Микроазаларды олдану арылы мнаймен ластанан топыраты тазалау
Автор: Мухамбетов Б., Сагындыкова С.З., Нурлыбеков А., Джангалиева Ж., Нурмуханов Н., Сагындыков У.З., Лесова Ж.Т., Макажанова Х.Х.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Естественные науки
Статья в выпуске: 3 (93), 2012 года.
Бесплатный доступ
Бұл мақалада Атырау облысы Қосшағыл кен орнының мұнайымен ластанған топырақты көмірсутектерді тотықтырушы микроағзалар көмегімен тазарту болды. Зерттеу нәтижелерінен көріп отырғанымыздай екі биопрепараттта бақылаумен салыстырғанда аз уақыт ішінде мұнай өнімдерін тотықтыруда жоғарғы дәреже көрсетті (57%). Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды тазалауда өзге әдістермен салыстырғанда биологиялық әдіс неғұрлым арзан, тиімді, ең бастысы қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Короткий адрес: https://sciup.org/140204956
IDR: 140204956
Текст научной статьи Микроазаларды олдану арылы мнаймен ластанан топыраты тазалау
Мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады. Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып барады.
Мұнай кен орындарының технология-лық желісін құрастыру көптеген міндеттерді қарастырады, оның ішінде өндірістің экологиялық талаптарды қанағаттандыруы маңызды роль атқарады. Мұнай өндірудің технологиялық үрдістерінде және мұнай өнімдерін өндіру, оны сақтау мен тасымалдау кезінде өндірілген мұнайдың 7%-і жоғалады. Мұнайды бұрғылауда, құбырлардың жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай адамзат денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Топырақ мұнай қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп мөлшерде ластанса, оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді.
Қазақстан Республикасының энергети-калық жоспары алдағы ұзақ уақытта «қара алтынды» өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
biological products, consortium, soil, clean,
Топырақ қабатының ластануы оның тұрақты функцияларын бұзады: физико-химиялық қасиетін өзгертеді, биохимиялық процестердің сипаттамасын, микробиотаның белсенділігін төмендетеді. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ, көптеген ғалымдардың айтуы бойынша шамамен 20-25 жыл уақыт аралылығында жүзеге асады екен [1-3].
Зерттеуіміздің мақсаты Қосшағыл кен орнының мұнайымен ластанған топырақты көмірсутектерді тотықтырушы микроағзалар көмегімен тазарту.
Зерттеу нысандары мен материалдары
Қосшағыл кен орнының мұнаймен тарихи ластанған топырақтары және мұнай тотықтырғыш микроағзалар.
Қосшағыл кен орнының мұнаймен тарихи ластанған топырақтарын мұнай тотық-тырғыш микроағзалар арқылы тазалаудың тиімділігін анықтау мақсатында далалық тәжірибе қойылды. Тәжірибе аймағының жалпы аумағы 27 м2 және ол әрқайсысы 3 м2 (1,5 м х 2 м ) болатын 9 бөлікшеден турады.
Нәтижелер мен оны талқылау
Топырақтағы мұнайдың алғашқы мөлшері гравиметриялық әдіспен анықталды (cурет 1).

Сурет 1 – Далалық тәжірибе аймағының сызбасы.
Биопрепараттарды енгізбес бұрын учас-кесінің аумағында органикалық тыңайтқыш (9 кг/м2 есебінде) және минералды тыңайтқыштар (30 г/м2 есебінде) енгізу, қопсыту, ылғалдан- дыру секілді агротехникалық шаралар жүйесі жүргізілді, артынша биопрепараттар енгізілді. Микроағзалар жұмысына қолайлы жағдай жа-сау мақсатында тәжірибе учаскесінде аптасына 2-3 рет ылғалдандыру және қопсыту жұмыс-тары жүргізілді.
Биопрепараттар енгізілгеннен соң 15 күннен кейін және 30 күннен кейін сарап-тамаға топырақ үлгілері «конверт» әдісімен алынды. Сараптама қортындылары төмендегі кестеде көрсетілген (1, 2-кесте).
1 кесте - Биопрепараттар енгізілгеннен соң 15 күннен кейінгі сараптама қорытындысы
Улп атауы |
Топыракшы алгашцы мунайдыц мелшерц мг/кг |
Биопрепарат енпзгеннен соц 15 куннен кей!нп топырактаты мунайдыц мелшер! |
Мунай Деструк-циясы, % |
Консорциум А |
328000 |
215000 |
34.45 |
Консорциум В |
350000 |
225100 |
35.68 |
Бацылау |
359000 |
302770 |
15 |
2 кесте – Биопрепараттар енгізілгеннен соң 30 күннен кейінгі сараптама қорытындысы
Үлгі атауы |
Топырақтағы алғашқы мұнайдың мөлшері, мг/кг |
Биопрепарат енгізгеннен соң 30 күннен кейінгі топырақтағы мұнайдың мөлшері |
Мұнай деструкция-сы, % |
Консорциум А |
328000 |
139332 |
57,52 |
Консорциум В |
350000 |
150333 |
57,04 |
Бақылау |
359000 |
295330 |
17,73 |
Зерттеу нәтижелерінен көріп отыр-ғанымыздай екі биопрепараттта бақылаумен салыстырғанда аз уақыт ішінде мұнай өнімдерін тотықтыруда жоғарғы дәреже көрсетті (57%).
Қорытынды
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды тазалауда өзге әдістермен салыс-тырғанда биологиялық әдіс неғұрлым арзан, тиімді, ең бастысы қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянсыз болып табылады. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
1. Г. М. Нұрсұлтанов, К. Н. Абайұлданов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу» - Алматы. -«Өлке». – 1999. – 375 б.
-
2. М. Д. Диаров. «Экология и нефтегазовый комплекс» . - Том – 1. – Алматы. – 2003 – 387с.
-
3. "Химия и общество". - Москва. - «Мир». – 1995. – 114c.
Список литературы Микроазаларды олдану арылы мнаймен ластанан топыраты тазалау
- Г. М. Нұрсұлтанов, К. Н. Абайұлданов. «Мұнай және газды өндiрiп өңдеу» -Алматы. -«Өлке». -1999. -375 б.
- М. Д. Диаров. «Экология и нефтегазовый комплекс». -Том -1. -Алматы. -2003 -387с.
- "Химия и общество". -Москва. -«Мир». -1995. -114c.