Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета
Все статьи: 1333

Қазақстан экономикасындағы инвестиция қызметінің дамуының қазіргі кездегі теориялық аспектілері
Статья научная
Мақалада авторлардың қазіргі нарықтық қатынастардың талаптары мен заңдарына жауап беретін экономикалық агенттердің арасындағы теңдестірілген инвестициялық қатынастарды дамытудың әдіснамалық принциптері туралы нәтижелері берілген. Авторлар экономикалық дамудың динамикалық және статистикалық теориялары негізінде іске асыру процесінде инвестициялық қатынастар жүйесін талдау міндеттерін қарастырады, ұлттық экономиканың факторлық талдауын, инновациялық-инвестициялық дамуын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, бұл инвестициялық ресурстардың экономикалық шығындарын азайту мақсатында сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне мезгілінде ықпал етуге мүмкіндік береді. Елімізде жаһандану жағдайында халықаралық нарықта табысты бәсекелесе алатын ұлттық өндірушілер арқылы тиімділік деңгейін және экономиканың өсу қарқынын айқындайтын салалар кешенін құруға мүмкіндік беретін ұлттық капиталды қалыптастыру негізінде инвестициялық-инновациялық дамудың тұтас, принципті жаңа тұжырымдамасы әзірленді.
Бесплатно

Қазақстандағы интернет-провайдер қызмет жүйесінің талдауы
Статья научная
Мақалада Қазақстан Интернет-провайдер жүйесіне талдау жасалынған. Интернет провайдар ұғымының анықтамасы, олар ұсынатын қызмет көрсетулер, интер-нет- провайдерлер типтері келтірілген. Қазақстандағы интернет-провайдерлер қызметі туралы ақпараттар келтіріліп, қазіргі таңда қолданыстағы интернет-провайдерлер тізімі ұсынылған. Интернет-провайдерлерді таңдауға ұсыныстар берілген. Аталған ұсыныстар Қазақстандағы интернет-провайдер қызмет жүйесіне жылдам бағдарлануға және таңдауға мүмкіндік береді.
Бесплатно

Қамыр илеу машинасында қамырдың ылғалдығын реттеу үшін оптималды параметрлерді анықтау
Статья научная
Автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығы және реттеу сапалығы әдетте реттеуіштердің баптау параметрлерінің мәндеріне тәуелді болып келеді. Сол себепті реттеуіштерге практикалық қолданыста қойылатын талаптардың бірі – автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығын және реттеу сапалығын қамтамасыз ететіндей баптау параметрлерінің мәндерін тағайындау. Мақалада қамыр илеу машинасында қолданылатын қамыр ылғалдығын тұрақтандырушы реттеуіштің оптималды баптау параметрлерін ұлғайтылған жиіліктік сипаттама негізінде табу қарастырылған.
Бесплатно

Қауыннан кептірілген –қақталған өнімдерді әзірлеу үдерісін зерттеу
Статья научная
Қазақстанда бау-бақша дақылдарын өсірумен негізінен шаруа, фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер айналысады, ал тұрғындар өз бақшалары мен саяжайларында өсіреді және бұлардың міндеті өсірілген жемістерді, көкөністер мен көктерді сақтау және өңдеу болып табылады. ҚР Президентінің 2024 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтауды сапалы деңгейге көтеру «мемлекет үшін стратегиялық міндет» деп нақты атап айтылды.Сонымен қатар, елімізде өндірілетін бау-бақша өнімдерін инновациялық жолдармен сапасын халықаралық сұранысқа келтіріп сыртқы елдерге экспорттауға жеткізу қазіргі заманымыздың талабы. Бау-бақша дақылдарын өсіретін негізгі өңірлер: Түркістан облысы 59%, Жамбыл облысы 19,7%, Қызылорда (6,9%) өсіріледі. Қазақстанның осы өңірлерінің шаруа, фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері өткен 2024 жылы бақша, жеміс-көкөніс дақылдарының рекордтық өнімін алды, бірақ оларды жергілікті жерлерде толық өңдеуге және сақтауға мүмкіндікшілері болмады. Осыған байланысты мақалада шешу жолдарын қарастырып үсынып отырғанымыз жылжымалы күн кептіру қондырғысын пайдалануын негіздеу болып табылады. Ол бақша және жеміс-көкөніс дақылдарын бастапқы өңдеудің инновациялық тәсілдерін қолданатын жылжымалы күн кептіру қондырғысының жүйелерін пайдалануын қарастырылады. Қондырғы күн энергиясымен жұмыс істейді, бұл экономикалық бағалау көрсеткендей, дамыған технология фермалар үшін қол жетімділігі мен тартымдылығын арттыра отырып, қайта өңдеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Үсынып отырғанымыз күн энергиясын және инновациялық тәсілдерді пайдаланатын жылжымалы кептіру қондырғысын әзірлеу, ол бақша және жеміс- көкөніс дақылдарын, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеуді жұмыстарын жақсарту мен сақтау үшін маңызды бағыт болып табылады.
Бесплатно

Қауынқұрт ұлттық өнімінің сапа көрсеткіштерін зерттеу
Статья научная
Бұл ғылыми зерттеу жұмысы дәстүрлі тағамдарды жаңғырту арқылы экологиялық таза, биологиялық белсенді қосылыстарға бай өнімдер жасаудың өзектілігін көрсетеді. Қауынқұрт – сүзбе мен қауын қоспасынан дайындалатын дәстүрлі ұлттық тағам түрі. Зерттеу мақсаты – қауынқұрттың түрлі рецептураларын салыстыра отырып, оның оңтайлы құрамын анықтау және сапалық, қауіпсіздік көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Жұмыста халық арасында «Торпеда» деп аталып кеткен «Мырзашөл» тұқымы және «Колхозница», яғни әңгелек қауын сорттары мен сүзбенің 2:1 және 1:1 қатынастарында дайындалды. Өнімнің физика-химиялық, органолептикалық және қауіпсіздік параметрлері зерттелді. Қауынқұрттың құрғақ зат мөлшері гравиметриялық әдіспен кептіргіш шкафта 102°C температурада тұрақты салмаққа жеткенше кептіру арқылы, ақуыз мөлшері Къелдаль әдісімен, майлылығы Сокслет әдісімен, қышқылдығы титрлеу әдісімен, пектинді заттар МЕМСТ 29059-91 сәйкес титрлеу әдісімен анықталды. Ақуыздың, майдың салмақ үлесі, пектинді заттар сен С дәруменінің мөлшері бойынша «Торпеда» сұрпы «Колхозница» сұрпымен салыстырғанда артықшылықтарға ие болды. Нәтижесінде 2:1 қатынаста дайындалған қауынқұрт үлгілері жоғары сенсорлық бағаланып, нитрат пен ауыр металл мөлшері айтарлықтай азайғаны анықталды. Бұл қауынқұрт өнімін экологиялық таза, функционалды тағам ретінде қолдануға болатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері ұлттық тағамдарды жаңғыртудың ғылыми және практикалық негізін қалайды.
Бесплатно

Қой етінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу
Статья научная
Берілген зерттеудің мақсаты қой етінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құра-мын зерттеу болып табылады. Жүргізілген ғылыми-практикалық тәжірибе көрсеткендей,Еділбай және Алтай тұқымды қойларға қарағанда Дегерес тұқымды қойлардың өсу қуаты, ең жақсы ет сапасы және өсіру кезінде жоғары экономикалық тиімділігі сипатталады. Жалпы алғанда, жүн тектес Дегерес тұқымды қой етін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі –шаруашылықта ерте мерзімде пайдаланудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілгентұқымдықойларыетінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу кезінде еттің қазақша бөлінуінің ерекшеліктері ескерілді.
Бесплатно

Құс етін мұздату және еріту циклдерінің санын анықтаудың жаңа экспресс-әдісі
Статья научная
Сақтау мен тасымалдаудың, сондай-ақ оны тұтынушыға жеткізудің түрлі кезеңдерінде темпе- ратураның ауытқуы құс етінің сапасы мен оның тағамдық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді. Құс етін көп қайтара мұздату және еріту жағдлайлары жасуша бүтіндігінің бұзылуына немесе ақуыздың табиғи- сыздануына әкеп соқтырады, бұл ылғалдың өніммен байланысу формалары қатынасының өзгеруімен ұштасады. Осыған байланысты құс етін мұздату және еріту фактілерін анықтау, қайталап мұздату циклдері санын айқындау секілді өзекті міндет туындайды. Бұл мақала құс шаруашылығы өнімдерінің тіршілік кезеңінде бройлердің неше рет мұздатылып-ерітілгендігін анықтаудың жаңа экспресс-әдісінің жасалуына арналған. «Мұздату-еріту» циклдері санының артуына қарай дифференциалды сканерлеу калориметриясы (ДСК) қисығының ең биік нүктесінің ауданы электрлі есеңгірету жағдайында 206,4-тен 192,6 кДж/мольге дейін, газды есеңгірету жағдайында 168,6-дан 151,5 кДж/мольге дейін кішірейеді, сонымен қатар ең жоғарғы еру нүктесінің температурасы электрлі есеңгірету жағдайында 5,7-ден 5,2оС-қа дейін, ал газды есеңгірету жағдайында 5,0-ден 4,0оС-қа дейін төмендейді. DSС температуралық бағдарламасы, оны судың фазалық түрленуімен ұштасатын бройлерді өңдеу және сақтау процестерін бақылау үшін пайдалану жөнінде ұсыныстар жасалды.
Бесплатно

Үйрек етінен жасалған орама өнімдерінің технологиясы
Статья научная
Қазіргі таңда Қазақстанда үйрек өсіру мен үйрек етін пайдалану ереше орны алып келеді. Оларды тауықтармен салыстырғанда, өсіру оңайырақ болады, өйткені өндіру құнын төмендетеді. Зерттеу барысында үйрек етінен жасалған рулет технологиясы, үйрек етінен дайындалған ет рулетінің органолептикалық көрсеткіштері, химиялық құрамы және ет рулетінің тәжірибелік үлгілерінің май - қышқылдық құрамы қарастырылады. Еттің тұздықта жетілуі және өнім құрамында ерітілген құс майы өнімнің дәмі мен иісіне, консистенциясына оң әсерін тигізеді. Бұл жағдайда композиция құрамында натрий нитритінің қолданылумен жүреді. Тұздық ингредиенттері мен гидратирленген ақуыз компоненттері бірігіп спецификалық үйрек етінің иісін жойып қана қоймай, дайын өнімге хош аромат пен дәм береді. Зерттелген өнімдердің аминқышқылдық құрамын салыстырғанда тәжірибелік үлгідегі амин қышқылдар құрамы организм қажеттілігін толықтай қанағаттандырады, ал бақылау тобында аминқышқылдар сәл жетіспейтіні белгілі болды. Үйрек етінен ақуызды байытқыш қосылып дайындалған ет рулетінің дайындау технологиясы жасап шығарылды, дайын өнімді өндірудің технологиялық режимі анықталды. Үйрек етінің көлемін арттырған сайын ылғал мен ақуыз массалық үлесі кемиді, және майдың массалық үлесі артады. Турама өнімдерді жылумен өңдегенде дайын өнімде ылғал шығыны орта шамамен бақылау үлгіде 19,9% құрады, ал тәжірибе үлгілерде ылғал шығыны 2,7%-дан 0,3% дейін өзгеріп отырды.
Бесплатно

Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) майлы экстрактымен спрейдің оңтайлы құрамын таңдау
Статья научная
Қазақстанның 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, отандық дәрілік заттардың үлесін 30%-ға дейін арттыру көзделген. Осы бағытта Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) өсімдігінен дәрілік заттар өндіру маңызды. Бұл өсімдік ежелден тері ауруларын, әсіресе вирустық герпесті, экземаны және сүйелді емдеу үшін қолданылып келеді. Оның құрамындағы биологиялық белсенді заттар қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсерге ие, сондай-ақ қатерлі ісіктердің өсуін тежеу қасиеті анықталған. Үлкен сүйелшөптің негізінде спрей түріндегі дәрілік форма жасау, тері ауруларын тиімді емдеуді қамтамасыз ететін перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Қажетті эмульгаторды таңдау – майлы экстрактыға эмульгаторды қосқанда, ерітінді компоненттерінің бірігуі және 1 тәулікте түзілген шөгінді мөлшері мен оны шайқағанда оңай бастапқы қалпына келуіне байланысты таңдалды. Зерттеу барысында 7 түрлі эмульгатор сыналды. Дұрыс таңдалған эмульгатормен майлы экстрактымен спрейдің бірнеше үлгісінің құрамдары жасалынды. Оңтайлы спрей құрамын таңдау ҚР МФ-дағы әдістермен жүргізілді. Нәтижесіне келсек спрей жасау үшін майлы экстрактқа үйлесімді эмульгатор таңдау мақсатында бірнеше нұсқа сыналды, олардың ішінде ең жақсы нәтиже Твин-80 негізіндегі композиция көрсетті. Бұл эмульгатор құрамдас бөліктерді жылдам эмульсиялап, түссіз, біртекті жүйе түзді және сақтау кезінде түзілген тұнба шайқағаннан кейін оңай қалпына келтірілді. Басқа эмульгаторлар біртекті жүйе құра алмады немесе тұрақтылығы төмен болды, сондықтан зерттеу үшін Твин-80 негізіндегі композиция таңдалды. Үлкен сүйелшөп майлы экстракты негізінде спрей жасау үшін түрлі көмекші заттар сыналды, олардың ішінде 8-композиция оңтайлы деп танылды. Бұл композиция ПЭО негізінде жасалып, суыққа және термиялық тұрақтылық сынақтарынан сәтті өтті, органолептикалық қасиеттерін сақтап, шөгінді түзілуін болдырмады. Қалған композициялар тұрақтылық, рН немесе консистенция бойынша талаптарға сәйкес келмеді, сондықтан әрі қарай зерттеу 8-композициямен жалғастырылды.
Бесплатно

Статья научная
Бұл мақалада қазақ бактриан тұқымды түйе сүтінен өздігінен ашыту процесі нәтижесінде алынған шұбаттың басымды микрофлорасын зерттеуге және сипаттауға бағытталған. Шұбат сынамалары құрамында микроағзалардың ішінде сүтқышқылды бактериялар және ашытқылар саны басым болды. The NovaSeq 6000 Sequencing System құрылғысын қолдану арқылы сүтқышқылды бактериялардың келесідей изоляттары анықталды: Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium, Lactobacillus helveticus, Leuconstoc lactis, Enterococcus feacalis, Lactobacillus brevis және Weissella hellenica және де мынадай ашытқы изоляттары: Kluyveromyces marxianus, Kazahstan uiosporus және Candida kefir. Нәтижесінде Lactobacillus пен Enterococcus, Kluyveromyces басымды микроорганизмдер тобы болды. Ең көп оқшауланған түрлері Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium және Kluyveromyces maxius.
Бесплатно

Өсімдік сүтін өндіруге арналған шикізатты таңдау негіздемесі
Статья научная
Мақалада «И.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің «Сыр сылуы», «Айкерім», «Маржан» селекциялық сұрыптарындағы күріштің сапасын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерт-теу барысында күріш үлгілері физика-химиялық, биохимиялық, технологиялық қасиеттері мен қауіп-сіздік көрсеткіштері бағаланды. Барлық зерттелген күріш дәндерінің үлгілері қауіпсіздік көрсеткіші бойынша «Астық қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді. Осы ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырудың нәтижесі халықтың дұрыс және қауіпсіз тамақтануы үшін сусындардың ассортиментін кеңейту болып табылады.
Бесплатно

Статья научная
Бұл мақалада XXI ғасырдағы тамақтанудың өзекті мәселелері, атап айтқанда, жартылай ет фабрикаттарының сапасы, тағамдық және биологиялық қауіпсіздігі, сондай-ақ экологиялық тиімділігі қарастырылады. Салауатты және тиімді тамақтанудың маңыздылығы, әсіресе ересектер, балалар және жасөспірімдер үшін ерекше атап өтіледі. Мақалада қауіпсіздік жүйесіне негізделген экологиялық таза, қоректік және пайдалы өнімдерді ұсынудың жаңа тенденциялары талқыланады. Жартылай ет фабрикаттарының сапасы мен экологиялық тиімділігінің оңтайлы шарттары, оның ішінде өндіріс және өңдеу процестерінің ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жасалады. Кәсіби дайындалған жартылай фабрикаттардың жоғары сапасының арқасында, әсіресе ақыл-ой еңбегімен айналысатын ересектер, оқушылар мен жасөспірімдердің негізгі тамақтануға дейін аштық сезімін бастан кешірмеуі қамтамасыз етілетіні көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада жартылай ет фабрикаттарының тағамдық құндылығы, биологиялық қауіпсіздігі және экологиялық тиімділігіне қойылатын талаптар мен стандарттарға назар аударылады. Өндіріс технологиясын жетілдіру, экологиялық таза өндіріс принциптерін енгізу және ет өнімдерін дұрыс сақтау мен өңдеудің ережелеріне баса назар аударылады. Жаңа үрдіс ретінде өсімдік тектес компоненттерді қолдана отырып жартылай ет фабрикаттарын өндіру арқылы тағамдық қауіпсіздікке, экологиялық тиімділікке және оңтайлы тамақтануға қол жеткізуге болады, ол қолданбалы тиімділікті қамтамасыз етеді. Мақала өндірушілерге, тұтынушыларға және салауатты тамақтану саласының мамандарына пайдалы ақпарат береді.
Бесплатно

“Казферросталь” ндірісіні латырылынатын алдытарды алматы зеніне серін анытау “Алматинка”
Статья научная
Превращение биосферы в техносферу объясняется появлением глобальных экологичес-ких кризисов, возникновение которых объясняется антропогенными факторами - загрязне-нием в больших масштабах компонентов окружающей среды - атмосферы, природных ис-точников вод и земельных ресурсов промышленными отходами. Приведены результаты исследования по выявлению влияния выбросов производства “Казферросталь”, расположен-ного в г. Алматы, в близлежащую речную воду Малая Алма-Ата. В результате проведенных работ установлено влияние промышленных выбросов на загрязнение природных водных источников ионами железа, что приводит к уменьшению кислорода.
Бесплатно