Технология текстиля и одежды, дизайн. Рубрика в журнале - Вестник Алматинского технологического университета

Структурный анализ композитных материалов для ортопедичеких стелек
Статья научная
Уровень развития и благосостояния населения Казахстана находится в прямой зависимости от здоровья каждого человека. В последние годы во всем мире и в Казахстане наблюдается значительный рост больных сахарным диабетом, вследствии чего растет число больных с различными заболеваниями стопы. Одной из основных причин заболевания стоп у больных сахарным диабетом является повседневная обувь, так как в них не применяются ортопедические изделия из эластичных, амортизирующих и антибактериальных материалов. Целью исследования является анализ структурных свойств силиконовых композитов и наполнителя в виде микрокристаллической целлюлозы (МКЦ) для изготовления ортопедических изделий для больных с патологиями стопы. В работе проведены исследования МКЦ и композитов силикона методами аанализатора размеров частиц DelsaNano. Также проведены: ИК - спектроскопичекое, ээлектронное и оптическо-микроскопические исследования. Научные результаты, полученные в данной работе, могут быть использованы для дальнейшего изучения проблем обеспечения комфортной обувью больных с различными заболеваниями стопы при сахарном диабете, при получении и исследовании нанокомпозитных материалов с антибактериальными свойствами. Они могут быть полезны для диабетологов, ортопедов, а также для производителей ортопедических изделий и обуви.
Бесплатно

Табии бояыштар олданылан тоыма материалдарыны тстік асиеттерін зерттеу
Статья научная
Әр түрлі мақсатта қолданылатын тоқыма материалдарын бояудың экологиялық таза технологиясын жасау, зиянсыз шығын материалдарын, атап айтқанда өсімдік тектес бояғыштарды қолдану арқылы технологиялық процестерді өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік тектес бояғыштар адам табиғатына қолайлы, биологиялық ыдырайды, сонымен қатар көпшілігі бактерияға қарсы және емдік қасиеттерге ие. Бұл жұмыстың мақсаты табиғи өсімдіктер негізінде алынған бояғыштардың колориметриялық қасиеттерін зерттеу және математикалық модельдерін жасау. Тоқыма материалдарын бояуға арналған бояғыштар пияздың қабығы, түймешетен, шәйқурай және жаңғақ қабығы сығындылары негізінде алынған. Сонымен қатар бояғыштар құрамына қасиетін жақсартқыш толықтырғыш коспалар ретінде алюмокалий тұзы және мыс сульфаты қолданылған. Алынған бояғыштардың колористикалық қасиеттерін зерттеу Konica Minolta cm-3600d құрылғысының көмегімен 360-700 нм түстік координаттарында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері тоқыма материалдарының бояу сапасын, бояғыштардың құрамын, табиғи бояудың қасиеттерін жақсартқыш қоспаларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті. Колористикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша регрессия теңдеулері және матаның түс қарқындылығына бояу тереңдігі және түстің шағылуының әсерін сипаттайтын математикалық модельдер құрылды. Табиғи бояғыштардың түстерінің кеңейтілген реңктерінің арқасында оларды тоқыма өнеркәсібіне енгізу өзекті міндет болып табылады. Қасиеттері жақсартылған табиғи бояғыштарды қолдану өнімдердің гигиеналық қасиеттерін жақсартуға және әрлеу процесінің экологиялық тазалығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бесплатно

Тоыма кілем бйымдарыны жану рдісін зерттеу
Статья научная
Қазіргі кезде синтетикалық кілем бұйымдары тұрмыстық жағдайда кең қолданыс тапқан, сонымен қатар техникалық сипаттамалар бойынша олар табиғидан біршама ерекшеленеді. Беріктігі жоғары, шіруге икемділігі жоқ, түстік гаммасы ауқымды және өзіндік құнының төменділігіне байланысты. Синтетикалық кілем бұйымдарының көпшілігі қасында тұрған заттар мен басқа да бұйымдардың тұтануына оттың жылдам жануына септігін тигізеді. Өрт көзін тудыратын сіріңке, темекі, қысқаша тұйықталу және абайсызда өрт туындау жағдайлары. Зерттеудің негізгі мақсаты ЖШС «Бал Текстиль» өндіретін синтетикалық тоқыма кілем бұйымдарының жану және тұтану әдістерін бағалау. Зерттеу нысаны: полимер талшықарының тұтануы, тоқыма материалдарының полипропилендік модифицирленген термоқышқылдық деструкция үдерісінің өрт қауіпсіздігі қасиеттеріне байланысты. ЖШС «Бал Текстиль» Heat Set жіптерінің әр түрлі тығыздығы мен түгінің ұзындығына қарай, синтетикалық кілем бұйымдарының жану үдерісін зерттеу жүргізілген болатын. Негізгі жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша кілемнің түгі биік болған сайын жану деңгейі де жоғары болады. Кілем жанған кезде ериді, ал түсі қара қоймалжың сұйықтық түрінде болады. ЖШС "Бал Текстиль" синтетикалық кілем бұйымдарына жүргізілген зерттеудің құндылығы олардың негізінде өндірілетін материалдардың жану (тұтану) деңгейін өңдеу талаптары мен өрт қауіпсіздігін төмендету арқылы оны тәжірибеде қолдану.
Бесплатно

Трикотаж рылымыны технологиялы параметрлері мен физикалы-механикалы асиеттеріне серін зерттеу
Статья научная
Берілген мақалада ластик өрімінің негізінде қиыстырылған өрімді трикотаж құрылымын өндіру әдістері қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты қиыстырылған өрімді трикотаждың жаңа құрылымдары жайманың технологиялық параметрлері мен физикалық-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу, жоғары эксплуатациялық, гигиеналық және тұтынушылық қасиеттері бар жоғары сапалы трикотаж бұйымдарымен халықтың сұранысын қамтамасыз ететін және қанағаттандыратын трикотаж бұйымдарын өндіру технологиясын жетілдіру. Эксперименталдық жұмыс нәтижесінде қазіргі заманғы LIBRA 3.130 көлденең тоқу машинасының технологиялық мүмкіндіктері зерттеліп, ластик пен интерлок өрімдерінің негізінде қиыстырылған өрімді трикотаждың жаңа түрлері алынды. Трикотаж құрылымы элементтерінің трикотаж жаймаларының параметрлері мен физикалық-механикалық қасиеттеріне әсер ету заңдылықтары орнатылған. Әртүрлі құрылымдағы қиыстырылған өрімді трикотаждың көлемдік тығыздығын салыстыра отырып, ластикті трикотаждың құрылымында иілмелі жатық пен туынды жатық қатарларының болуы тек созылуды азайтып қана қоймайды және форма тұрақтылықты арттырады, бірақ кейбір жағдайларда трикотаждың көлемдік тығыздығын азайтатынына көз жеткізуге болады. Қиыстырылған өрімді трикотаж үшін ілмектегі жіптің ұзындығын қысқарту арқылы ауа өткізгіштік коэффициенттерін 40% (168,6 - 236,6 см3 / см2 сек) дейін төмендетуге болатыны анықталды. Ластик өрімі негізінде тоқылған қиыстырылған трикотаждың беттік тығыздығының төмендеуіне ілмек бағандарын өткізіп жіберу арқылы да қол жеткізуге болатыны анықталды, өйткені бір ілмек қатарын қалыптастыруға жұмсалатын жіптің ұзындығын қысқартады. Кешенді салыстыру негізінде физикалық, механикалық және тұтынушылық қасиеттері жақсартылған трикотаж құрылымының жаңа үлгілерінің оңтайлы нұсқалары ұсынылды. Трикотаж жаймасының көлемдік тығыздығының және ауа өткізгіштік көрсеткішінің технологиялық факторларға тәуелділігін анықтау үшін регрессия теңдеулері шығарылды. Зерттеу нәтижелері трикотаж бұйымдарының ассортиментін кеңейтуге, өнім бірлігіне шикізат шығынын азайтуға, сондай-ақ шығарылатын ассортименттің сапасы мен тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға, олар үшін жоғары сапалы үлгілер мен технологияларды таңдауға мүмкіндік береді.
Бесплатно

Цифровое проектирование дизайна спортивной одежды
Статья научная
В современном мире цифровые технологии проникли во все сферы нашей жизни, и производство спортивной одежды не стало исключением. Разработка и внедрение проектирования цифровой одежды в производство спортивных изделий открывает новые возможности для улучшения качества и функциональности одежды, а также повышает эффективность производства. В настоящее время, по всему миру доля традиционной экономики уменьшается, а цифровой - увеличивается, предоставляя мощные преимущества для стран и их отраслевых комплексов. Современные цифровые и электронные технологии становятся основным фактором множества направлений модернизации производств и расширения сбыта продукции. Условие эффективного развития швейных предприятий во многом зависит от того, насколько гибкими и взаимосвязанными являются производственные процессы, а также от наличия у них технических средств для управления и высокоразвитой системы автоматизации и современного программного обеспечения. В связи с малоизученностью данной области, в статье будут представлены некоторые теоретические и практические работы, направленные на исследование и открытие новых способов оцифровки спортивной одежды, освещены последние тенденции и инновации в этой области. Для современного производителя характерно стремление быстро реагировать на изменения конъектуры рынка и потребностей клиентов путем сокращения временного промежутка между проектированием и выходом нового продукта на реализацию. В практической области применения представленных знаний, по итогам совместной разработки вместе со спортсменами дизайна конструктивного проекта тренировочной одежды, с использованием программных продуктов «Corel Draw» и «Adobe Illustrator» была произведена спортивная одежда, соответствующая требованиям заказчика в плане конструктивно-технических соответствий и индивидуального дизайна.
Бесплатно

Этникалы стильде материала принт тсіру арылы йелдер топтамасыны жобалау процесін зірлеу
Статья научная
Мақалада «принтті» қолдана отырып, этникалық стильдегі әйелдер көйлектерінің топтамасын жобалау процесінің құрылымдық үлгілерінің концепциясының нәтижелері келтірілген. Инновация дәстүр арқылы этникалық стильдің жаңа контекстінде ежелгі сәнді және мәдени бейнелерін қайта жаңғыртуға, өзгертуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты "pret-a-porte" киім топтамаларын жобалау әдіснамасын ескере отырып, киімді жобалау процесінің принциптері мен құрылымын әзірлеу және ұлттық бағытта басып шығарылған түпнұсқа материалды әзірлеу болып табылады. Жұмыс заманауи жүйелік талдау теориясы мен әдістерін, жүйелеу және типтеу ғылыми принциптерін, дизайн типологиясының әдістерін, киімді көркемдік жобалаудағы теориялық және практикалық жетістіктерді және Corel Draw пен Adobe Photoshop компьютерлік бағдарламаларын қолдануға негізделген. Ұсынылған жұмыста қазіргі заманғы дизайн тұрғысынан қазақ ұлттық костюмінің көркемдік-бейнелік ерекшеліктерін пайдалану перспективасы қарастырылған. Зерттеудің құндылығы оның заманауи киімдерді жобалау саласындағы ғылыми тәсілдерге, дәстүрлі ұлттық костюм мен заманауи киімнің функцияларының бір мезгілде өзара әрекеттесуі арқылы ассортимент құрылымын кеңейту мүмкіндіктеріне сәйкес келетіндігінде, бұл тұтынушылық қасиеттері жоғары мүлдем жаңа дизайн шешімдерін жасауға әкеледі. Көркем бейненің қалыптасуы үлгінің пішіні мен архитектоникасы есебінен және материалды жобалау есебінен жүреді, басып шығаруға арналған матаның купоны жұмыстың практикалық маңыздылығын білдіреді. Жұмыстың нәтижелері дизайнның инновациялық көркемдік және технологиялық әдістерін қолдану негізінде этностильде жасалған киімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Топтамаларын жобалау әдіснамасын ескере отырып, киімді жобалау процесінің принциптері мен құрылымын әзірлеу және ұлттық бағытта басып шығарылған түпнұсқа материалды дайындау болып табылады.
Бесплатно