2010. -476 с.
  • Туризм Казахстана. Статистический сборник (на казахском и русском языках) под ред. Смаилова А.А. -Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2014. -61 с.
  • Смыкова М.Р., Сохатская Н.П. Оценка привлекательности туризма Казахстана//Вестник КарГУ. -Караганда. -2011. -№ 4. -С. 89-95.
  • Есайдар У.С., Абенова Е.А., Жанггуттина Г.О., Беймбетова А.Е. Конкурентные преимущества казахстанского туристического продукта//Вестник Алматинского технологического университета. -Алматы. -2013. -№ 4 (100). -С. 79-82.
  • Агентство РК по статистике. Режим доступа: http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersTourism -Загл. с экрана.
  • Средние показатели стоимости номеров в крупных мировых столицах. Режим доступа: http://www.hotel.info/newspaper/-Загл. с экрана.
Статья научная