Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета
Все статьи: 1417
Қауынқұрт ұлттық өнімінің сапа көрсеткіштерін зерттеу
Статья научная
Бұл ғылыми зерттеу жұмысы дәстүрлі тағамдарды жаңғырту арқылы экологиялық таза, биологиялық белсенді қосылыстарға бай өнімдер жасаудың өзектілігін көрсетеді. Қауынқұрт – сүзбе мен қауын қоспасынан дайындалатын дәстүрлі ұлттық тағам түрі. Зерттеу мақсаты – қауынқұрттың түрлі рецептураларын салыстыра отырып, оның оңтайлы құрамын анықтау және сапалық, қауіпсіздік көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Жұмыста халық арасында «Торпеда» деп аталып кеткен «Мырзашөл» тұқымы және «Колхозница», яғни әңгелек қауын сорттары мен сүзбенің 2:1 және 1:1 қатынастарында дайындалды. Өнімнің физика-химиялық, органолептикалық және қауіпсіздік параметрлері зерттелді. Қауынқұрттың құрғақ зат мөлшері гравиметриялық әдіспен кептіргіш шкафта 102°C температурада тұрақты салмаққа жеткенше кептіру арқылы, ақуыз мөлшері Къелдаль әдісімен, майлылығы Сокслет әдісімен, қышқылдығы титрлеу әдісімен, пектинді заттар МЕМСТ 29059-91 сәйкес титрлеу әдісімен анықталды. Ақуыздың, майдың салмақ үлесі, пектинді заттар сен С дәруменінің мөлшері бойынша «Торпеда» сұрпы «Колхозница» сұрпымен салыстырғанда артықшылықтарға ие болды. Нәтижесінде 2:1 қатынаста дайындалған қауынқұрт үлгілері жоғары сенсорлық бағаланып, нитрат пен ауыр металл мөлшері айтарлықтай азайғаны анықталды. Бұл қауынқұрт өнімін экологиялық таза, функционалды тағам ретінде қолдануға болатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері ұлттық тағамдарды жаңғыртудың ғылыми және практикалық негізін қалайды.
Бесплатно
Қой етінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу
Статья научная
Берілген зерттеудің мақсаты қой етінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құра-мын зерттеу болып табылады. Жүргізілген ғылыми-практикалық тәжірибе көрсеткендей,Еділбай және Алтай тұқымды қойларға қарағанда Дегерес тұқымды қойлардың өсу қуаты, ең жақсы ет сапасы және өсіру кезінде жоғары экономикалық тиімділігі сипатталады. Жалпы алғанда, жүн тектес Дегерес тұқымды қой етін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі –шаруашылықта ерте мерзімде пайдаланудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілгентұқымдықойларыетінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу кезінде еттің қазақша бөлінуінің ерекшеліктері ескерілді.
Бесплатно
Қонақжүгері енгізілген бордақылайтын жас ірі қараға арналған құрама жем рецептерін жасау
Статья научная
Мақалада бордақылайтын жас ірі қараға арналған құрама жем құрамындағы кең қолданылатын жемдік жүгерінің орнына қуаңшылыққа төзімді жергілікті жемдік қонақжүгеріні енгізу қарастырылды. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында мал азықтық дәнді дақылдарды өсіруді дамытудың әлеуеті зор. Қазақстандағы қонақжүгері нарығы қарқынды дамып келеді, бұл аграрлық сектор тарапынан өсіп келе жатқан қызығушылықпен сипатталады. Климатты және егіс алқаптарының ұлғаюын ескере отырып, қонақжүгері дәстүрлі дәнді дақылдарға тартымды баламаға айналуда. Қазақстанның дәнді және қантты қонақжүгері сорттарын және шетелдік селекцияны зерттеу негізінде олардың негізгі экономикалық құнды белгілеріне баға берілді. Қонақжүгерінің «Волжское 51» және «Сажен» сорттары жоғары өнімділігімен, сабағының шырынындағы қанттың максималды мөлшерімен, сондай-ақ құрғақ зат пен дәннің мол өнімімен ерекшеленеді. Бұл сорттарды ғылыми мекемелер (селекциялық орталықтар) селекцияда жаңа сортты құрудың бас нысандары ретінде пайдаланады және Солтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдары мен шаруа қожалықтарына ұсынады. Әдебиет деректері қонақжүгерінің қуаңшылыққа төзімді, қоректік құндылығының жоғары екендігін және басқа азық түрлерін алмастыра алатындығын, мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететіндігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері әртүрлі аудандарда өнімділігі жоғары қонақжүгері сорттарын пайдаланудың кең перспективасын көрсетеді. Бордақылайтын жас ірі қараға арналған тәжірибе құрама жеміндегі жемдік жүгеріні 25%, 50%, 75% және 100% қонақжүгерімен алмастыру рецебін есептеу нәтижесі 100 кг жемдегі жемдік бірлік көрсеткіші тәжірибе үлгілерінде бақылаумен салыстырғанда төмендегенін, алайда норма талабына сай екендігін, ал шикі протеин мөлшерінің бақылау нұсқасымен салыстырғанда тәжірибе топтарында жоғарылағаны байқалды.
Бесплатно
Құс етін мұздату және еріту циклдерінің санын анықтаудың жаңа экспресс-әдісі
Статья научная
Сақтау мен тасымалдаудың, сондай-ақ оны тұтынушыға жеткізудің түрлі кезеңдерінде темпе- ратураның ауытқуы құс етінің сапасы мен оның тағамдық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді. Құс етін көп қайтара мұздату және еріту жағдлайлары жасуша бүтіндігінің бұзылуына немесе ақуыздың табиғи- сыздануына әкеп соқтырады, бұл ылғалдың өніммен байланысу формалары қатынасының өзгеруімен ұштасады. Осыған байланысты құс етін мұздату және еріту фактілерін анықтау, қайталап мұздату циклдері санын айқындау секілді өзекті міндет туындайды. Бұл мақала құс шаруашылығы өнімдерінің тіршілік кезеңінде бройлердің неше рет мұздатылып-ерітілгендігін анықтаудың жаңа экспресс-әдісінің жасалуына арналған. «Мұздату-еріту» циклдері санының артуына қарай дифференциалды сканерлеу калориметриясы (ДСК) қисығының ең биік нүктесінің ауданы электрлі есеңгірету жағдайында 206,4-тен 192,6 кДж/мольге дейін, газды есеңгірету жағдайында 168,6-дан 151,5 кДж/мольге дейін кішірейеді, сонымен қатар ең жоғарғы еру нүктесінің температурасы электрлі есеңгірету жағдайында 5,7-ден 5,2оС-қа дейін, ал газды есеңгірету жағдайында 5,0-ден 4,0оС-қа дейін төмендейді. DSС температуралық бағдарламасы, оны судың фазалық түрленуімен ұштасатын бройлерді өңдеу және сақтау процестерін бақылау үшін пайдалану жөнінде ұсыныстар жасалды.
Бесплатно
Үйрек етінен жасалған орама өнімдерінің технологиясы
Статья научная
Қазіргі таңда Қазақстанда үйрек өсіру мен үйрек етін пайдалану ереше орны алып келеді. Оларды тауықтармен салыстырғанда, өсіру оңайырақ болады, өйткені өндіру құнын төмендетеді. Зерттеу барысында үйрек етінен жасалған рулет технологиясы, үйрек етінен дайындалған ет рулетінің органолептикалық көрсеткіштері, химиялық құрамы және ет рулетінің тәжірибелік үлгілерінің май - қышқылдық құрамы қарастырылады. Еттің тұздықта жетілуі және өнім құрамында ерітілген құс майы өнімнің дәмі мен иісіне, консистенциясына оң әсерін тигізеді. Бұл жағдайда композиция құрамында натрий нитритінің қолданылумен жүреді. Тұздық ингредиенттері мен гидратирленген ақуыз компоненттері бірігіп спецификалық үйрек етінің иісін жойып қана қоймай, дайын өнімге хош аромат пен дәм береді. Зерттелген өнімдердің аминқышқылдық құрамын салыстырғанда тәжірибелік үлгідегі амин қышқылдар құрамы организм қажеттілігін толықтай қанағаттандырады, ал бақылау тобында аминқышқылдар сәл жетіспейтіні белгілі болды. Үйрек етінен ақуызды байытқыш қосылып дайындалған ет рулетінің дайындау технологиясы жасап шығарылды, дайын өнімді өндірудің технологиялық режимі анықталды. Үйрек етінің көлемін арттырған сайын ылғал мен ақуыз массалық үлесі кемиді, және майдың массалық үлесі артады. Турама өнімдерді жылумен өңдегенде дайын өнімде ылғал шығыны орта шамамен бақылау үлгіде 19,9% құрады, ал тәжірибе үлгілерде ылғал шығыны 2,7%-дан 0,3% дейін өзгеріп отырды.
Бесплатно
Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) майлы экстрактымен спрейдің оңтайлы құрамын таңдау
Статья научная
Қазақстанның 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, отандық дәрілік заттардың үлесін 30%-ға дейін арттыру көзделген. Осы бағытта Үлкен сүйелшөп (Chelidonium majus L.) өсімдігінен дәрілік заттар өндіру маңызды. Бұл өсімдік ежелден тері ауруларын, әсіресе вирустық герпесті, экземаны және сүйелді емдеу үшін қолданылып келеді. Оның құрамындағы биологиялық белсенді заттар қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсерге ие, сондай-ақ қатерлі ісіктердің өсуін тежеу қасиеті анықталған. Үлкен сүйелшөптің негізінде спрей түріндегі дәрілік форма жасау, тері ауруларын тиімді емдеуді қамтамасыз ететін перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Қажетті эмульгаторды таңдау – майлы экстрактыға эмульгаторды қосқанда, ерітінді компоненттерінің бірігуі және 1 тәулікте түзілген шөгінді мөлшері мен оны шайқағанда оңай бастапқы қалпына келуіне байланысты таңдалды. Зерттеу барысында 7 түрлі эмульгатор сыналды. Дұрыс таңдалған эмульгатормен майлы экстрактымен спрейдің бірнеше үлгісінің құрамдары жасалынды. Оңтайлы спрей құрамын таңдау ҚР МФ-дағы әдістермен жүргізілді. Нәтижесіне келсек спрей жасау үшін майлы экстрактқа үйлесімді эмульгатор таңдау мақсатында бірнеше нұсқа сыналды, олардың ішінде ең жақсы нәтиже Твин-80 негізіндегі композиция көрсетті. Бұл эмульгатор құрамдас бөліктерді жылдам эмульсиялап, түссіз, біртекті жүйе түзді және сақтау кезінде түзілген тұнба шайқағаннан кейін оңай қалпына келтірілді. Басқа эмульгаторлар біртекті жүйе құра алмады немесе тұрақтылығы төмен болды, сондықтан зерттеу үшін Твин-80 негізіндегі композиция таңдалды. Үлкен сүйелшөп майлы экстракты негізінде спрей жасау үшін түрлі көмекші заттар сыналды, олардың ішінде 8-композиция оңтайлы деп танылды. Бұл композиция ПЭО негізінде жасалып, суыққа және термиялық тұрақтылық сынақтарынан сәтті өтті, органолептикалық қасиеттерін сақтап, шөгінді түзілуін болдырмады. Қалған композициялар тұрақтылық, рН немесе консистенция бойынша талаптарға сәйкес келмеді, сондықтан әрі қарай зерттеу 8-композициямен жалғастырылды.
Бесплатно
Әрлеудің былғары құрылымына әсерін ИҚ-спектроскопиялық әдісі арқылы анықтау
Статья научная
Бұл мақалада былғарының әрлеу процесінің оның құрылымдық қасиеттеріне әсері ИК спектроскопиялық әдіспен зерттелді. Зерттеу барысында әрленген және әрленбеген былғары үлгілерінің инфрақызыл спектрлері салыстырылды. Зерттеу Shimadzu IRPrestige-21 ИК-Фурье спектрометрімен жүргізілді. Талдау үшін Pike Technologies компаниясының Miracle типті қосымшасы пайдаланылды. Әр үлгінің спектрлері 4000–400 см⁻¹ диапазонында алынды. Талдау алынған спектрлердегі негізгі сіңіру жолақтары (шыңдары) бойынша жасалды. Зерттеу жұмыстары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу Университетінде орналасқан «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» инженерлік зертханасында жүзеге асырылды. Нәтижесінде әрлеу кезінде полимерлі қабықтың түзілуі, коллаген құрылымының белгілі бір дәрежеде өзгеруі және химиялық байланыстардың қарқындылығының төмендеуі анықталды. Алынған деректер былғарыны әрлеу процесі материалдың беткі қабатындағы химиялық байланыстардың қайта құрылуына және жалпы құрылымының молекулалық деңгейде өзгеруіне әкелетінін дәлелдеді. Амидтік топтардың (–C=O, –NH) тербеліс жолақтарының аздап ығысуы байқалды, бұл коллаген тізбектерінің ішінара модификацияланғанын көрсетеді. Әрленген үлгінің сыртқы қабатында 1735–1740 см−1 жиілігінде жұтылу жолақтарының пайда болуы оның полимерлік құрамында карбонил (C=O) функционалдық топтарының түзілгенін айқындайды. Нәтижелерді негізге ала отырып, былғарының сапалық қасиеттерін сақтау мақсатында әрлеу жұмыстарында қолданылатын құрамды одан әрі зерттеп, жетілдіру ұсынылады.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақалада қазақ бактриан тұқымды түйе сүтінен өздігінен ашыту процесі нәтижесінде алынған шұбаттың басымды микрофлорасын зерттеуге және сипаттауға бағытталған. Шұбат сынамалары құрамында микроағзалардың ішінде сүтқышқылды бактериялар және ашытқылар саны басым болды. The NovaSeq 6000 Sequencing System құрылғысын қолдану арқылы сүтқышқылды бактериялардың келесідей изоляттары анықталды: Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium, Lactobacillus helveticus, Leuconstoc lactis, Enterococcus feacalis, Lactobacillus brevis және Weissella hellenica және де мынадай ашытқы изоляттары: Kluyveromyces marxianus, Kazahstan uiosporus және Candida kefir. Нәтижесінде Lactobacillus пен Enterococcus, Kluyveromyces басымды микроорганизмдер тобы болды. Ең көп оқшауланған түрлері Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium және Kluyveromyces maxius.
Бесплатно
Өскен дәнді дақылдарды пайдалану арқылы нанның технологиясын жасау
Статья научная
Теңгерімді және дұрыс тамақтану – қазіргі адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Адамдар ақуыздар, дәрумендер мен минералды заттарды аз тұтынған жағдайда, олардың тамақтану құрылымы өзгереді, бұл өз кезегінде құрамында осы жетіспейтін заттары бар өнімдерді жасау қажеттілігін туындатады. Мұндай жағдайлардың туындау себептері әртүрлі: әлеуметтік жағдайға, адамдардың өмір сүру салты мен ең бастысы – дұрыс тамақтану туралы білімнің аздығына байланысты. Қазіргі кезде өндірісте арзан, жаппай тұтынуға арналған нан өнімдері басым. Ал емдік-диеталық және алдын алу мақсатындағы өнімдер жеткіліксіз көлемде шығарылады, бұл нан-тоқаш бұйымдарын өндіру көлемінің төмендеуі аясында алаңдаушылық тудырады. Функционалды тамақ өнімдерін өндірудің тиімді бағыттарының бірі – құрамында қосымша қоректік заттары бар дәнді дақыл өнімдерін шығару. Шикізат бағасының төмен болуына байланысты мұндай өнімдер халықтың кең тобына қолжетімді және дәстүрлі өнімдерді алмастыра алады. Өндірісте өскен дәндердің нарықтағы жағдайын және даму болашағын талдай отырып, таңдалған өнім нанның тағамдық құндылығын арттырып, оның дәмдік қасиеттерін жақсарта алады. Мақалада өскен жасыл қарақұмық қосылған нанның рецептурасы, органолептикалық және физика-химиялық қасиеттері толық қарастырылады.
Бесплатно
Өсімдік сүтін өндіруге арналған шикізатты таңдау негіздемесі
Статья научная
Мақалада «И.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің «Сыр сылуы», «Айкерім», «Маржан» селекциялық сұрыптарындағы күріштің сапасын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерт-теу барысында күріш үлгілері физика-химиялық, биохимиялық, технологиялық қасиеттері мен қауіп-сіздік көрсеткіштері бағаланды. Барлық зерттелген күріш дәндерінің үлгілері қауіпсіздік көрсеткіші бойынша «Астық қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді. Осы ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырудың нәтижесі халықтың дұрыс және қауіпсіз тамақтануы үшін сусындардың ассортиментін кеңейту болып табылады.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақалада XXI ғасырдағы тамақтанудың өзекті мәселелері, атап айтқанда, жартылай ет фабрикаттарының сапасы, тағамдық және биологиялық қауіпсіздігі, сондай-ақ экологиялық тиімділігі қарастырылады. Салауатты және тиімді тамақтанудың маңыздылығы, әсіресе ересектер, балалар және жасөспірімдер үшін ерекше атап өтіледі. Мақалада қауіпсіздік жүйесіне негізделген экологиялық таза, қоректік және пайдалы өнімдерді ұсынудың жаңа тенденциялары талқыланады. Жартылай ет фабрикаттарының сапасы мен экологиялық тиімділігінің оңтайлы шарттары, оның ішінде өндіріс және өңдеу процестерінің ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жасалады. Кәсіби дайындалған жартылай фабрикаттардың жоғары сапасының арқасында, әсіресе ақыл-ой еңбегімен айналысатын ересектер, оқушылар мен жасөспірімдердің негізгі тамақтануға дейін аштық сезімін бастан кешірмеуі қамтамасыз етілетіні көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада жартылай ет фабрикаттарының тағамдық құндылығы, биологиялық қауіпсіздігі және экологиялық тиімділігіне қойылатын талаптар мен стандарттарға назар аударылады. Өндіріс технологиясын жетілдіру, экологиялық таза өндіріс принциптерін енгізу және ет өнімдерін дұрыс сақтау мен өңдеудің ережелеріне баса назар аударылады. Жаңа үрдіс ретінде өсімдік тектес компоненттерді қолдана отырып жартылай ет фабрикаттарын өндіру арқылы тағамдық қауіпсіздікке, экологиялық тиімділікке және оңтайлы тамақтануға қол жеткізуге болады, ол қолданбалы тиімділікті қамтамасыз етеді. Мақала өндірушілерге, тұтынушыларға және салауатты тамақтану саласының мамандарына пайдалы ақпарат береді.
Бесплатно
Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдана отырып, граноланың сапасын зерттеу
Статья научная
Өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану арқылы дайындалған граноланың сапасына салыстырмалы зерттеу жүргізілді (№1 және №2 үлгілер негізінде). №2 гранола үлгісі ақуыз мөлшерінің жоғары болуымен сипатталады (13,69% — №1-дегі 13,03%-ға қарсы), май (15,44% — 15,60%-ға қарсы), көмірсулар (47,84% — 44,43%-ға қарсы) және тағамдық талшықтар (8,31% — 7,42%-ға қарсы) мөлшерінің артуымен ерекшеленеді, бұл оның дәнді-өсімдік композициясы ретінде функционалдық бағыттылығын күшейтеді. Витаминдік профиль №2 үлгіде А витамині мөлшерінің (0,61 мг/100 г) №1 үлгімен (0,51 мг/100 г) салыстырғанда статистикалық тұрғыдан сенімді жоғарылағанын көрсетті, ал Е витамині мөлшері төмендеген (тиісінше 5,32 және 6,71 мг/100 г), сондай-ақ В тобы витаминдерінің арту үрдісі байқалды. №2 үлгісіндегі полифенолдар мен флавоноидтардың жалпы мөлшері тиісінше 0,91% және 0,47% болып, №1 үлгіге (0,63% және 0,41%) қарағанда жоғары екені анықталды, бұл оның антиоксиданттық әлеуетінің айқынырақ екенін көрсетеді. Минералдық талдау екі үлгіде де магний мен фосфордың жоғары деңгейін анықтады, сонымен қатар №2 үлгіде темір мөлшерінің жоғары болуы оны қан түзу және оттегін тасымалдау үдерістеріне қатысатын микроэлементтердің көзі ретінде құндылығын арттырады. Токсикологиялық бақылау өнімнің қауіпсіздігін растады: пестицидтер анықталған жоқ, кадмий, мышьяк және сынап табылмады, қорғасын мөлшері ≤ 0,0028 мг/кг, бұл нормативтік шектерден едәуір төмен. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес көпкомпонентті қоспаларды қолдану граноланың тағамдық және функционалдық құндылығын тағамдық талшықтар, витаминдер және биологиялық белсенді қосылыстар мөлшерін арттыру арқылы жақсартуға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігі мен жоғары органолептикалық көрсеткіштерінің сақталатынын дәлелдейді.
Бесплатно
Өсімдік текті антимикробтық компоненттер негізінде таңғыш материалдар әзірлеу
Статья научная
Антимикробтық таңғыш материалдар жарақаттарды, жараларды емдеуде маңызды рөл атқарады. Олар микробтық асқынуды бақылап, созылмалы қабынудың алдын алады және терінің жылдам қалпына келуіне ықпал етеді. Мұндай материалдар созылмалы жараларды (мысалы, трофикалық жаралар, диабеттік табан жаралары), күйіктерді, жұқпалы хирургиялық жараларды асқыну қаупі жоғары инфекциядан қорғау мақсатында қолданылады. Таңғыш материалдарда табиғи заттарды антибактериалдық агенттер ретінде пайдалану белсенді түрде зерттелуде. Ғылыми зерттеулер прополис, бал, хитозан және эфир майлары сияқты заттардың тиімділігін растайды. Олар жұмсақ, әрі тұрақты биоцидтік қасиетке ие, жанама әсерлері жоқ.Зеттеу жұмысымызда екі түрлі құрамда өңделген дәкенің биоцидтік тұрақтылығын анықтау мақсатында материал үлгілері топырақ микрофлорасының әсеріне түсірілді. Микрофлораның әсеріне ұшыраған өңделмеген дәке материалдары көгеріп, шіри бастаған, ал табиғи биоцидтермен өңделген материалдар аса бұзылысқа ұшырамағаны байқалады. Соның ішінде жусан сығындысы мен хитозан негізіндегі құрамда өңделген материалдың биоцидтік тұрақтылығы жоғары екені дәлелденді. Өңделген материал талшықтарының морфологиялық өзгерісін анықтау үшін электрондық сканирлеуші микроскоптың көмегімен зерттеу жүргізілді. Талшықтың бетінде биоцидтік заттардың бөлшектері біртегіс орналасқаны байқалады. Өңдеуден кейінгі дәке материалдарының ауа өткізгіштік және сіңіргіштік қасиеттері де аса өзгеріске ұшырамаған.
Бесплатно
Өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды алу әдістері мен режимдерін оңтайландыру
Статья научная
Жұмыста өсімдік шикізатынан және өсімдіктердің жасушалық (in vitro) дақылдарынан фенолдық қосылыстарды алудың дәстүрлі және заманауи әдістері қарастырылып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде Hypericum perforatum (шәйқурай), Melilotus officinalis (түйежоңышқа) және Portulaca oleracea (портулак) таңдалды. Зерттеудің өзектілігі табиғи фенолдық қосылыстарға антиоксиданттар мен функционалды ингредиенттер көзі ретінде сұраныстың артуымен, сондай-ақ оларды алудың тиімді, экономикалық және экологиялық қауіпсіз технологияларын әзірлеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу мақсаты – биоактивті қосылыстардың шығымдылығы, тұрақтылығы және технологиялық тиімділігі тұрғысынан фенолдық қосылыстарды алудың оңтайлы әдісін анықтау.Жұмыста 70% этанол экстрагенті қолданылып, үш әдіс – мацерация, Сокслет экстракциясы және ультрадыбыстық экстракция (UAE) – салыстырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша фенолдық қосылыстардың ең жоғары мөлшері Сокслет әдісі арқылы алынғаны анықталды: табиғи өсімдік шикізатында Hypericum perforatum үшін 61,2±2,4 мг GAE/г, Melilotus officinalis үшін 56,3±1,9 мг GAE/г және Portulaca oleracea үшін 45,7±1,5 мг GAE/г көрсеткіштері тіркелді. Ультрадыбыстық экстракция әдісі сәйкесінше 58,4±2,1; 44,1±1,5 және 32,8±1,1 мг GAE/г мәндерін көрсетті, бұл мацерация әдісіне қарағанда жоғары, бірақ Сокслеттен төмен нәтиже береді. Мацерация кезінде ең төмен көрсеткіштер байқалды (24,2–42,6 мг GAE/г диапазонында). In vitro дақылдарынан алынған сығындыларда фенолдық қосылыстар мөлшері табиғи өсімдік шикізатымен салыстырғанда орта есеппен 10–20% төмен екені анықталды. Экстракция параметрлерін оңтайландыру нәтижесінде фенолдық қосылыстарды тиімді алу үшін 70% этанол және 50–70 °C температура диапазоны оңтайлы екені анықталды, бұл жағдайда максималды мәндер 70 °C температурада тіркелді.Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Сокслет әдісі максималды шығымдылықты қамтамасыз етеді, алайда жоғары температура мен энергия шығынын талап етеді. Ал ультрадыбыстық экстракция әдісі шығымдылығы сәл төмен болғанымен, экстракция уақытының қысқалығы (30 мин), еріткіш шығынының аздығы және биологиялық белсенді қосылыстардың сақталуы тұрғысынан анағұрлым тиімді және перспективалы болып табылады. Осылайша, зерттеу нәтижелері фенолдық қосылыстарды алу әдісін таңдау нақты мақсатқа байланысты болуы тиіс екенін көрсетті: максималды шығымдылық үшін – Сокслет әдісі, ал технологиялық тиімділік, энергия үнемділігі және өнім сапасын сақтау үшін ультрадыбыстық экстракция әдісі ұсынылады. Алынған нәтижелер тағам өнеркәсібінде және функционалды өнімдер өндірісінде өсімдік сығындыларын алу технологияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Бесплатно
Өсімдік қоспалары бар тартылған етке гистологиялық зерттеу
Статья научная
Мақалада тартылған сиыр етіне өсімдік қоспалары бар өнімдерге гистологиялық зерттеу әдістерді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Қазіргі тамақ өнеркәсібінде тартылған сиыр етіне рецептурасында дәнді, бұршақты дақылдар, жасымық, ұн, қара бұрыш, пияз және тамақтық талшықтар сияқты өсімдік шикізаты кеңінен қолданылады. Аталған өнімдердің нақты құрамын, біркелкі таралуын және технологиялық талаптарға сәйкестігін бақылау маңызды мәселе болып отыр. Зерттеуде стандартты фиксация, парафинге заливка, микротоммен кесу және гематоксилин-эозинмен бояу әдістері қолданылды. Гистологиялық талдау бұлшықет, дәнекер және май тіндерінің, сондай-ақ өсімдік жасушаларының морфологиялық ерекшеліктерін анықтауға, олардың бір-бірімен орналасуын және таралуын бағалауға мүмкіндік берді. Нәтижелер көрсеткендей, өсімдік қоспалары ет матрицасында біркелкі немесе локалды түрде орналасуы мүмкін, бұл өнімнің технологиялық және сапалық көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Гистологиялық әдіс сондай-ақ рецептте көрсетілмеген компоненттердің бар-жоғын анықтауда сенімді құрал болып табылады.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақалада еліміздегі сүт өнімдерінде қолданылатын шикізаттардың қоры, салыстырмалы түрде бағалары мен өсімдік текті шикізаттарды, соның ішінде соя ақуызын қолдану арқылы сүт өнімдерінің өндіріс технологиясын жетілдіру мәселелері қарастырылады. Соя ақуызы – тағамдық құндылығы жоғары, аминқышқылдық құрамы толыққанды өсімдік ақуызы. Оны сүт өнімдеріне қосу өнімнің құрылымын жақсартып, тағамдық және биологиялық құндылығын арттырады. Мақалада сүт өнімдеріне соя ақуызын қосу арқылы алынатын технологиялық артықшылықтар сипатталады: өнімнің тұрақтылығы, сақтау мерзімінің ұзаруы, май құрамының төмендеуі және экономикалық тиімділік. Сонымен қатар, соя ақуызының органолептикалық қасиеттерге әсері, өндірістік процестердегі рөлі және тұтынушылардың қабылдауы талқыланады. Зерттеу нәтижелері соя ақуызын қолдану сүт өнімдерін өндірудің заманауи әдістерін дамытуға ықпал ететінін және олардың сапасын арттыратынын көрсетеді. Бұл технология функционалды және диеталық өнімдер жасауға мүмкіндік береді, сүт өнімдерінің сапасын жақсарту, өндірістік технологияны дамыту бағытында маңызды ғылыми негіз бола алады. Зерттеудің қорытынды нәтижелері соялық концентрат қосылған сүтті ақуызды өнім функционалды тағам ретінде пайдалануға жарамды екенін көрсетті. Өнімнің тағамдық құндылығы мен шикізат қолжетімділігін ескере отырып, оны өнеркәсіптік деңгейде өндіру ұсынылады.
Бесплатно
“Казферросталь” ндірісіні латырылынатын алдытарды алматы зеніне серін анытау “Алматинка”
Статья научная
Превращение биосферы в техносферу объясняется появлением глобальных экологичес-ких кризисов, возникновение которых объясняется антропогенными факторами - загрязне-нием в больших масштабах компонентов окружающей среды - атмосферы, природных ис-точников вод и земельных ресурсов промышленными отходами. Приведены результаты исследования по выявлению влияния выбросов производства “Казферросталь”, расположен-ного в г. Алматы, в близлежащую речную воду Малая Алма-Ата. В результате проведенных работ установлено влияние промышленных выбросов на загрязнение природных водных источников ионами железа, что приводит к уменьшению кислорода.
Бесплатно