Технология текстиля и одежды, дизайн. Рубрика в журнале - Вестник Алматинского технологического университета
Табиғи былғарыны әрлеуге өсімдік экстрактілерін қолдану
Статья научная
Қазіргі таңда былғары өндірісінің әрлеу процесінде синтетикалық бояғыштарды қолдану экологиялық мәселелерді тудырып отыр. Жұмыстың мақсаты - мәселені шешу үшін табиғи былғары қой терісін әрлеу үшін экологиялық таза өсімдік сығындыларын қолдану. Әрлеу процесінде емен қабығының сығындылары (Cortex Quercus), шалқан (Agrimonia eupatoria L.), жылқы каштаны (Aesculus hippocastanum), сондай-ақ табиғи бояғыш ретінде «Акванат хлорофилл» қолданылады. Тері өнеркәсібінде өсімдік сығындыларын қолдану дайын терідегі химиялық заттардың мөлшерін азайтуға көмектеседі және қоршаған ортаға пайдалы әсер етеді. Мақалада аталған өсімдіктердің табиғи сығындыларын алу әдістері және оларды былғары өңдеуде қолдану технологиясы сипатталған. Өсімдік сығындылары жаңартылған ресурс болып табылады. Танинге бай өсімдік сығындыларын қолдана отырып, былғарыға тұрақты және экологиялық жауапты балама ұсынады. Өсімдік экстрактілері микробқа қарсы әсер ету, формальдегидті кетіру және теріні өңдеу кезінде табиғи бояғыштар ретінде қолданылады. Осыған байланысты теріні өңдеу кезінде экологиялық таза өсімдік экстрактілерін қолдану қажеттілігі туындайды, бұл қоршаған ортаны «жасыл экономика» қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны ретінде «Тараз былғары зауыты» ЖШС кәсіпорнында дайындалған ұсақ мал терісінен жасалған хроммен иленген былғары пайдаланылды.
Бесплатно
Табиғи экстрактінің былғарыны әрлеу барысында антиоксиданттық қасиеті
Статья научная
Теріні илеу және былғары материалдарын дайындау жұмыстарын атқару барысында бірқатар күрделі жұмыстар орындалады. Бұл жұмыстар кезінде қоршаған ортаға зиянды және адам денсаулығына қауіпті көптеген химиялық заттар мен қоспалар қолданылады. Былғары өндірісінің алдында тұрған басты мақсат - мейлінше химиялық заттарды табиғи экстрактілермен алмастыру. Табиғи экстрактілерді илегіш ретінде илеу жұмыстарында қолдануға болады, сонымен қатар әрлеу жұмыстары барысында қолданылады. Жаңғақ қабығымен дайындалған табиғи экстрактінің құрамын LCMS-9030 Масс-спектрометрінде бақылау арқылы бояғыш қасиеті бар флавон анықталды, антиоксиданттық қасиеттері бар қышқылдар қатары табылды. Тері өндірісінде үш валентті хроммен илеу кеңінен қолданылады. Өйткені, бұл илеу түрі өндіріс үшін қолайлы әдістің бірі. Үш валентті хром қосалқы заттар, температура, фототозу, ылғалдылық және сыртқы қоршаған ортаның әсерінен былғарыда болған бос радикалдар алты валентті хромға айналады. Алты валентті хром адам өміріне қауіпті канцерогенді аурулар, бауыр, бүйрек жеткіліксіздігі, тері ауруларын туындауына себепші болады. Табиғи экстрактілер құрамындағы антиоксиданттар алты валентті хромның түзілмеуіне жағдай жасайды. Антиоксиданттық қасиеттері бар жаңғақ қабығынан дайындалған табиғи экстрактімен әрленген былғарыдағы алтывалентті хром шамасы EN ISO 17075 стандарты талаптарына сай Shimadzu UV-1601 PC UV-Visible жабдығымен анықталды. Жаңғақ қабығынан дайындалған табиғи экстрактілерді химиялық пигмент, су, әрлеусіз былғары үлгілерімен салыстырды және нәтижелерге сай алтывалентті хром шамасы азайғаны белгілі болды.
Бесплатно
Текстиль материалдарын әрлеуге қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсетін жүзгін өсімдігін қолдану
Статья научная
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіпте синтетикалық бояғыштарды қолдану елеулі экологиялық және экономикалық проблемаларды тудырады және өте келе айқын бола түсуде. Көптеген ғылыми зерттеулерде тоқыма және былғары өнеркәсібінде бұл экологияға үлкен зиян тудыратын әрлеу процестері екендігі атап айтылған. Жеңіл өнеркәсіпте әрлеу өндірісінің экологиялық мәселелерін табысты шешу үшін тоқыма бұйымдарын, былғары мен үлбірді әрлеудің арнайы эко-технологияларын дамыту, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін уытты емес материалдарды – эко-тоқыма бұйымдарын жасауды қамтамасыз ету қажет. Жұмыстың мақсаты-осы мәселені шешудің бір бағыты ретінде жеңіл өнеркәсіп материалдарын экологиялық әрлеу үшін жергілікті өсімдік шикізатынан алынған сығындыларды қолдану. Бұл жұмыста тоқыма материалдары, аяқ киімнің үстіңгі бөліктерін, олардың түрлерін, маталардың физикалық-механикалық қасиеттерін, сондай-ақ материалдарды бояудың экологиялық әдістерін қолдану үшін қарастырылады. Зерттеу үшін Өзбекстан Республикасында өндірілген және аяқ киім өндірісінде қолданылатын әртүрлі қалыңдықтағы маталардың 5 түрлі үлгісі таңдалды: екі түрлі қалыңдықтағы стрейч маталар, джинсы және ХБ маталар және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін жүзгін өсімдігінен алынған сығындылар. Жүзгін (лат. Calligonum aphyllum) - Қазақстанның оңтүстігінде өсетін қарақұмық тұқымдасының көпжылдық тармақталған бұталарының тұқымы. Бұл өсімдіктер көптеген елдерде дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Бояу мақсатында жапырақтардан, бұтақтардан және тамырлардан сығындылар жасау жұмыстарының реттілігі анықталды. Жүзгін өсімдігінің әртүрлі бөліктерінен жасалған сығындылар арқылы маталарды әртүрлі түстермен бояуға болатыны анықталды. Жеңіл өнеркәсіпте өсімдік бояғыштарын қолдану экологияны жақсартуға және сапалы экологиялық материалдар алуға мүмкіндік береді.
Бесплатно
Текстиль материалдарының гидрофобты және олеофильді қасиеттерін қалыптастыру технологиясын зерттеу
Статья научная
Зерттеу тақырыбы мақта және аралас маталар негізінде гидрофобты және олеофильді текстиль материалдарын жасауға бағытталған. Жұмыстың негізгі мақсаты – текстиль талшықтарын гидрофобтылығы мен олеофильділігін арттыру үшін химиялық модификациялаудың тиімді әдісін әзірлеу, бұл суды мұнай ластануынан тазарту кезінде қолданыстағы текстиль материалдарының жеткіліксіз сорбциялық қабілеті мен шектеулі функционалдығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында материалдардың гидрофобтылығы мен олеофильділігін басқаруға мүмкіндік беретін натрий силикаты және калий метилсиликонатпен маталарды өңдеу әдістері зерттелді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы текстиль талшықтарының беткі қасиеттерін мақсатты түрде өзгерту мүмкіндігі және химиялық модификацияның сорбциялық сипаттамаларға әсері туралы білімді кеңейту болып табылады. Практикалық маңыздылығы суды мұнай ластануынан тазартуға және экологиялық таза сорбенттер жасауға жарамды функционалды текстиль материалдарын жасауда көрінеді. Зерттеу әдістемесінде маталарды химиялық өңдеуді, су мен майды итеру қабілеті, олардың ылғалға сіңуі және беттік сулануға төзімділік қасиеттері және мұнай өнімдерін сіңіру қабілеті бағаланды. Негізгі нәтижелер текстиль бұйымдарын өңдеу оның гидрофобтылығы мен олеофильділігін айтарлықтай арттыратынын көрсетті, ал мақта маталары ең жоғары тиімділікті көрсетеді. Модификатордың концентрациясы мен материалдың сорбциялық қасиеттері арасында байланыс орнатылған. Алынған нәтижелер модификация процесінің басқарылуын растайды және әзірленген материалдарды өнеркәсіпте қолдануға мүмкіндік береді. Жұмыстың қосқан үлесі экология мен өнеркәсіп үшін маңызы бар реттелетін қасиеттері бар функционалды текстиль сорбенттерін алудың жаңа әдісін жасау болып табылады.
Бесплатно
Тоыма кілем бйымдарыны жану рдісін зерттеу
Статья научная
Қазіргі кезде синтетикалық кілем бұйымдары тұрмыстық жағдайда кең қолданыс тапқан, сонымен қатар техникалық сипаттамалар бойынша олар табиғидан біршама ерекшеленеді. Беріктігі жоғары, шіруге икемділігі жоқ, түстік гаммасы ауқымды және өзіндік құнының төменділігіне байланысты. Синтетикалық кілем бұйымдарының көпшілігі қасында тұрған заттар мен басқа да бұйымдардың тұтануына оттың жылдам жануына септігін тигізеді. Өрт көзін тудыратын сіріңке, темекі, қысқаша тұйықталу және абайсызда өрт туындау жағдайлары. Зерттеудің негізгі мақсаты ЖШС «Бал Текстиль» өндіретін синтетикалық тоқыма кілем бұйымдарының жану және тұтану әдістерін бағалау. Зерттеу нысаны: полимер талшықарының тұтануы, тоқыма материалдарының полипропилендік модифицирленген термоқышқылдық деструкция үдерісінің өрт қауіпсіздігі қасиеттеріне байланысты. ЖШС «Бал Текстиль» Heat Set жіптерінің әр түрлі тығыздығы мен түгінің ұзындығына қарай, синтетикалық кілем бұйымдарының жану үдерісін зерттеу жүргізілген болатын. Негізгі жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша кілемнің түгі биік болған сайын жану деңгейі де жоғары болады. Кілем жанған кезде ериді, ал түсі қара қоймалжың сұйықтық түрінде болады. ЖШС "Бал Текстиль" синтетикалық кілем бұйымдарына жүргізілген зерттеудің құндылығы олардың негізінде өндірілетін материалдардың жану (тұтану) деңгейін өңдеу талаптары мен өрт қауіпсіздігін төмендету арқылы оны тәжірибеде қолдану.
Бесплатно
Требования к проектированию спецодежды для металлургов
Статья научная
В статье рассматриваются вопросы воздействия опасных производственных факторов для разных подотраслей металлургической промышленности, воздействующие на металлурга в зависимости от условий труда. Рассмотрена классификация подотраслей черной металлургии. Выявлены основные проблемные зоны спецодежды, подвергающиеся наибольшему износу в процессе работы и в соответствии с видами поражений на рабочего, приведены основные требования к тканям при изготовлении специальной одежды. На основании тщательного изучения условий труда металлургов, в частности воздействия высоких температур, включая тепловое излучение, климатические факторы, открытое пламя, соприкосновение с раскалёнными поверхностями, а также воздействие искр и капель расплавленного металла и изучения характерных движений человека предложены новые предпосылки для определения рациональных художественно-конструкторских и технологических решений спецодежды. Эргономические требования при проектировании специальной одежды характеризуют сохранение теплового баланса пододежного пространства, обеспечение соответствия конструкции изделия форме тела человека как в статике, так и в динамике; удобство использования отдельных элементов изделия. Рассмотрев требования в системе «металлург – защитный костюм – внешняя среда», можно сформулировать наиболее значимые: костюм должен обеспечивать защиту от высоких температур, не должен иметь большой вес, костюм должен обеспечивать свободу движения рабочего. Представленные результаты проведённых исследований могут быть использованы для разработки и совершенствования средств индивидуальной защиты, оптимизации технологических процессов, а также улучшения условий труда металлургов, а именно для повышения их долговечности и обеспечения безопасности труда в металлургической промышленности, также могут быть применены для оптимизации производства и эксплуатации рабочей одежды.
Бесплатно
Трикотаж рылымыны технологиялы параметрлері мен физикалы-механикалы асиеттеріне серін зерттеу
Статья научная
Берілген мақалада ластик өрімінің негізінде қиыстырылған өрімді трикотаж құрылымын өндіру әдістері қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты қиыстырылған өрімді трикотаждың жаңа құрылымдары жайманың технологиялық параметрлері мен физикалық-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу, жоғары эксплуатациялық, гигиеналық және тұтынушылық қасиеттері бар жоғары сапалы трикотаж бұйымдарымен халықтың сұранысын қамтамасыз ететін және қанағаттандыратын трикотаж бұйымдарын өндіру технологиясын жетілдіру. Эксперименталдық жұмыс нәтижесінде қазіргі заманғы LIBRA 3.130 көлденең тоқу машинасының технологиялық мүмкіндіктері зерттеліп, ластик пен интерлок өрімдерінің негізінде қиыстырылған өрімді трикотаждың жаңа түрлері алынды. Трикотаж құрылымы элементтерінің трикотаж жаймаларының параметрлері мен физикалық-механикалық қасиеттеріне әсер ету заңдылықтары орнатылған. Әртүрлі құрылымдағы қиыстырылған өрімді трикотаждың көлемдік тығыздығын салыстыра отырып, ластикті трикотаждың құрылымында иілмелі жатық пен туынды жатық қатарларының болуы тек созылуды азайтып қана қоймайды және форма тұрақтылықты арттырады, бірақ кейбір жағдайларда трикотаждың көлемдік тығыздығын азайтатынына көз жеткізуге болады. Қиыстырылған өрімді трикотаж үшін ілмектегі жіптің ұзындығын қысқарту арқылы ауа өткізгіштік коэффициенттерін 40% (168,6 - 236,6 см3 / см2 сек) дейін төмендетуге болатыны анықталды. Ластик өрімі негізінде тоқылған қиыстырылған трикотаждың беттік тығыздығының төмендеуіне ілмек бағандарын өткізіп жіберу арқылы да қол жеткізуге болатыны анықталды, өйткені бір ілмек қатарын қалыптастыруға жұмсалатын жіптің ұзындығын қысқартады. Кешенді салыстыру негізінде физикалық, механикалық және тұтынушылық қасиеттері жақсартылған трикотаж құрылымының жаңа үлгілерінің оңтайлы нұсқалары ұсынылды. Трикотаж жаймасының көлемдік тығыздығының және ауа өткізгіштік көрсеткішінің технологиялық факторларға тәуелділігін анықтау үшін регрессия теңдеулері шығарылды. Зерттеу нәтижелері трикотаж бұйымдарының ассортиментін кеңейтуге, өнім бірлігіне шикізат шығынын азайтуға, сондай-ақ шығарылатын ассортименттің сапасы мен тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға, олар үшін жоғары сапалы үлгілер мен технологияларды таңдауға мүмкіндік береді.
Бесплатно
Трикотаж ұйық бұйымдарының сапасын арттыру жолдары
Статья научная
Бұл мақалада әртүрлі елдерде өндірілген ерлер ұйық (шұлық) бұйымдарының сапалық көрсеткіштері салыстырылып, олардың сапасын арттыру жолдары жан-жақты зерттелді. Зерттеу объектілері ретінде Қазақстан, Қытай, Түркия, Корея және Өзбекстан елдерінде өндірілген классикалық ерлер ұйықтары таңдалды. Негізгі зерттеу әдістері ретінде тоқыма бұйымдарының тозуға төзімділігін анықтау, ауа өткізгіштік көрсеткішін өлшеу, токсиндік индексін талдау, бояудың жууға, үйкеліске және терге тұрақтылығын тексеру, сондай-ақ өнім бетіндегі электр өрісін анықтау қолданылды. Нәтижелер Түркия өндірісіндегі ұйық бұйымдарының физика-механикалық және гигиеналық қасиеттері бойынша ең жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бұл олардың тығыз тоқыма құрылымы мен жоғары сапалы табиғи талшықтарды қолдануымен түсіндіріледі. Өзбекстан және Корея өнімдері кейбір көрсеткіштер бойынша төмен нәтиже көрсетті, ал Қазақстан және Қытай өнімдері орташа көрсеткішке ие болды. Зерттеу нәтижелері тоқыма және трикотаж бұйымдарының сапасын арттыру үшін табиғи талшық үлесін көбейту, экологиялық таза материалдарды пайдалану, өрім құрылымын жетілдіру және заманауи өндіріс технологияларын енгізудің маңызды екенін көрсетті. Сондай-ақ, сапалы және қауіпсіз өнім өндіру арқылы тұтынушы денсаулығын қорғау және жеңіл өнеркәсіп саласының даму деңгейін көтеру мүмкін екендігі дәлелденді. Бұл жұмыс трикотаж бұйымдарын сапалы, ұзаққа шыдамды және гигиеналық тұрғыдан қауіпсіз етуге бағытталған нақты ұсыныстар береді.
Бесплатно
Трёхмерное проектирование умной одежды: биомеханический подход к интеграции e-textile технологий
Статья научная
Традиционные подходы к проектированию e-textile рассматривают электронные компоненты как дополнение к готовому изделию, не учитывая биомеханических нагрузок на текстильную матрицу при профессиональных движениях. Следствием этого являются: преждевременный отказ проводящих дорожек, артефакты сигнала при смене позы и потеря точности измерений именно в критических фазах рабочего цикла. Данная статья посвящена разработке и верификации пошагового алгоритма совместного биомеханического и электрического проектирования умной рабочей одежды, в котором топологическая карта зон деформации непосредственно определяет архитектуру размещения сенсорных узлов. В статье представлен восьмиэтапный цифровой алгоритм проектирования умной рабочей одежды с интегрированными электронными элементами (e-textile), объединяющий профессиональную биомеханику, топологическое картирование деформации ткани и оптимальное размещение сенсоров. Расширена кластерная модель HCE за счёт электрических параметров тканей. Введена шестая категория зон деформации - стабильная зона (St, ε < 5%) - как целевая область для сенсорных узлов. Предложен индекс стабильности сенсора (SSI) в качестве новой метрики оценки конструкции. Практическое применение алгоритма позволило повысить SSI с 0,72 до 0,93 и сократить число итераций прототипирования с 5 до 1.
Бесплатно
Тігін бұйымдарының динамикалық сәйкестігін эргономикалық бағалау
Статья научная
Мақалада жеке тапсырыспен тігуде жиі қолданылатын, әртүрлі құрастыру әдістерін қолдану арқылы дайындалған киімдердің антропометриялық сәйкестігінің эргономикалық көрсеткіштерін бағалау үрдісі қарастырылады. Басты назар киімдердің сапасына әсер ететін динамикалық сәйкестікке аударылады. Зерттеу жүргізу үшін дайындалған үлгілер макеттерде "киінген адамның қол қимылдарының ауқымы", "қолды көтеру кезінде бұйымның төменгі бөлігінің жылжу дәрежесі" және қозғалыстардың ыңғайлылығы сияқты жеке параметрлермен сипатталатын сыртқы көрсеткіштері анықталды және 4 балдық шкала бойынша бағаланды. Бұл параметрлер киімнің адамның функционалдық қабілеттеріне сәйкестігін, оның психофизиологиялық ерекшеліктеріне және антропометриялық мәліметтеріне сай болуын қамтамасыз етеді. Мұнда басымдылық киімнің күнделікті өмірде жайлылығына, қозғалыс еркіндігіне және ыңғайлылығына тікелей әсер ететін бұйымды қолдану барысындағы пайдалану ыңғайлылығына беріледі. Бұл әдіснамалық тәсіл жеке тапсырыспен тігу саласында тиімді қолданыла алады, мұнда бұйым тапсырыс берушінің дене бітімінің параметрлеріне жоғары дәлдікте сай келуі қажет. Динамикадағы киімнің ыңғайлылық деңгейі олардың конструктивті шешімінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі, бұл өнімді құру әдістемесін негізделген таңдауды көрсетеді. Бұйымды құрастыру әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу киімнің негізгі сапалық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берді, бұл бұйымның сыртқы түрін жақсартып қана қоймай, оның жалпы сапасын да арттырады.
Бесплатно
Тігін машинасын циклограммасы мен микрокамераларды қолданып диагностикалау
Статья научная
Бұл ғылыми жұмыста түзу тігісті қайықты тігін машинасының негізгі жұмыс механизмдерінің фазалық өзара байланысын диагностикалау мәселелері қарастырылады. Зерттеу TYPICAL GC6150 тігін машинасы мысалында жүргізілген. Қазіргі жеңіл өнеркәсіп саласында тігін жабдықтары жоғары жылдамдықта және үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, иненің, қайықтың, жіптартқыштың және материалды жылжыту механизмінің қозғалыстарының дәл фазалық сәйкестігі тігіс сапасы мен жабдықтың сенімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Фазалық арақатынастардың бұзылуы тігістердің өткізіліп алынуына, жіптің үзілуіне, тігін операцияларының тұрақсыз орындалуына және механизмдердің жедел тозуына әкеледі. Жұмыста микрокамералар мен жұмыс циклі циклограммаларын бірлесіп қолдануға негізделген диагностикалау әдісі ұсынылған. Микрокамералар тігін машинасын толық бөлшектемей-ақ, қол жеткізуі қиын аймақтарда өтетін жылдам үрдістерді нақты уақыт режимінде және баяу түсіру арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Алынған бейнематериалдар негізінде диагностикалық оқиғалардың фазалық және уақыттық параметрлері анықталып, эксперименттік циклограммалар құрылады. Ұсынылған әдіс ақауларды ерте кезеңде анықтауға, жабдықты реттеу мен жөндеу уақытын қысқартуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген әдісті тігін жабдығына техникалық қызмет көрсету жүйесінде, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің оқу-ғылыми зертханаларында қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Бесплатно
Тігін машинасының механизмдерінің орынжай функцияларының үшбұрыш тәсілімен анықтау
Статья научная
Орындалатын тігістердің сапасы көбінесе тігін жұмыс құралдарының өзара әрекеттесуіне байланысты, сондықтан кинематикалық цикл кезінде олардың нақты орналасуы маңызды. Жұмыс құралдарының орналасуын механизмнің орынжай функциясымен анықталады. Механизмдердің орынжай функциясы олардың кинематикалық схемаларын талдауы арқылы құрастырылады. Тәжірибеде тұйық векторлық контурлар әдісі және үшбұрыш әдісі кеңінен қолданылады. Тігін машиналарының жалпақ күрделі кинематикалық механизмдері үшін қолдану әмбебап бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді, бұл үшін буындар мен диадтардың модификацияларының құрамдастарын иерархиялық құрылымдық модульдерге таратып, олар үшін дайындалған ішкі бағдарламаларды негізгі бағдарламаға таңдап, құрастыруға мүмкіндік береді. Жұмыста Python тіліндегі ішкі бағдарламалар құрып, олардың 852 класс тігін машинасының механизміне қолданылуы көрсетілген. Бұл ретте буындар мен диадтық топтардың модификациялары бойынша механизмнің структуралық құрылымдауы көрсетілген, бұл жұмыс құралдарының орналасу функцияларын есептеу және олардың графиктерін құрудың жиынтық бағдарламасын жасауға мүмкіндік берді. Есептелген деректерді талдау механизмнің жоғары сапалы жұмысын және жұмыс құралдарының өзара әрекетін қамтамасыз етеді.
Бесплатно
Тігін өндірісі бұйымдарына арналған құйылмалы металлды элементтерді жасау әдістерін зерттеу
Статья научная
Тігін өндірісінде фурнитура таңдауы бұйымның сапасына тікелей әсер етеді, бірақ қай материал қай жағдайда тиімді екені өндірісте көбінесе тәжірибе арқылы ғана анықталады. Осы жұмыста құйылмалы металл фурнитурасының дайындалу технологиялары мен киімдегі қолданысы қарастырылды. Болат, жез, титан, мырыш және қола механикалық беріктік, салмақ және коррозияға төзімділік бойынша өзара салыстырылды. Әрқайсысының тігін өндірісіндегі қолайлы және қолайсыз жақтары жеке сараланды: мысалы, жез өңдеуге жеңіл және арзан болса, титан жеңілдігі мен беріктігін ұштастырып, гипоаллергенді қасиетімен ерекшеленеді. Өндіріс кезеңдері: қалыпқа құю, механикалық өңдеу, штамптау, эмальдау, электролиздік қаптама және жылтырату өндірістік жабдықпен орындалу тұрғысынан талданды, қолданылған техника кестеде топтастырылды. Металды матаға бекіту кезінде туындайтын нақты мәселелер талшық зақымдануы, салмақ теңгерімінің бұзылуы, беттік ақаулар, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік өндірістік мысалдар арқылы айқындалды. Никель мен алтын тұнбасына негізделген гальваникалық қаптаудың тотығуға қарсы тиімділігі зерттеу барысында анықталды. Ұнтақты бояу гальваникамен салыстырылып, механикалық беріктік пен түс алуандығы жағынан артықшылықтары байқалды, бірақ жұқа қаптамаларда соққыдан жарылу тіркелді. Фурнитура таңдауда матаның түрін, бұйымның тағайындалу мақсатын және өзіндік құнды да ескеру қажет екені жұмыс барысында айқын болды.
Бесплатно
Статья научная
В данной научной статье анализируется вес одежды и его влияние на организм человека, особенно при физических нагрузках, а также анализируются модели показателей, оценивающих качество одежды, определяются поверхностные и массовые показатели тканей и фурнитуры, используемых для одежды. Целью создания ассортимента готовой одежды является производство удобной, стильной и доступной по цене качественной одежды, отвечающей запросам современных потребителей, при этом минимизируя воздействие своего веса на организм человека. Вес готовой одежды играет важную роль в поддержании здоровья и общего благополучия человека. При выборе одежды следует учитывать ее легкость, эргономичность и качество материалов, поскольку это напрямую влияет на комфорт и свободу движений. Особенно важно соблюдать эти принципы при создании спортивной, рабочей и повседневной одежды. Оптимальный выбор тканей и конструктивных решений способствует удобству и соответствию физиологическим и психологическим особенностям человека. Вес одежды имеет самостоятельное значение, и с точки зрения гигиены важно стремиться к его минимальному показателю. Тяжелая одежда повышает энергозатраты, особенно во время движения. Оптимальная масса материалов (P, г/см² или г/м²) не должна превышать одной десятой (1/10) массы тела человека.
Бесплатно
Цифровизация проектирования одежды и её экологический потенциал в модной индустрии Казахстана
Статья научная
В статье рассматриваются ключевые аспекты дизайн-проектирования одежды в модной индустрии, с акцентом на применение 3D-дизайна, искусственного интеллекта и виртуальной одежды. Анализируются ключевые отличия традиционного производства и цифрового 3D-процесса применительно к малому и среднему серийному производству. Основная идея работы – подчеркнуть значимость устойчивого проектирования и цифровых компетенций. В работе использованы сравнительноаналитический метод, кейс-анализ, контент-анализ, описательный метод и метод систематизации. Актуальность исследования заключается в необходимости внедрения цифровых технологий в модной индустрии для повышения эффективности проектирования, сокращения затрат и развития устойчивого производства. Использование 3D-дизайна и виртуальной одежды становится важным направлением модернизации fashion-сферы, особенно в условиях цифровизации и экологических вызовов. Особое внимание уделяется экологическому потенциалу цифровизации, выраженному в снижении количества физических прототипов и текстильных отходов на этапе проектирования. Внедрение данных технологий позволяет повысить конкурентоспособность предприятий легкой промышленности Казахстана, ускорить интеграцию в глобальные инновационные тренды и сформировать основу для устойчивого развития индустрии моды в будущем.
Бесплатно
Цифровое проектирование дизайна спортивной одежды
Статья научная
В современном мире цифровые технологии проникли во все сферы нашей жизни, и производство спортивной одежды не стало исключением. Разработка и внедрение проектирования цифровой одежды в производство спортивных изделий открывает новые возможности для улучшения качества и функциональности одежды, а также повышает эффективность производства. В настоящее время, по всему миру доля традиционной экономики уменьшается, а цифровой - увеличивается, предоставляя мощные преимущества для стран и их отраслевых комплексов. Современные цифровые и электронные технологии становятся основным фактором множества направлений модернизации производств и расширения сбыта продукции. Условие эффективного развития швейных предприятий во многом зависит от того, насколько гибкими и взаимосвязанными являются производственные процессы, а также от наличия у них технических средств для управления и высокоразвитой системы автоматизации и современного программного обеспечения. В связи с малоизученностью данной области, в статье будут представлены некоторые теоретические и практические работы, направленные на исследование и открытие новых способов оцифровки спортивной одежды, освещены последние тенденции и инновации в этой области. Для современного производителя характерно стремление быстро реагировать на изменения конъектуры рынка и потребностей клиентов путем сокращения временного промежутка между проектированием и выходом нового продукта на реализацию. В практической области применения представленных знаний, по итогам совместной разработки вместе со спортсменами дизайна конструктивного проекта тренировочной одежды, с использованием программных продуктов «Corel Draw» и «Adobe Illustrator» была произведена спортивная одежда, соответствующая требованиям заказчика в плане конструктивно-технических соответствий и индивидуального дизайна.
Бесплатно
Этникалы стильде материала принт тсіру арылы йелдер топтамасыны жобалау процесін зірлеу
Статья научная
Мақалада «принтті» қолдана отырып, этникалық стильдегі әйелдер көйлектерінің топтамасын жобалау процесінің құрылымдық үлгілерінің концепциясының нәтижелері келтірілген. Инновация дәстүр арқылы этникалық стильдің жаңа контекстінде ежелгі сәнді және мәдени бейнелерін қайта жаңғыртуға, өзгертуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты "pret-a-porte" киім топтамаларын жобалау әдіснамасын ескере отырып, киімді жобалау процесінің принциптері мен құрылымын әзірлеу және ұлттық бағытта басып шығарылған түпнұсқа материалды әзірлеу болып табылады. Жұмыс заманауи жүйелік талдау теориясы мен әдістерін, жүйелеу және типтеу ғылыми принциптерін, дизайн типологиясының әдістерін, киімді көркемдік жобалаудағы теориялық және практикалық жетістіктерді және Corel Draw пен Adobe Photoshop компьютерлік бағдарламаларын қолдануға негізделген. Ұсынылған жұмыста қазіргі заманғы дизайн тұрғысынан қазақ ұлттық костюмінің көркемдік-бейнелік ерекшеліктерін пайдалану перспективасы қарастырылған. Зерттеудің құндылығы оның заманауи киімдерді жобалау саласындағы ғылыми тәсілдерге, дәстүрлі ұлттық костюм мен заманауи киімнің функцияларының бір мезгілде өзара әрекеттесуі арқылы ассортимент құрылымын кеңейту мүмкіндіктеріне сәйкес келетіндігінде, бұл тұтынушылық қасиеттері жоғары мүлдем жаңа дизайн шешімдерін жасауға әкеледі. Көркем бейненің қалыптасуы үлгінің пішіні мен архитектоникасы есебінен және материалды жобалау есебінен жүреді, басып шығаруға арналған матаның купоны жұмыстың практикалық маңыздылығын білдіреді. Жұмыстың нәтижелері дизайнның инновациялық көркемдік және технологиялық әдістерін қолдану негізінде этностильде жасалған киімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Топтамаларын жобалау әдіснамасын ескере отырып, киімді жобалау процесінің принциптері мен құрылымын әзірлеу және ұлттық бағытта басып шығарылған түпнұсқа материалды дайындау болып табылады.
Бесплатно
Әрлеудің былғары құрылымына әсерін ИҚ-спектроскопиялық әдісі арқылы анықтау
Статья научная
Бұл мақалада былғарының әрлеу процесінің оның құрылымдық қасиеттеріне әсері ИК спектроскопиялық әдіспен зерттелді. Зерттеу барысында әрленген және әрленбеген былғары үлгілерінің инфрақызыл спектрлері салыстырылды. Зерттеу Shimadzu IRPrestige-21 ИК-Фурье спектрометрімен жүргізілді. Талдау үшін Pike Technologies компаниясының Miracle типті қосымшасы пайдаланылды. Әр үлгінің спектрлері 4000–400 см⁻¹ диапазонында алынды. Талдау алынған спектрлердегі негізгі сіңіру жолақтары (шыңдары) бойынша жасалды. Зерттеу жұмыстары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу Университетінде орналасқан «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» инженерлік зертханасында жүзеге асырылды. Нәтижесінде әрлеу кезінде полимерлі қабықтың түзілуі, коллаген құрылымының белгілі бір дәрежеде өзгеруі және химиялық байланыстардың қарқындылығының төмендеуі анықталды. Алынған деректер былғарыны әрлеу процесі материалдың беткі қабатындағы химиялық байланыстардың қайта құрылуына және жалпы құрылымының молекулалық деңгейде өзгеруіне әкелетінін дәлелдеді. Амидтік топтардың (–C=O, –NH) тербеліс жолақтарының аздап ығысуы байқалды, бұл коллаген тізбектерінің ішінара модификацияланғанын көрсетеді. Әрленген үлгінің сыртқы қабатында 1735–1740 см−1 жиілігінде жұтылу жолақтарының пайда болуы оның полимерлік құрамында карбонил (C=O) функционалдық топтарының түзілгенін айқындайды. Нәтижелерді негізге ала отырып, былғарының сапалық қасиеттерін сақтау мақсатында әрлеу жұмыстарында қолданылатын құрамды одан әрі зерттеп, жетілдіру ұсынылады.
Бесплатно
Өсімдік текті антимикробтық компоненттер негізінде таңғыш материалдар әзірлеу
Статья научная
Антимикробтық таңғыш материалдар жарақаттарды, жараларды емдеуде маңызды рөл атқарады. Олар микробтық асқынуды бақылап, созылмалы қабынудың алдын алады және терінің жылдам қалпына келуіне ықпал етеді. Мұндай материалдар созылмалы жараларды (мысалы, трофикалық жаралар, диабеттік табан жаралары), күйіктерді, жұқпалы хирургиялық жараларды асқыну қаупі жоғары инфекциядан қорғау мақсатында қолданылады. Таңғыш материалдарда табиғи заттарды антибактериалдық агенттер ретінде пайдалану белсенді түрде зерттелуде. Ғылыми зерттеулер прополис, бал, хитозан және эфир майлары сияқты заттардың тиімділігін растайды. Олар жұмсақ, әрі тұрақты биоцидтік қасиетке ие, жанама әсерлері жоқ.Зеттеу жұмысымызда екі түрлі құрамда өңделген дәкенің биоцидтік тұрақтылығын анықтау мақсатында материал үлгілері топырақ микрофлорасының әсеріне түсірілді. Микрофлораның әсеріне ұшыраған өңделмеген дәке материалдары көгеріп, шіри бастаған, ал табиғи биоцидтермен өңделген материалдар аса бұзылысқа ұшырамағаны байқалады. Соның ішінде жусан сығындысы мен хитозан негізіндегі құрамда өңделген материалдың биоцидтік тұрақтылығы жоғары екені дәлелденді. Өңделген материал талшықтарының морфологиялық өзгерісін анықтау үшін электрондық сканирлеуші микроскоптың көмегімен зерттеу жүргізілді. Талшықтың бетінде биоцидтік заттардың бөлшектері біртегіс орналасқаны байқалады. Өңдеуден кейінгі дәке материалдарының ауа өткізгіштік және сіңіргіштік қасиеттері де аса өзгеріске ұшырамаған.
Бесплатно