Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета
Все статьи: 1446
Тама нерксібі ксіпорындарында ксіпкерлік туекелді тмендетуді негізгі баыттары
Статья научная
Бұл мақалада: тәуекел түрлері мен оны талдау әдістері және кәсіпкерлік тәуекелді бағалау және төмендету жолдары қарастырылған. Қазіргі таңда экономистердің пікірінше, кәсіпкерлік тәуекелді анықтау және басқару рөлінің маңыздылығын нығайту Қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мақалада автор тарапынан қаржылық және өндірістік тәуекелді басқару бойынша жан-жақ-ты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «ФудМастер Компаниясы» ЖШС - нің қаржылық жағда-йына талдау жасалынып, тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Бесплатно
Тама німдерін айнату процесіндегі жылу жне масса алмасу
Статья научная
Тамақ өнімдерін қайнату процесін есептеу үшін жылу және масса алмасу теориясын қолдану мәселелері қарастырылған. Бұл кезде өнім немесе дайындама материалдық нүкте деп қарастырылады. Дифференциялдық теңдеуді шешу арқылы өнімнің теориялық жолмен дайындалу уақытын анықтауға болады.
Бесплатно
Тама німдерін капсулалауа арналан ондыры
Статья научная
Бұл мақалада тамақ өнімдерін капсулалауға арналған қондырғы көрсетілген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты негізгі тамақ өнімдерге деген қажеттілігін тұрақты қанағаттандыру, кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Қажетті ортада еритін, емдік әсерін сақтайтын және тұтынушының талаптарына сәйкес келетін (пайдалану ыңғайлылығы, тиімділігі, қолайлы құны) қасиеттері мен сипаттамалары бар жоғары сапалы капсулаларды алу мәселесі әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Микрокапсула алуға арналған қондырғы осындай бөлшектерден жасалды: олар қуат блогы Mercury ATX Switching Power Supply-450W; аквариумды трубка; әйнек жуғыш сорғы; ажыратқышы бар айнымалы резистор 10 кОм; dc-dc тұрақты кернеуді төмендететін тұрақтандырғыш, модуль LM2596S; желатин, натрий альгинат ерітіндісі; электромагниттік араластырғыш; су бүркуге арналған пластикалық бүріккіш (форсунка); кальций хлориді ертіндісі. Капсулалау процесінің көптеген технологиялары бар. Капсулаларды тамшылату, дисклі шашырату әдістерімен алуға болады. Бұл жұмыста капсулалау материал ретінде натрий альгинаты, желатин таңдалды. Гель түзетін қоспаның сулы ерітіндісі ретінде натрий альгинаты қосылған желатин ерітіндісі қолданылды. Ең жақсы нұсқа-құрамында 0,5% алгинат және желатин бар капсулалардың құрамы, ерітінді 40°C температурада қолданылуы керек. Капсулалар тамшылы әдіспен алынды. 0,5% натрий альгинаттан алынған капсулалар жұмсақ, беті тегіс болып шықты, орташа мөлшері 2,0×10-3м болды.
Бесплатно
Таматандыру ксіпорындарындаы ызметтерді сапасын жетілдіру жолдары
Статья научная
Аталған мақалада Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру орындарында көрсетілетін қызмет көрсету сапасын жетілдіру жолдары, ерекшеліктері және қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылды. Кәсіпорындағы қызмет сапасының төмендеуіне қатысты Ресейлік бизнес - тренер және қонақжайлық-сервис мәселесіндегі консультант Н.Еремееваның берген элементтеріне өзіндік жетілдіру және жаңашылдықты енгізу кеңестері қарастырылды.
Бесплатно
Тамақ өндірісіндегі кептіру кинетикасын математикалық модельдеу
Статья научная
Зерттеу жұмысы тамақ өнімдерін кептіру кинетикасын математикалық модельдеу мәселелеріне арналған. Қазіргі кезеңде тамақ технологиясында жылу және масса алмасу процестерін терең түсіну өнім сапасын арттыру мен энергия үнемдеуді қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – кептіру процесінде жылу және масса алмасу заңдылықтарына сүйене отырып, өнімнің ылғал шығару кинетикасын сипаттайтын математикалық модель құру және оны өндірістік жағдайларда қолдану мүмкіндігін анықтау. Жұмыстың ғылыми идеясы — кептірудің физикалық процестерін математикалық теңдеулер арқылы сипаттау арқылы өнімнің сапасын сақтай отырып, технологиялық тиімділікті арттыру. Мақалада жылу және массаалмасу құбылыстарын сипаттайтын Фик, Нуссельт және Рейнольдс критерийлеріне негізделген модельдеу әдістемесі келтірілген. Модельдеуде стационарлы емес жылуөткізгіштік теңдеулері, бастапқы және шекаралық шарттар жүйесі қолданылып, дифференциалдық теңдеулер сандық әдіспен шешілді. Зерттеу нәтижесінде кептіру уақыты мен энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді режимдер анықталды. Ұсынылған модель өнімнің ылғал құрамының динамикасын дәл сипаттап, жылуалмасу аппараттарының жұмыс параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми құндылығы — кептіру кинетикасын математикалық жолмен сипаттау арқылы процестерді басқарудың негізін қалыптастыруында. Практикалық маңыздылығы — алынған модельдерді тағам өндірісінің автоматтандырылған жүйелерінде, кептіргіш аппараттардың жобалау және энергия үнемдеу технологияларын жетілдіру саласында қолдануға болады.
Бесплатно
Тамақ өнімдерін капсулалауға арналған жетілдірілген қондырғы
Статья научная
Капсулалар шашырату әдіспен жетілдірілген қоңдырғыда алынды. Ортадан тепкіш форсунка жұмыс істеу принципі оған берілген сұйықтықтың айналуына негізделген. Ағын форсункадағы сұйықтық, сұйық бөлшектердің форсункаға қатысты импульс моментінің әрекетіне байланысты, ол сұйықтық айналу кезінде пайда болады. Капсулалау материал ретінде натрий альгинаты таңдалды. Альгинат тамақ өнеркәсібі, құрғақ сусын концентраттарын алу үшін немесе фармацевтика өнеркәсібінде энтеросорбенттердің сұйық түрлерін тез дайындау үшін немесе өндірілетін әртүрлі салаларда және медицинада қолданылады. Еритін альгинаттардың тән ерекшелігі - олардың тұтқыр ерітінділер түзу қабілеті, сондықтан олар әртүрлі салаларда тиімді қоюландырғыш ретінде кеңінен қолданылады. Альгинаттар диеталық тағамдардың бөлігі ретінде диеталық талшықтың көзі ретінде де қолданылады. Тәжірибе жасау кезінде ортадан тепкіш форсунка d = 1,2×10-3 м таңдалды. Капсулалау материалын негіздеу үшін 0,5%, 0,8%, 1% концентрациядағы натрий альгинаты ерітіндісі алынды. Гель түзетін қоспа тұтқырлығы әр түрлі температурада натрий альгинаты ерітіндісінің концентрациясына тәуелділігі кезінде, 40 С° температурада тұтқырлық мөлшері ротордың айналу жиілігі үшін шамалы өзгереді, ерітіндіні пайдаланудың ең қолайлы температурасы 40 С° алынды. Тісті сорғының 39,3 с-1, 47,6 с-1 жоғары айналу жиілігінде гель түзетін қоспаның тұтқырлығы төмендейді, форсунка диаметрі 1,2×10-3 м өткізу қабілеті өнімділігі артады. Ал капсулалауға арналған материал ретінде 1% натрий альгинаты концентрациясы қабылданды, алынған капсула орташа диаметрі 1,4×10-3 м болды.
Бесплатно
Тағам өндірістерінің объектілері мен үдерістерін компьютерлік модельдеу
Статья научная
Тағам өндірістеріндегі объектілер мен процестерге математикалық модельдеуді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Объектілер мен процестерді компьютерлік модельдеудің мысалдары және математикалық модельдердің негізгі процестері келтірілген. Лимон, Апорт, Столовка алмаларынан берілген параметрдегі композитті шырын алу мысалы келтірілген. Нәтижесінде, Microsoft Excеl бағдарламасында перспективті-норма- тивті модельдеу әдісін қолдану арқылы титрлеу қышқылдығы 0,3%, С дәрумені 0,02% болатындай шырындардың қосылатын пайыздары есептелді.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақалада тағам өнімдерінің функционалдық және биологиялық құндылығын арттыру мақсатында итмұрын (Rosa spp.) өсімдігінің үш түрінен – Rosa acicularis, Rosa davurica, және Rosa rugosa алынған экстрактілердің сапалық және сандық құрамына салыстырмалы түрде бағалау жүргізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – түрлі итмұрын түрлерінен алынған табиғи экстрактілердің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтап, олардың тағамдық құндылығын айқындау және функционалдық тағам өнімдерінде қолдану мүмкіндігін негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында экстрактілердің физико-химиялық көрсеткіштері (рН, тығыздық, ерігіштік, құрғақ зат мөлшері), дәрумендер (әсіресе С дәрумені), минералдық элементтер (темір, калий, кальций және т.б.), көмірсулар (глюкоза, фруктоза, сахароза) және органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап қышқылдары) мөлшері анықталды. Экстракция екі түрлі әдіс арқылы – мацерация және ультрадыбыстық өңдеу – жүзеге асырылды, бұл әдістердің тиімділігі де салыстырмалы түрде талданды. Нәтижесінде барлық үш түрден алынған экстрактілер биологиялық белсенді заттардың жоғары концентрациясымен ерекшеленіп, олардың табиғи антиоксидант, иммуномодулятор және адаптогендік қасиеттерге ие екендігі анықталды. Салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша, Rosa acicularis түрінен алынған экстракт С дәруменінің, көмірсулардың және темірдің жоғары мөлшерімен ерекшеленіп, тағамдық мақсатта қолдануға ең тиімді нұсқа ретінде танылды. Аталған экстракт функционалдық тағамдар, профилактикалық өнімдер, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) құрамында қолдануға ғылыми негізделген табиғи ингредиент ретінде ұсынылады. Бұл зерттеу нәтижелері тағам өнеркәсібінде отандық өсімдік шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың салауатты тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық шешімдерге жол ашады.
Бесплатно
Текстиль материалдар асиетіне золь-гель композициясыны серін зерттеу
Статья научная
Антимикробты целлюлозды текстиль материалы берілген жаңа тәсілмен дайын-далды. Золь-гель әдісімен алынған целлюлозды текстиль материалдың антимикробтық белсенділігін тексеруде берілген композиция текстиль материалының қасиетіне әсері қарастырылды. Зерттеу барысында берілген золь - гель композициясы зерттелген үлгілердің ауа өткізгіштік, беріктік және қыртыстану қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Тәжірибелік маңызы жүргізілген зерттеулер бойынша берілген материал тұрмыста және төтенше жағдайдағы талаптарда, қауіпті вирустар мен бактериялармен күресу кезінде қолдануға болады.
Бесплатно
Текстиль материалдарын әрлеуге қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсетін жүзгін өсімдігін қолдану
Статья научная
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіпте синтетикалық бояғыштарды қолдану елеулі экологиялық және экономикалық проблемаларды тудырады және өте келе айқын бола түсуде. Көптеген ғылыми зерттеулерде тоқыма және былғары өнеркәсібінде бұл экологияға үлкен зиян тудыратын әрлеу процестері екендігі атап айтылған. Жеңіл өнеркәсіпте әрлеу өндірісінің экологиялық мәселелерін табысты шешу үшін тоқыма бұйымдарын, былғары мен үлбірді әрлеудің арнайы эко-технологияларын дамыту, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін уытты емес материалдарды – эко-тоқыма бұйымдарын жасауды қамтамасыз ету қажет. Жұмыстың мақсаты-осы мәселені шешудің бір бағыты ретінде жеңіл өнеркәсіп материалдарын экологиялық әрлеу үшін жергілікті өсімдік шикізатынан алынған сығындыларды қолдану. Бұл жұмыста тоқыма материалдары, аяқ киімнің үстіңгі бөліктерін, олардың түрлерін, маталардың физикалық-механикалық қасиеттерін, сондай-ақ материалдарды бояудың экологиялық әдістерін қолдану үшін қарастырылады. Зерттеу үшін Өзбекстан Республикасында өндірілген және аяқ киім өндірісінде қолданылатын әртүрлі қалыңдықтағы маталардың 5 түрлі үлгісі таңдалды: екі түрлі қалыңдықтағы стрейч маталар, джинсы және ХБ маталар және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін жүзгін өсімдігінен алынған сығындылар. Жүзгін (лат. Calligonum aphyllum) - Қазақстанның оңтүстігінде өсетін қарақұмық тұқымдасының көпжылдық тармақталған бұталарының тұқымы. Бұл өсімдіктер көптеген елдерде дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Бояу мақсатында жапырақтардан, бұтақтардан және тамырлардан сығындылар жасау жұмыстарының реттілігі анықталды. Жүзгін өсімдігінің әртүрлі бөліктерінен жасалған сығындылар арқылы маталарды әртүрлі түстермен бояуға болатыны анықталды. Жеңіл өнеркәсіпте өсімдік бояғыштарын қолдану экологияны жақсартуға және сапалы экологиялық материалдар алуға мүмкіндік береді.
Бесплатно
Текстиль материалдарының гидрофобты және олеофильді қасиеттерін қалыптастыру технологиясын зерттеу
Статья научная
Зерттеу тақырыбы мақта және аралас маталар негізінде гидрофобты және олеофильді текстиль материалдарын жасауға бағытталған. Жұмыстың негізгі мақсаты – текстиль талшықтарын гидрофобтылығы мен олеофильділігін арттыру үшін химиялық модификациялаудың тиімді әдісін әзірлеу, бұл суды мұнай ластануынан тазарту кезінде қолданыстағы текстиль материалдарының жеткіліксіз сорбциялық қабілеті мен шектеулі функционалдығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында материалдардың гидрофобтылығы мен олеофильділігін басқаруға мүмкіндік беретін натрий силикаты және калий метилсиликонатпен маталарды өңдеу әдістері зерттелді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы текстиль талшықтарының беткі қасиеттерін мақсатты түрде өзгерту мүмкіндігі және химиялық модификацияның сорбциялық сипаттамаларға әсері туралы білімді кеңейту болып табылады. Практикалық маңыздылығы суды мұнай ластануынан тазартуға және экологиялық таза сорбенттер жасауға жарамды функционалды текстиль материалдарын жасауда көрінеді. Зерттеу әдістемесінде маталарды химиялық өңдеуді, су мен майды итеру қабілеті, олардың ылғалға сіңуі және беттік сулануға төзімділік қасиеттері және мұнай өнімдерін сіңіру қабілеті бағаланды. Негізгі нәтижелер текстиль бұйымдарын өңдеу оның гидрофобтылығы мен олеофильділігін айтарлықтай арттыратынын көрсетті, ал мақта маталары ең жоғары тиімділікті көрсетеді. Модификатордың концентрациясы мен материалдың сорбциялық қасиеттері арасында байланыс орнатылған. Алынған нәтижелер модификация процесінің басқарылуын растайды және әзірленген материалдарды өнеркәсіпте қолдануға мүмкіндік береді. Жұмыстың қосқан үлесі экология мен өнеркәсіп үшін маңызы бар реттелетін қасиеттері бар функционалды текстиль сорбенттерін алудың жаңа әдісін жасау болып табылады.
Бесплатно
Тележргізушілерді телеарна бейнесін жобалау процесін зерттеу
Статья научная
Берілген ғылыми мақалада тележүргізушілердің телеарна бейнесін жобалау процесі зерттелген, сонымен қатар тележүргізушілер киіміне қойылатын талаптар қарастырыл-ды, киімдерінде тасымалданатын бөлшектердің үйлесімділігін және түрлендіру әдістерінің талаптары жобаланды, дикторлардың телеарна алдындағы бейнесін жобалау процесі қалыптастырылды.
Бесплатно
Тепловизионное обследование как способ технической диагностики теплопотерь в зданиях и сооружениях
Статья
Бесплатно
Статья научная
В данной статье обсуждаются некоторые свойства и пути создания композиционных пленок на основе тройной композиции из алициклического полиимида (ПИ), полиэтилентереф-талата и полиэтиленгликоля (ПЭТФ и ПЭГ). Исследования показали, что композиции на основе ПИ, содержащие 0,1-1 мас. % ПЭТФ и 0,75-2 мас.% ПЭГ, обладают более высокими термически-ми свойствами в сравнении с исходным ПИ. Температура начала разложения этих пленок на 20-35 оС превышает аналогичные значения исходного алициклического ПИ. Показано, что разрабо-танные тройные композиции на основе алициклического ПИ, ПЭТФ и ПЭГ обладают улучшен-ными термическими и физико-механическими свойствами. Композиционные материалы могут использоваться в электротехнической отрасли в качестве диэлектрического материала.
Бесплатно
Техникалы жоары оу орындары студенттеріні физика бойынша оу жетістіктерін арттыру
Статья научная
The article analyzes the state of the educational achievements of students in physics engineering and technology universities, the possibility of raising them, the levels of physical assimilation of knowledge and ways to improve them. The practical significance of the article is to develop science-based guidelines for teachers and students to improve academic achievement in physics. The material in this study can be used in all kinds of works of technical and technological universities, related to enhancing and assessing students' educational achievements in physics.
Бесплатно
Технологии очистки сточных вод и инвестирование проектов по их использованию
Статья научная
В статье обсуждены основные экологические и экономические проблемы, связанные с использованием различных технологий очистки сточных вод, а также пути инвестирования проектов по очистке сточных вод.
Бесплатно
Технологии производства безглютенового хлеба и национального мучного продукта теста для бешбармака
Статья научная
В статье представлены данные по подбору и биохимическому составу муки из злако вых и бобовых культур, не содержащих глютен, для производства безглютеновых хлеба и национального мучного продукта. Новизна исследований заключается в изучении влияния пи щевых добавок и улучшителей на качество разработанных безглютеновых изделий. Для практического применения предложены рецептуры безглютенового хлеб а и теста для бешбармака.
Бесплатно
Технологическая линия производства сафлорового масла
Статья научная
Данная статья посвящена разработке малогабаритной линии по производству сафлорового масла в фермерских хозяйствах и малых предприятиях зерноперерабатывающей промышленности. В составе линии применяется сепаратор - прицепникоотборник оригинальной конструкции: в каналах сепарирования, образованных зигзагообразными отражателями в процессе виброударного самосортирования разделяются сафлор и прицепник широколистный. Достижению высокого качества конечного продукта непосредственно способствует 99%-ная степень очистки сафлора от примесей, в том числе от трудноотделимых, типа прицепника широколистного.
Бесплатно
Технологическая подготовка процесса изготовления спецодежды
Статья научная
В данной статье представлена технологическая подготовка процесса изготовления специальной одежды для рабочих строительного производства, с учетом требования условия труда рабочих. Предложен новый способ обработки основных деталей спецодежды с использованием приемов малооперационной технологии и высокопроизводительного оборудования, что дает возможность усовершенствовать технологическую обработку деталей.
Бесплатно