Индустриялы-инновациялы даму сраныстарына сйкес техникалы жне ксіптік білім беру жйесін жаырту

Бесплатный доступ

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында техникалық жəне кəсіптік білім жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды. Мақаланың мақсаты экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту. Мақаланың қорытындысы: техникалық жəне кəсіптік білім жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық білім жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін келешекте қоғамның әлеуметтік дамуына себепкер болатын мамандардың біліктілігін жаңғырту қарастырылады.

Еще

Короткий адрес: https://sciup.org/140204966

IDR: 140204966

Текст научной статьи Индустриялы-инновациялы даму сраныстарына сйкес техникалы жне ксіптік білім беру жйесін жаырту

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ-станның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты ел болашағының бағытын түзеген кешендi бағдарламалық тапсырмалар топтамасы халықтың әл-ауқаты мен сапалық деңгейiн көтерудi көздеген қадам. Осы кешендi тапсырмалар топтамасында жауапты орындарға берiлген әр тапсырма аса маңыздылығымен қатар, жарқын келешекке жасалған 20 қадам бiрiн бiрi толықтырып тұрған жақсы өмiрдiң тұтас жиынтығы деуге әбден болады. Мәселен, мемлекет азаматтарының тәрбие, бiлiм және кәсiптiк даму саласын жастар саясатын дамытуға берген нақты тапсырма толайым толықтырып тұр.

Кез келген ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау – негізгі басымды бағыттардың бірі болып саналады. Содан да болса керек, кәсіптік және техникалық білім берудің маңыздылы-ғына ерекше мән беріп, отандық экономиканың жоғары технологиялық салалары мамандан-дырылған еңбек ресурсын және дамыған ғылыми-техникалық базаны қажет етеді. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, оқытушы жаңа білім беру техно-логияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару оқытушының өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.

Зерттеу нысаны мен әдістері

Қазақстандық қоғамды реформалау жағ-дайында техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нары-ғының сұраныстарын, экономика мен әлеумет-тік сфера дамуының перспективаларын қанағат-тандыруда маңызды роль атқарады. 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика деректері бойынша 882 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 65-ке өсті(1-сурет). ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416

біліктілік бойынша жүзеге асырылады [1].

Қазір еліміздің іргелі кәсіпорындарына жаңа технология мен құрылғылардың қарқынды енгізілуіне байланысты оқыту үдерісі мен өндірістік тәжірибе арасы алшақтай түскені байқалады. Себебі, ескі жабдықтар бойынша оқып-үйренген жас маманның өндіріс орнына барғанда қайта мамандануына тура келеді.

Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұ-нының барабарлығына қол жеткізуге мүмкін-дік бермейді.

Сурет 1 - Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі.

Нәтижелер мен оларды талқылау

Білімге негізделген экономика және қо-ғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс.

Демек, біріншіден ТжКБ жетілдірілген жүйесі ең үздік әлемдік тәжірибені ескеріп, жастарға мансаптық өсуге және білім алуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек.

Екіншіден, техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономи-каның индустриялық-инновациялық дамуы-ның сұраныстарын ескере отырып жаңарту (2-сурет).

Білім алушылардың практикалық дағ-дыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60%-ға дейін жоғарлау тиіс. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі. Білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу процесіне енгізіледі. Озық әлемдік тәжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің нәтежесінде ТжКБ жүйесінде ғылыми-әдісте-мелік бағдарламалары жүзеге асырылады.

Соның ішінде, кәсіптік-техникалық білім берудің ортақ жүгін өндіріске бағыттау қажет, сол арқылы сапа мен сұраныстың артуы да қамтамасыз етілмек. Сонымен бірге білім беру мазмұнының әлемдік тәжірибе эквиваленттілігіне жету қажет, әсіресе орта буынның біліктендірілген мамандарын көп салаларда импорттау. Жұмыс берушілер мен жергілікті басқару органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ету өте маңызды. Сондай-ақ жоғары білім жүйесіндегі Назарбаев университеті сияқты «өсу нүктесі» болатын, төрт өңіраралық кәсіптік орталықтарды құру мен олардың қызметтерін бастау мәселелерін шешу қажет. Мұның бәрі, тұтастай алғанда, ТжКБ жүйесі үшін оқыту мазмұнын, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету деңгейін көтеруге ықпал етуі тиіс. Бұл – Қазақстан үшін түбегейлі жаңа міндеттің қойылуы. Тек осылай ғана экономикамыздың, салалар мен кәсіпорындарымыздың орта буын білікті кадрларына деген қажеттілігін қанағаттан-дыруға болады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында инновациялық кәсіптік білім беру жүйесінің басты міндеті – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттардың талаптарына сәйкес [2,3]:

  •    кадрларды улттыц бiлiктiлiк жYЙесi негізінде даярлау толықтай еңбек нарығының сұраныстарына сәйкестендіру;

  •    оцу орындарынын оцу-енд1р1ст1к ше-берханалары мен зертханалары

  •    замауи оцу-енд1р1ст1к жэне техно-логиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету;

  •    кэс1порындардыц нацты сураныс-тарын ескере отырып, кооперативтік оқыту кең түрде енгізу;

  •    бизнес пен кэс1би цауымдастыц ТжКБ-ны дамытуға және кадрлар даярлауға

белсенді қатысу;

  •    экономика салаларында жумыс беру-шілердің қатысуымен біліктілікті

  •    сертификаттаудын, тэуелс1з орталыц-тары жұмыс істеу.

Бұл – Қазақстан үшін түбегейлі жаңа міндеттің қойылуы. Тек осылай ғана эконо-микамыздың, салалар мен кәсіпорында-рымыздың орта буын білікті кадрларына деген қажеттілігін қанағаттандыруға болады. Бұл салаға арналған стратегиялық жоспарлау қағидаты, міне, осындай.

Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту

Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту

Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау техникалық және кәсіптік білім мазмұнының құрылымын жаңарту.

ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру .

техникалық және кәсіптік білім сапасын бағалау

Сурет 2- ТжКБ берудің инфрақұрлымы.

Қортынды

Қорыта келгенде, ТжКБ жүйесі еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бүкіл оқу орнындарында білім беру ісін оқытудың озық инновациялық қызметтің жаңа инфрақұрылымын құру, толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, ақпараттық технологияларды болашақ мамандарды оқыту ісінде тиімді пайдаланып, оны келешекте қоғамның әлеуметтік дамуына себепкер болатын мамандардың біліктілігін жетілдіру. Осы тұрғыда жоғарыда айтылғандай, жастарды жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағыттау керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.    Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам мақаласы. http://personal.akorda.kz/kz/category/-statyi/1352 .

  • 2.    Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2008.-20б.

  • 3.    Қазақстан Республикасының Ресми сайты: http://www.mcfr.kz/about/news/2422/43257/ .

Список литературы Индустриялы-инновациялы даму сраныстарына сйкес техникалы жне ксіптік білім беру жйесін жаырту

  • Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам мақаласы. http://personal.akorda.kz/kz/category/-statyi/1352.
  • Қазақстан Республикасында Бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.-Астана, 2008.-20б.
  • Қазақстан Республикасының Ресми сайты: http://www.mcfr.kz/about/news/2422/43257/.
Статья научная