Жастар жиынтығында трансформацияланатын бөлшектердің ерекшеліктерінде форматұрақтылығын зерттеу
Автор: Кучарбаева К.Ж., Разбекова А.С.
Журнал: Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Рубрика: Технология текстиля и одежды, дизайн
Статья в выпуске: 4 (134), 2021 года.
Бесплатный доступ
Мақалада трансформацияланатын бөлшектердің форматұрақтылығын қалыптастыруда іш- тік материалдарды желімдеп біріктірудің сапалық көрсеткіштері зерттелді және өңдеу тәсілдері дәйектелді. Нәтижесінде, бөлшектердің құрастырылу ерекшеліктерінде форматұрақтылығын қалыптастыру және трансформацияланатын жастар жиынтығын дайындауда іштік мате- риалдарды желімдеп біріктірудің тәртіптері анықталды.
Желімдеп біріктіру, іштік материалдар, жастар жиынтығы, физико- механикалық көрсеткіштер
Короткий адрес: https://sciup.org/140261811
IDR: 140261811 | DOI: 10.48184/2304-568X-2021-4-86-90
Текст научной статьи Жастар жиынтығында трансформацияланатын бөлшектердің ерекшеліктерінде форматұрақтылығын зерттеу
Кіріспе
Жастар жиынтығындағы трансформа-цияланатын бөлшектердің форматұрақты-лығы сапасын зерттеу көрсеткіштері және желімді іштік материалдарының түрлі ком-бинацияларының ылғалды жылумен өңдеу- дегі (ЫЖӨ) форматүзудің негізгі көрсеткіштері талданған. Желімденген трансформа-цияланатын бөлшектердің сапалық көрсеткіштері желімденген бірнеше мата үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталды. Жастар жиынтығында трансформацияланатын және негізгі бөлшектерге іштік материалдарды желімдеп біріктірудің өңдеу тәртіптері қарастырылады және сынақтық үлгілерде желімдеп біріктірілген іштік материалдардың сандық және сапалық көрсеткіштері сынақтан өткізіледі.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Сынақтық үлгілерде талшықтық құрамы әртүрлі негізгі маталар: арт. 822914 «sophia» сафия 78%-полиэстер, 2%-эластан, 20%-вискоза; арт. 2829 «chiffon-crepe» креп-шифон 97%-полиэстер, 3%-эластан; арт. 00091 «Armani silk» Армани жібегі 97%-полиэстер, 3%-спандекс; арт. 15113817 тафта 100%-полиэстер; арт. 9711086045 сәтен 96%-полиэстер, 4%-эластан таңдалды. Киімде трансформацияланатын бөлшектердің фор-матұрақтылығын қалыптастыруда іштік же-лімдік материалдар: арт. G-90et 100%-полиэстер 100%-полиамид; арт. 45715Fol38 100%-мақта, 100%-полиэтилен; арт. 45501Xl76 23%-полиэстер, 77%-вискоза, 100%-полиамид; арт. 45100L99 100%-полиэстер, 100%-полиамид; арт. G740 65%-мақта, 35%-вискоза, 100%-полиамид сынақтық үлгілерде желімдеп біріктіруге таңдалды. Сынақтық үлгілерді желімдік біріктіруде, келесі сапалық стан-дарттық көрсеткіштерге жауап беруі тиіс, олар серпімді, қажетті қаттылық көрсеткіштеріне ие, формақалыптастыруға және форманы бекіту қасиеттеріне ие, бұйым салмағын көбейтпеу және материалдардың отыру деңгейі негізгі матаның отыруына сәйкес болуы қажет. Іштік материалдар түрлі механикалық әсерлерге қарсы тұруы тиіс, киімді кию үдерісінде, химиялық тазалау кезінде, сонымен қатар химиялық тазалауда қолданылатын ерітінділердің әсеріне қарсы тұруы керек [1].
Нәтижелер және оларды талқылау
Трансформацияланатын бөлшектердің жастар жиынтығындағы форматұрақтылы-ғын зерттеу Алматы технологиялық университетінің зертханасында сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижелері стандарттық әдістемелерге сәйкес, физикалық – механикалық қасиеттерінің кешенді көрсеткіштері негізінде анықталды: МемСТ 9733.4-83 жууға төзімділікті анықтау әдістері және МемСТ 2056675 және МемСТ 13587-77 қыртыстануды анықтау әдістері. Жастар киім жиынтығы трансформацияланатын бөлшектердің пішім тұрақтылығы мен бөлшектердің іштік материалдармен желімдеп біріктірілуі, пайдалануы мен тұтынудың талаптарына байланысты сынақтар жүргізілді [2,3].
Зерттеуге таңдалып алынған сынақ үлгілер, арт. G-90et, арт. 45715Fol38, арт. 45501Xl76, арт. 45100L99, арт. G740 арт. 45100L99 желімді қатырмаларды (Кесте-1) көрсетілген талаптар бойынша бес түрлі сынақтық мата үлгілеріне желімдеп біріктірілді.
Кесте 1- Сынақ үлгілерді желімдеп біріктірудегі өңдеу тәртібі
№ |
Желімді қатырма артикулы |
Температура, t˚ |
Қысым, H/см² |
Уақыт, сек |
1 |
арт. G-90et |
150˚С |
- |
12 сек |
2 |
арт. 45715Fol38 |
160 ˚С |
30 H/см² |
16 сек |
3 |
арт. 45501Xl76 |
130˚С |
250-350 H/см² |
12 сек |
4 |
арт. 45100L99 |
125˚С |
250-350 H/см² |
12 сек |
5 |
арт. G740 арт. 45100L99 |
160˚С |
- |
12 сек |
Сынақтан өткізуде МемСТ-Р-ИСО-5077-2007 жууға тұрақтылығын, МемСТ 8710-84 өңдеу тәртібінде желімдік біріктірудің ажырамауының тұрақтылығын зерттеуде қолда- нылды. Бұл желімденген сынақ үлгілерінің жууға төзімділігі 30˚С, 40˚С және 60˚С температурада жуу арқылы тексерілді.
Кесте 2- Сынақтық үлгілердің 40˚С тепмературада жуылған көрсеткіштері егізгі
ішті
арт. 822914 Сафия
арт. 2829 креп-шифон
арт. 15113817
тафта
арт. 00091 Армани жібегі
арт. 9711086045
сәтен

























Талшықтық құрамы әртүрлі бес негізгі мата үлгісіне желімденген бес түрлі желімдік іштік материалдардың сынамаларын 30˚С температурада жуғанда еш өзгеріс болған жоқ, яғни, қатырма маталардың желімінің тұрақтылық дәрежесі стандарттық көрсеткіштерге сәйкес. Жастар жиынтығына таңдалған мата үлгілерінің жууға тұрақтылығын зерттеу нәтижесінде арт. 822914 Сафия+ арт. 45715Fol38 және арт. G-90et сынамалары, арт. 2829 креп- шифон+ арт. 45100L99 және арт. G740; арт. 15113817 тафта+ арт. 45501Xl76 және арт. 45715Fol38; арт. 00091 Армани жібегі+ арт. G-90et және арт. 45100L99; арт. 9711086045 сәтен+ арт. 45501Xl76 және арт. G-90et сынамалары 30˚С тепмературада жоғары тұрақтылық дәрежесін көрсетті.
Сынақтық үлгілері 40˚С тепмературада жуылғанда, барлық мата үлгілерінің сапалық көрсеткіштері мен жууға тұрақтылығы орта- ша стандарттық көрсеткіштерді қанағаттандырды. Арт. 2829 креп-шифон+ арт. 45715Fol38 және арт. 2829 креп-шифон+арт. 45501Xl76 сынақтық үлгілерінде (Кесте-2) желімнің ажырауын байқай аламыз. Ал 60оС тепмературада жуылған үлгілер жууға тұрақсыз екенін көрсетті. Нәтижелерді талдай келе, жастар жиынтығына таңдалған мата түрлерін 40˚С- тан аспайтын температурада жуу керек деген қорытындыға келдік.
Желімдік іштік материалдар сынама-ларын СМТ аспабында ГОСТ 13587-77 стандартына сәйкес қыртыстанбау көрсеткіштерін анықтаймыз. Үлгінің қыртыстанбауын α қайта қалпына келу бұрышын есептеу бойынша бөлек- бөлек текстиль жаймаларының көлденең және тік бағыттарына байланысты өлшейді.
α=∑αi/n (1)
мұндағы: αi-қалпына келтіру бұрышын өлшеу нәтижесі, град n -зерттеу саны Қыртыстанбау көрсеткішін % бойынша мына формуламен анықтайды.
α=Xγ/100 (2)
мұндағы: X-текстиль кездеменің қыр- арт. 9711086045 сәтен+ арт. G-90et үлгілері тыстанбауы, %γ-элементарлы үлгінің толық (Кесте-3) жоғарғы қыртыстанбау дәрежесін ашылу бұрышы, 180отең. көрсетті.
Сынақ үлгілерінің зерттеу нәтижесінде арт. 2829 креп-шифон+ арт. 45100L99 және
Кесте 3- Сынақ үлгілерінің қыртыстанбау көрсеткіштерін анықтау
№ |
Негізгі мата түрі |
Желімді іштік материал түрі |
(∑) жалпы жедел қалпына келтіру бұрышы |
(∑) жалпы баяу қалпына келтіру бұрышы |
||
Негіз бойынша |
Арқау бойынша |
Негіз бойынша |
Арқау бойынша |
|||
1 |
арт. 822914 Сафия |
арт. 45715Fol38 |
124 |
156 |
142 |
160 |
арт. G-90et |
121 |
137 |
135 |
147 |
||
2 |
арт. 2829 креп-шифон |
арт. 45100L99 |
154 |
157 |
164 |
170 |
арт. G740 |
122 |
136 |
136 |
149 |
||
3 |
арт. 00091 Армани жібегі |
арт. G-90et |
154 |
153 |
159 |
158 |
арт. 45100L99 |
148 |
142 |
155 |
149 |
||
4 |
арт. 15113817 тафта |
арт. 45501Xl76 |
125 |
114 |
142 |
128 |
арт. 45715Fol38 |
114 |
118 |
125 |
134 |
||
5 |
арт. 9711086045 сәтен |
арт. 45501Xl76 |
134 |
142 |
149 |
143 |
арт. G-90et |
141 |
156 |
147 |
165 |
Сынақ үлгілері арасынан жоғарғы сапа-лық стандарттық көрсеткіштерге ие болған материалдардан, 1- суретте трансформация-ланатын заманауи жастар жиынтығы дайындалды. Зерттеу жұмысының нәтижесінде арт. 822914 Сафия негізгі матасына арт. 45715Fol38 желімді іштік материал, арт. 2829 креп-шифон матасына арт. 45100L99 желімді іштік материал, арт. 00091 Армани жібек матасына арт. G-90et іштік материал, арт. 15113817 тафта матасына арт. 45501Xl76 іштік материал және арт. 9711086045 сәтен матасына арт. G-90et желімді іштік материал таңдалды.

Сурет 1- Трансформацияланатын жастар киім жиынтығы
Қорытынды
Зерттеу нәтижесінде, сынақтық үлгілерде іштік материалдарды желімдеп біріктірудің сапалық көрсеткіштері стандарттық көрсеткіштерді қанағаттандырды және өңдеу тәртіптері дәйектелді. Сынақтық өңдеу тәртіптерінде, жастар жиынтығында трансфор-мацияланатын бөлшектердің форматұрақ-тылығын қалыптастыруда іштік материалдар желімдеп біріктірілді және 40˚С- тан аспайтын тепмературада бұйымды жуу керек, не химиялық тазалауға беру керек, нұсқау-лығы берилді. Бәсекеге қабілетті трансфор-мацияланатын заманауи жастар жиынтығы дайындалды және өңдеу шығыны азайтылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
1. .Кутжанова А.Ж., Абишева А.С., Мате-риалтану зертханалық практикум. –Алматы, 2011 ж. 184 б.
-
2. Серия стандартов швейной промышленности. Режим доступа:
-
3. Кучарбаева К.Ж., Абдиманапова П.Б., Камалбаева К.К., Жорабекова Г.Ж. Исследование качественных показателей комплектующих материалов для трансформируемого женского платья // Изв. вузов. Технология текстильной промышленности. –2017, No5. – С. 72-75.
[ shveynaya_promyshlennost]. (дата обращения 12.05.2021г.)
Список литературы Жастар жиынтығында трансформацияланатын бөлшектердің ерекшеліктерінде форматұрақтылығын зерттеу
- Кутжанова А.Ж., Абишева А.С., Материалтану зертханалық практикум. -Алматы, 2011 ж. 184 б.
- Серия стандартов швейной промышленности. Режим доступа:. (дата обращения 12.05.2021г.)
- Кучарбаева К.Ж., Абдиманапова П.Б., Камалбаева К.К., Жорабекова Г.Ж. Исследование качественных показателей комплектующих материалов для трансформируемого женского платья // Изв. вузов. Технология текстильной промышленности. -2017, No5. - С. 72-75.