Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета

Все статьи: 1446

Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдана отырып, граноланың сапасын зерттеу

Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдана отырып, граноланың сапасын зерттеу

Молдақұлова З.Н., Ахлан Т.Б., Абдреева А.С., Құрметзхан Ә.Қ., Изембаева А.К.

Статья научная

Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану арқылы дайындалған граноланың сапасына салыстырмалы зерттеу жүргізілді (№1 және №2 үлгілер негізінде). №2 гранола үлгісі ақуыз мөлшерінің жоғары болуымен сипатталады (13,69% — №1-дегі 13,03%-ға қарсы), май (15,44% — 15,60%-ға қарсы), көмірсулар (47,84% — 44,43%-ға қарсы) және тағамдық талшықтар (8,31% — 7,42%-ға қарсы) мөлшерінің артуымен ерекшеленеді, бұл оның дәнді-өсімдік композициясы ретінде функционалдық бағыттылығын күшейтеді. Витаминдік профиль №2 үлгіде А витамині мөлшерінің (0,61 мг/100 г) №1 үлгімен (0,51 мг/100 г) салыстырғанда статистикалық тұрғыдан сенімді жоғарылағанын көрсетті, ал Е витамині мөлшері төмендеген (тиісінше 5,32 және 6,71 мг/100 г), сондай-ақ В тобы витаминдерінің арту үрдісі байқалды. №2 үлгісіндегі полифенолдар мен флавоноидтардың жалпы мөлшері тиісінше 0,91% және 0,47% болып, №1 үлгіге (0,63% және 0,41%) қарағанда жоғары екені анықталды, бұл оның антиоксиданттық әлеуетінің айқынырақ екенін көрсетеді. Минералдық талдау екі үлгіде де магний мен фосфордың жоғары деңгейін анықтады, сонымен қатар №2 үлгіде темір мөлшерінің жоғары болуы оны қан түзу және оттегін тасымалдау үдерістеріне қатысатын микроэлементтердің көзі ретінде құндылығын арттырады. Токсикологиялық бақылау өнімнің қауіпсіздігін растады: пестицидтер анықталған жоқ, кадмий, мышьяк және сынап табылмады, қорғасын мөлшері ≤ 0,0028 мг/кг, бұл нормативтік шектерден едәуір төмен. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану граноланың тағамдық және функционалдық құндылығын тағамдық талшықтар, витаминдер және биологиялық белсенді қосылыстар мөлшерін арттыру арқылы жақсартуға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігі мен жоғары органолептикалық көрсеткіштерінің сақталатынын дәлелдейді.

Бесплатно

Өсімдік текті антимикробтық компоненттер негізінде таңғыш материалдар әзірлеу

Өсімдік текті антимикробтық компоненттер негізінде таңғыш материалдар әзірлеу

Буркитбай А., Қалдыбек Қ.Ж., Таусарова Б.Р., Такей Е.

Статья научная

Антимикробтық таңғыш материалдар жарақаттарды, жараларды емдеуде маңызды рөл атқарады. Олар микробтық асқынуды бақылап, созылмалы қабынудың алдын алады және терінің жылдам қалпына келуіне ықпал етеді. Мұндай материалдар созылмалы жараларды (мысалы, трофикалық жаралар, диабеттік табан жаралары), күйіктерді, жұқпалы хирургиялық жараларды асқыну қаупі жоғары инфекциядан қорғау мақсатында қолданылады. Таңғыш материалдарда табиғи заттарды антибактериалдық агенттер ретінде пайдалану белсенді түрде зерттелуде. Ғылыми зерттеулер прополис, бал, хитозан және эфир майлары сияқты заттардың тиімділігін растайды. Олар жұмсақ, әрі тұрақты биоцидтік қасиетке ие, жанама әсерлері жоқ.Зеттеу жұмысымызда екі түрлі құрамда өңделген дәкенің биоцидтік тұрақтылығын анықтау мақсатында материал үлгілері топырақ микрофлорасының әсеріне түсірілді. Микрофлораның әсеріне ұшыраған өңделмеген дәке материалдары көгеріп, шіри бастаған, ал табиғи биоцидтермен өңделген материалдар аса бұзылысқа ұшырамағаны байқалады. Соның ішінде жусан сығындысы мен хитозан негізіндегі құрамда өңделген материалдың биоцидтік тұрақтылығы жоғары екені дәлелденді. Өңделген материал талшықтарының морфологиялық өзгерісін анықтау үшін электрондық сканирлеуші микроскоптың көмегімен зерттеу жүргізілді. Талшықтың бетінде биоцидтік заттардың бөлшектері біртегіс орналасқаны байқалады. Өңдеуден кейінгі дәке материалдарының ауа өткізгіштік және сіңіргіштік қасиеттері де аса өзгеріске ұшырамаған.

Бесплатно

Өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды алу әдістері мен режимдерін оңтайландыру

Өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды алу әдістері мен режимдерін оңтайландыру

Жакупова Г.Н., Тултабаева Т.Ч., Шоман А.Е., Токышева Г.М., Мулдашева А.Х., Сағандық А.Т., Ахметжанова А.Т.

Статья научная

Жұмыста өсімдік шикізатынан және өсімдіктердің жасушалық (in vitro) дақылдарынан фенолдық қосылыстарды алудың дәстүрлі және заманауи әдістері қарастырылып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде Hypericum perforatum (шәйқурай), Melilotus officinalis (түйежоңышқа) және Portulaca oleracea (портулак) таңдалды. Зерттеудің өзектілігі табиғи фенолдық қосылыстарға антиоксиданттар мен функционалды ингредиенттер көзі ретінде сұраныстың артуымен, сондай-ақ оларды алудың тиімді, экономикалық және экологиялық қауіпсіз технологияларын әзірлеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу мақсаты – биоактивті қосылыстардың шығымдылығы, тұрақтылығы және технологиялық тиімділігі тұрғысынан фенолдық қосылыстарды алудың оңтайлы әдісін анықтау.Жұмыста 70% этанол экстрагенті қолданылып, үш әдіс – мацерация, Сокслет экстракциясы және ультрадыбыстық экстракция (UAE) – салыстырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша фенолдық қосылыстардың ең жоғары мөлшері Сокслет әдісі арқылы алынғаны анықталды: табиғи өсімдік шикізатында Hypericum perforatum үшін 61,2±2,4 мг GAE/г, Melilotus officinalis үшін 56,3±1,9 мг GAE/г және Portulaca oleracea үшін 45,7±1,5 мг GAE/г көрсеткіштері тіркелді. Ультрадыбыстық экстракция әдісі сәйкесінше 58,4±2,1; 44,1±1,5 және 32,8±1,1 мг GAE/г мәндерін көрсетті, бұл мацерация әдісіне қарағанда жоғары, бірақ Сокслеттен төмен нәтиже береді. Мацерация кезінде ең төмен көрсеткіштер байқалды (24,2–42,6 мг GAE/г диапазонында). In vitro дақылдарынан алынған сығындыларда фенолдық қосылыстар мөлшері табиғи өсімдік шикізатымен салыстырғанда орта есеппен 10–20% төмен екені анықталды. Экстракция параметрлерін оңтайландыру нәтижесінде фенолдық қосылыстарды тиімді алу үшін 70% этанол және 50–70 °C температура диапазоны оңтайлы екені анықталды, бұл жағдайда максималды мәндер 70 °C температурада тіркелді.Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Сокслет әдісі максималды шығымдылықты қамтамасыз етеді, алайда жоғары температура мен энергия шығынын талап етеді. Ал ультрадыбыстық экстракция әдісі шығымдылығы сәл төмен болғанымен, экстракция уақытының қысқалығы (30 мин), еріткіш шығынының аздығы және биологиялық белсенді қосылыстардың сақталуы тұрғысынан анағұрлым тиімді және перспективалы болып табылады. Осылайша, зерттеу нәтижелері фенолдық қосылыстарды алу әдісін таңдау нақты мақсатқа байланысты болуы тиіс екенін көрсетті: максималды шығымдылық үшін – Сокслет әдісі, ал технологиялық тиімділік, энергия үнемділігі және өнім сапасын сақтау үшін ультрадыбыстық экстракция әдісі ұсынылады. Алынған нәтижелер тағам өнеркәсібінде және функционалды өнімдер өндірісінде өсімдік сығындыларын алу технологияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Бесплатно

Өсімдік қоспалары бар тартылған етке гистологиялық зерттеу

Өсімдік қоспалары бар тартылған етке гистологиялық зерттеу

Суйчинов А.К., Есимбеков Ж.С., Окусханова Э.К., Дербышев К.Ю., Жүзжасарова Г.Е., Жасасынов Е.А.

Статья научная

Мақалада тартылған сиыр етіне өсімдік қоспалары бар өнімдерге гистологиялық зерттеу әдістерді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Қазіргі тамақ өнеркәсібінде тартылған сиыр етіне рецептурасында дәнді, бұршақты дақылдар, жасымық, ұн, қара бұрыш, пияз және тамақтық талшықтар сияқты өсімдік шикізаты кеңінен қолданылады. Аталған өнімдердің нақты құрамын, біркелкі таралуын және технологиялық талаптарға сәйкестігін бақылау маңызды мәселе болып отыр. Зерттеуде стандартты фиксация, парафинге заливка, микротоммен кесу және гематоксилин-эозинмен бояу әдістері қолданылды. Гистологиялық талдау бұлшықет, дәнекер және май тіндерінің, сондай-ақ өсімдік жасушаларының морфологиялық ерекшеліктерін анықтауға, олардың бір-бірімен орналасуын және таралуын бағалауға мүмкіндік берді. Нәтижелер көрсеткендей, өсімдік қоспалары ет матрицасында біркелкі немесе локалды түрде орналасуы мүмкін, бұл өнімнің технологиялық және сапалық көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Гистологиялық әдіс сондай-ақ рецептте көрсетілмеген компоненттердің бар-жоғын анықтауда сенімді құрал болып табылады.

Бесплатно

Өсімдіктекті шикізаттарды қосу арқылы сүт өніӨсімдіктекті шикізаттарды қосу арқылы сүт өнімдерін өндіру технологиясын жетілдіру

Өсімдіктекті шикізаттарды қосу арқылы сүт өніӨсімдіктекті шикізаттарды қосу арқылы сүт өнімдерін өндіру технологиясын жетілдіру

Букабаева Ж.Т., Асанова Ұ.Е., Турсынханова А.Е., Ашакаева Р.У., Қасымханова Б.Н.

Статья научная

Бұл мақалада еліміздегі сүт өнімдерінде қолданылатын шикізаттардың қоры, салыстырмалы түрде бағалары мен өсімдік текті шикізаттарды, соның ішінде соя ақуызын қолдану арқылы сүт өнімдерінің өндіріс технологиясын жетілдіру мәселелері қарастырылады. Соя ақуызы – тағамдық құндылығы жоғары, аминқышқылдық құрамы толыққанды өсімдік ақуызы. Оны сүт өнімдеріне қосу өнімнің құрылымын жақсартып, тағамдық және биологиялық құндылығын арттырады. Мақалада сүт өнімдеріне соя ақуызын қосу арқылы алынатын технологиялық артықшылықтар сипатталады: өнімнің тұрақтылығы, сақтау мерзімінің ұзаруы, май құрамының төмендеуі және экономикалық тиімділік. Сонымен қатар, соя ақуызының органолептикалық қасиеттерге әсері, өндірістік процестердегі рөлі және тұтынушылардың қабылдауы талқыланады. Зерттеу нәтижелері соя ақуызын қолдану сүт өнімдерін өндірудің заманауи әдістерін дамытуға ықпал ететінін және олардың сапасын арттыратынын көрсетеді. Бұл технология функционалды және диеталық өнімдер жасауға мүмкіндік береді, сүт өнімдерінің сапасын жақсарту, өндірістік технологияны дамыту бағытында маңызды ғылыми негіз бола алады. Зерттеудің қорытынды нәтижелері соялық концентрат қосылған сүтті ақуызды өнім функционалды тағам ретінде пайдалануға жарамды екенін көрсетті. Өнімнің тағамдық құндылығы мен шикізат қолжетімділігін ескере отырып, оны өнеркәсіптік деңгейде өндіру ұсынылады.

Бесплатно

“Казферросталь” ндірісіні латырылынатын алдытарды алматы зеніне серін анытау “Алматинка”

“Казферросталь” ндірісіні латырылынатын алдытарды алматы зеніне серін анытау “Алматинка”

Дарибаев Ж.Е., Сирбаева Г.Ж., Калиева Б.К.

Статья научная

Превращение биосферы в техносферу объясняется появлением глобальных экологичес-ких кризисов, возникновение которых объясняется антропогенными факторами - загрязне-нием в больших масштабах компонентов окружающей среды - атмосферы, природных ис-точников вод и земельных ресурсов промышленными отходами. Приведены результаты исследования по выявлению влияния выбросов производства “Казферросталь”, расположен-ного в г. Алматы, в близлежащую речную воду Малая Алма-Ата. В результате проведенных работ установлено влияние промышленных выбросов на загрязнение природных водных источников ионами железа, что приводит к уменьшению кислорода.

Бесплатно

Журнал