Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета

Все статьи: 1359

Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу

Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу

Сарттарова Л.Т., Еген Н.А., Калдыгулова М.Т.

Статья научная

Бұл зерттеу асханалық өндірісте қызмет атқаратын аспаздардың еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы жұмыс киімінің эргономикалық, гигиеналық және қорғаныс қасиеттерін кешенді бағалауға арналған. Жұмыс барысында негізгі назар екі материал түріне – негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасына және қорғаныс фартугына арналған отқа төзімді Пробан материалына аударылды. Зерттеудің мақсаты – аспаздардың кәсіби қызметінің биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз және эргономикалық киім моделін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зертханалық сынақтар материалдардың физика-механикалық беріктігін, ауа өткізгіштік деңгейін, термиялық тұрақтылығын, ылғал сіңіру қабілетін, жану динамикасын және гигиеналық сипаттамаларын анықтауға бағытталды. Қосымша ретінде, аспаз жұмысына тән қозғалыстар: алға еңкею, қолды жоғары көтеру, жылдам бұрылу және ұзақ уақыт тік тұру жағдайлары кезінде фартуктың эргономикалық бейімділігі бағаланды. Пробан материалының жоғары температура әсеріне төзімділігі, өздігінен сөну қабілеті және деформацияға ұшырамауы оның кәсіби қауіптерді азайтуда тиімді шешім екенін көрсетті. Сондай ақ Пробан материалының термиялық әсерден, ашық жалыннан және жоғары температуралық факторлардан қорғау деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде аспаздарға арналған арнайы киімнің қауіпсіздік, жайлылық және функционалдық талаптарға толық сәйкес келетін ғылыми негізделген моделі ұсынылды.

Бесплатно

Асты даылдарынан дайындалан сусындарды таамды жне биологиялы ндылыын зерттеу

Асты даылдарынан дайындалан сусындарды таамды жне биологиялы ндылыын зерттеу

Хастаева А. Ж., Бектурганова А. А., Омаралиева А. М., Сериков А. Ж., Мухтарханова Р. Б., Байхожаева Б. А.

Статья научная

Мақалада астық дақылдарынан дайындалған сусындардың тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу нәтижелері келтірілген. Байытылған және байытылмаған дәнді сусындар арасында салыстырмалы талдау жүргізілді, дәнді сусындарды омега-3 жоғарылату үшін зығыр ұнымен байытылды, нәтижесінде ω-6/ω-3 қатынасына оң әсер болды. Зерттеудің мақсаты зығыр ұнымен байытылғанға дейін және одан кейін дәнді сусындардың сапасы мен құрамының өзгеруін анықтау болды. Зерттеулер нәтижесінде зығыр ұны сусындардағы ақуызды арттыратыны анықталды. Май қышқылының құрамы бойынша дәнді сусындар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жүргізілген зерттеулер негізінде зығыр ұнының прототиптерін байыту омега-3 құрамына, сондай-ақ ω-6/ω-3 қатынасына оң әсер еткені дәлелденді. ω-6-дан ω-3-ке дейінгі арақатынас әзірленген өнімдерде оңтайлы шамаларға жетті және толтырғышты дәнді сусындарға енгізу өнімнің биологиялық құндылығын арттырды. Әзірленген өнімдердегі ω-6 мен ω-3 қатынасы мынаны көрсетеді: күріш сусыны, байытусыз-0,67%, байытудан кейін - 3,23%, бұл ω-6 мен ω-3 арасындағы дұрыс қатынасты көрсетеді; қарақұмық сусыны, байытусыз-0,81%, байытудан кейін - 3,76%, көрсетеді бұл байыту ω-6/ ω-3 қатынасына оң әсер етеді және ω-3 мазмұны 2,95% - ға өсті. ω-6-дан ω-3-ке дейінгі арақатынас әзірленген өнімдерде оңтайлы шамаларға жетті және толтырғышты дәнді сусындарға енгізу өнімнің биологиялық құндылығын арттырды.

Бесплатно

Асты зиянкестеріне ионоозонды деуді сері

Асты зиянкестеріне ионоозонды деуді сері

Кулажанов Т.К., Изтаев А.И., Якияева М.А., Маемеров М.М., Молдабекова Н.Т.

Статья научная

Мақалада озонды және ионоозонды кавитациялы өңдеулердің астық зиянкестеріне әсері зерттелген. Сондай-ақ, астық қорларының зиянкестермен зақымдалу дәрежесі де анықталған. Зерттеу нәтижесінде ионоозонды кавитациялық өңдеудің зиянкестерді толығымен жоятын- дығы және астықтың сапасын жақсартатындығы дәлелденген. Астық қорын зиянкестерден қорғау жүйесінде астықты озонды ауалы қоспамен, ионоозонды кавитациямен өңдеудің рөлі мен мәні анықталды. 20 минут бойы экспозициядағы және әртүрлі концентрациядағы сынаулар жүргізілді. Озонның 3,5 және 4,9 г/м3 және ионоозонды кавитациялы ауалы қоспаның 1,4 г/м3 3000 бірл. концентрациясы қор зиянкестерін жою үшін тиімді.

Бесплатно

Атомдар, иондардың радиустарының мәндері және олардың өзгеру заңдылықтары туралы

Атомдар, иондардың радиустарының мәндері және олардың өзгеру заңдылықтары туралы

У. Бестереков, С.Р. Ермеков

Статья научная

Химиялық технология саласында сулы-тұзды жүйелер арқылы өнімдер өндіріледі. Сулы-тұзды жүйелерде минералды заттардың зарядтық бөлшектері иондар түрінде болады. Ғылыми-ілімдік химия саласында қазіргі кезде қол жеткен нәтижелерді талдаулар көрсеткендей, осындай иондық бөлшектердің және олардың материалдық негізі болып табылатын атомдардың радиустары туралы шынайылылығы жоғары, толықтама ғылыми дәйектелген мәліметтер жоқ. Мақалада атомдар мен иондардың шынайы радиустары туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында белгілі мәлімет- терге жақын және де соңғылардың периодтық жүйе шеңберінде өзгеру заңдылықтарын сақтайтын, бірақ өзіндік сандық нәтижелері бар мәндер алынды.

Бесплатно

Ауа кеістігіндегі парашютшілерді озалыс негізінде згеретін антропометриялы нктелерін зерттеу

Ауа кеістігіндегі парашютшілерді озалыс негізінде згеретін антропометриялы нктелерін зерттеу

Абекова А. Ж., Талгатбекова А. Ж., Рахметова Н. Б.

Статья научная

Ауа кеңістігінде парашютпен секіруге арналған костюмді жобалау барысында оларға қатысты қауіпті және зиянды факторлардың әсерін, оның ішінде парашютші орналасқан қоршаған ортаның сыртқы факторларын ескеру қажет, парашютшілер орындайтын функционалдық позициялар, қозғалыстар белгіленеді және талданады, сонымен қатар тұтынушылардың қалаулары егжей-тегжейлі зерделенеді. Ауа кеңістігінде парашютпен секіруге арналған костюмді жобалау үрдісі келесі маңызды кезеңдерді қамтиды: эргономикалық талапқа сәйкес киім мен антропометриялық нүктелердің өзара қатынасын, киімнің адам денесін қорғау барысындағы салыстармалы сипаттамалары негізінде материалдар пакетін таңдау, математикалық модель негізінде жобаланған өнімнің дизайнын жасау, құрылымды ұзақ зерттеу үрдісін қысқарту ескеріледі. Жобалау сатысында эргономикалық сәйкестіктің жоғарғы деңгейі бар өнімдерді алуға мүмкіндік береді. Парашютпен секіруге арналған эргономикалық костюмді жобалаудың ұсынылған ақпараттық-логикалық схемасы дизайнның әр кезеңіндегі жұмыс түрін, дәйектілігі мен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында парашютшілердің фигураларының өлшемдік белгілерінің динамикалық әсерлерінің өзгеруінің негізгі буындардағы қозғалыстардың бұрыштық биомеханикалық параметрлеріне көпмүшелік тәуелділіктері анықталды. Ауа кеңістігіндегі парашютшілердің қозғалыс негізінде өзгеретін антропометриялық нүктелерін зерттеу жағдайларына сәйкестігін анықтайтын арнайы киім функционалдық-эргономикалық белгілері бойынша анықталынады.

Бесплатно

Ауматы рекреациялы леуетін зерделеу тсілдері мен дістері

Ауматы рекреациялы леуетін зерделеу тсілдері мен дістері

Актымбаева Б.И., Сайдуллаев С.З.

Статья научная

Аталған мақала туристік аудандарға бөлу мақсаттары үшін рекреациялық әлеуетті зерттеу әдістері мен тәсілдерін қарастырады, рекреациялық қызметтің қазіргі жағдайының мәселелері зерттеледі. Қазақстан Республикасының аумағын рекреациялық игерудің теория-лық негіздеріне үлкен мән берілді. Практикалық құндылығы аумақтың рекреациялық әлеуетін анықтаудың қолданыс-тағы әдістемелеріне шолу жасаумен анықталады. Осы зерттеудің жаңалығы мақалада талданған туристік-рекреациялық әлеуетін бағалаудың ең қолайлы әдістемесін негіздеу болып табылады. Мақалада ұсынылған негізгі ережелер ғылыми-анықтамалық және әдістемелік сипат-қа ие, сондықтан аумақтық туристік-рекреациялық жүйелерді (АТРЖ) жобалау кезінде пайдалануға болады.

Бесплатно

Ашытқысыз дайындалатын нан қамырының сапасына қоспалардың әсері

Ашытқысыз дайындалатын нан қамырының сапасына қоспалардың әсері

Байысбаева М.П., Искакова Г.К., Батырбаева Н.Б., Изембаева А.К., Молдақұлова З.Н., Сейсеналы М.Е., Әбіш А.М., Рысбек Ұ.

Статья научная

Борай бидай ұны ақуызының жоғары, аминқышқылының бай, глютенің төмен екендігімен бағалы болып табылады. Ұнның гликемиялық индексі төмен (40-н төмен), болғандықтан да оны глютендік аллергиясы барлардың рационына кіргізуге болады. Борай ұнының холестерині де сапалы, осы негіздер адам ағзасын зиянды заттардан тазартуға және артық сұйықтықтан арылту үшін пайдалы өнім болып табылады. Бұл зерттеу жұмысында ашытқының адам ағзасына зиянын ескере келе қара бидай бидай наны қамырын ашымалмен дайындау бағытында зерттеулер жүргізілді. Қара бидай бидай нанындағы бидай ұнының мөлшерін 30,50,70,100% борай ұнымен алмастырып судың орынына зығыр дәні тұнбасы қосылып қамыр иленді. Қамырдың сапасы, реологиялық қасиетіне борай ұнының әсері зерттеліп рецептурада қосылатын тиімді мөлшері анықталды. Құрамында ашуға қатысатын полиқанттар мен өз қанттары көп зығыр дәні тұндырмасы және борай бидай ұны қосылған қамырдың ашуының тездетілгені газ бөлініп шығару қабілеті бойынша анықталған зерттеу нәтижесін талдау арқылы анықталды. Бөлінетін газдың мөлшері бидай ұнымен салыстығанда борай ұнында 65% жоғарылады. Қамырды серпімді-созылғыш деформациялық қасиеті қоспа қосылған қамырда нанның көлемін, пішін бергенде икемділігін келтіруге келетін деңгейде екені зерттеу нәтижесін талдау барысында анықталды.

Бесплатно

Аылшын тілі сабаында студенттерді білімін тексеру жне зін-зі тексеруі

Аылшын тілі сабаында студенттерді білімін тексеру жне зін-зі тексеруі

Кадырходжаев А.М.

Статья научная

Мақалада ағылшын тілі сабағында студенттердің білімін тексеру және өзін-өзі тексеру әдісіне үйрету тәсілі көрсетілген. Ең маңыздысы бұл әдісті сабақ процесіне енгізу болып табылады. Осы мақалада оқытушы өзінің мол тәжірибесіне және ізденушілігіне сүйене отырып, студенттердің білімін тексеруге және өзін-өзі тексеруге қызығушылығын арттырады.

Бесплатно

Аылшын тілі сабаында экологиялы трбие беру арылы пнаралы байланысты жзеге асыру

Аылшын тілі сабаында экологиялы трбие беру арылы пнаралы байланысты жзеге асыру

Еженова А.А.

Статья научная

Мақалада ағылшын тілін оқытуда жоғары оқу орындарының техникалық мамандық-тарына экологиялық білім берудің маңыздылығы, оны қалыптастыру мен дамыту жолдары қарастырылған. Мақаланың практикалық маңыздылығы оқу орындарында білім алушылардың қоршаған ортаға деген жаңаша көзқарасын қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беретін, ағылшын тілі сабағында экологиялық тәрбие беру арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыратын ғылыми-әдістемелік ұсыныстарға негізделген. Зерттеу материалдарын орта және кісіптік білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында шет тілінен дәріс беруде қолдануға болады.

Бесплатно

Аылшын тілін оытуда ауызекі тілді дамыту

Аылшын тілін оытуда ауызекі тілді дамыту

Джакипова Л.С., Таубеева А.Т.

Статья научная

Мақаланың көкейкестілігі: жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын ауызекі тілін үйретудің және дамытудағы жаңа әдістемелік тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері: ағылшын тілін оқытуда студенттердің ауызекі тілін дамытуда педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты іс-тәжірибелерді таратып, жоғары оқу орындарында білім беретін оқытушылардың тәжірибесіне енгізу қажет.

Бесплатно

Аяқ киімдік тоқыма материалдарының механикалық қасиеттерін зерттеу және математикалық моделін жасау

Аяқ киімдік тоқыма материалдарының механикалық қасиеттерін зерттеу және математикалық моделін жасау

Бектаев Қ., Абзалбекұлы Б., Сабырханова С.Ш., Елдияр Г.К., Ораз Г.Т., Манапбаева У.Е.

Статья научная

Бұл жұмыста аяқ киім өндірісі үшін тоқыма материалдарын қолдану мәселелері, механикалық қасиеттері, олардың матаның құрылымымен және талшықтардың құрамымен байланысы зерттеліп, математикалық моделі құрастырылды. Аяқ киім әрдайым қажетті тауар болғандықтан оған қажеттілік тоқтамайды. Химия, былғары және тоқыма салаларында технологиялардың дамуымен аяқ киім өнеркәсібі өзгеріске ұшырайды, бұл өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру мәселесін өзекті етеді. Бүгінгі таңда тоқыма материалдары барлық өндірілген аяқ киімнің 50%-ын құрайды, бұл олардың осы саладағы маңыздылығын көрсетеді. Тоқыма материалдарының механикалық қасиеттері материалдың және жасалған бұйымның маңызды көрсеткіштері болып табылады. Жұмыстың мақсаты – тоқыма материалдарының механикалық қасиеттері мен алынған мәліметтерді жүйелеу, сонымен қатар тоқыма бұйымдарының сапасын қамтамасыз ету үшін осы қасиеттерді бағалаудың маңыздылығын көрсету. Механикалық сипаттамасы тозуға төзімділікті, тоқыма материалының беріктігін бағалауда өнімділік көрсеткіштері үшін қажет. Тоқыма материалдарының механикалық және беттік қасиеттерін анықтауға арналған әдістер кешені тоқыма сапасын және материалдың мақсатына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыста қасиеттерді анықтау әдістері және олардың тоқыма бұйымдарының сапасын бағалаудағы рөлі талданып, материалдардың механикалық қасиеттерінің өзгеруіне ерекше назар аударылады. Аяқ киімге арналған маталарға қойылатын негізгі талаптарының бірі – беріктік қасиеттері. Таңдалынып алынған маталар үлгілерінің негіз және арқау бойынша беріктік қасиеттері анықталды. Тоқыма материалдарының механикалық қасиеттері олардың функционалдығы мен қолдану салаларын анықтайтын негізгі сипаттама болғандықтан зерттеу барысында материалдардың механикалық қасиеттері көбінесе құрылымына, талшықтардың құрамына, сондай-ақ жұмыс жағдайларына байланысты екендігі анықталды. Бұл факторлардың өзгеруі беріктік, созылу, қаттылық және т. б. сияқты сипаттамалардың өзгеруіне әкеледі. Бұл қасиеттерді білу әр түрлі қолдану салаларына оңтайлы сәйкес келетін берілген сипаттамалары бар тоқыма материалдарын жасауға мүмкіндік береді.

Бесплатно

Ақылды матаны қолдана отырып трансформер күртешені жобалауға жаңа технологияларды қолдану

Ақылды матаны қолдана отырып трансформер күртешені жобалауға жаңа технологияларды қолдану

Бекмаганбетова Ж.Б., Жилисбаева Р.О.

Статья научная

Мақалада ақылды маталарды қолдану арқылы өнімді 3D модельдеу және виртуалды жобалау әдістерінің тиімділігі талданады. «CLO 3D» бағдарламасының мүмкіндіктерін, ақылды маталардың қасиеттерін, олардың экологиялық артықшылықтары мен функционалдық ерекшеліктерін зерттеліп, нақты нәтижелер көрсетілген. Термохром және рефлектив секілді инновациялық материалдардың физико-механикалық қасиеттеріне зерттеу жүргізіліп, ауа өткізгіштігі төмен, бірақ гигроскопиялық қасиеті өте жоғары екендігі анықталынды, олардың трансформер-күртеше жобалау үшін жарамдылығы негізделген. Мақалада цифрлық жобалау технологияларының тігін өндірісінде уақытты үнемдеу және шығындарды азайту үшін әлеуеті жоғары екені айтылған. Сонымен қатар, өнімнің жайлылығы, тұтынушы талаптарына сәйкестігі, материалдар мен өндіріс процестерінің өзара байланысы көрсетілген. Осылайша, ақылды маталар мен цифрлық технологияларды үйлестіру арқылы болашақтағы өндіріс процестерін оңтайландыру жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде ақылды маталардың заманауи сән индустриясын дамытудағы рөлі мен олардың қолдану мүмкіндіктері кеңінен сипатталған. Осы технологиялар арқылы өндірісте экологиялық тиімділікті арттыру, ресурстарды үнемдеу және тұтынушы қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру жолдары көрсетілген. Бұл мақала тігін өнеркәсібін цифрландыру және заманауи технологияларды қолдану арқылы өнімді жобалаудың жаңа әдістеріне жол ашады және жобаланатын ерлер трансформер күртешесін құрастыруға таңдалған ең тиімді CLO 3D бағдарламасында жасалған виртуалды үлгісі ұсынылып отыр.

Бесплатно

Бактерицидные свойства ослиного молока

Бактерицидные свойства ослиного молока

Турганбаева Н. К., Мусульманова М. М.

Статья научная

В данной работе предоставлен обзор литературных данных, сосредоточенных на аспектах сохранения бактерицидных свойств основных компонентов ослиного молока, таких как лизоцим и лактоферрин, обладающих антибактериальной функцией, задерживающих развитие ряда патогенных и условно-патогенных микробов, что является важным фактором при хранении и производстве молочных продуктов. В обзор включены статьи, опубликованные на английском и русском языках за период 2002-2022 гг. Для поиска были использованы базы данных Scopus, Web of Science, Elsevier, ResearchGate и Elibrary. Обзор литературы показал, что большая часть доступной информации направлена на использование нетермических и низкотемпературных способов обработки ослиного молока с сохранением биологически активных компонентов нативного молока. Компоненты ослиного молока могут быть использованы в качестве ингибитора позднего вспучивания полутвердых и твердых сыров из овечьего молока, вызванного бактериями Clostridium и кишечной палочкой. Наиболее благоприятные температурные режимы, при которых сохраняются основные показатели ослиного молока, составляют: 10 дней при температуре 3 °С и 3-4 дня при температуре 7 °С. Комбинированный метод применения НРР (High Pressure Processing) с пастеризацией продлевает срок хранения молока до 30 дней при температуре 4 °С. Приведенные данные необходимо учитывать как при выборе технологии производства молочных продуктов из ослиного молока или в комбинации с ним, так и при проведении научно-исследовательских работ с ослиным молоком.

Бесплатно

Балалар таамы німдерін ндіруде ешкі етін олдануын негіздеу масатында физика-химиялы асиеттерін зерттеу

Балалар таамы німдерін ндіруде ешкі етін олдануын негіздеу масатында физика-химиялы асиеттерін зерттеу

Тоышева Г. М., Заов Я. М., Какимов М. М., Абдильманов А. А., Вострикова Н. Л., Маанали К.К.

Статья научная

Балаларды рационалды тамақтандыру мәселесі балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін өте өзекті және тиімді фактор болып табылады. Тағамның жекелеген компоненттеріне деген төзбеушілікпен байланысты патологиялық жағдайлар жиі кездесетін. Балалардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыруда биологиялық тұрғыдан толыққанды өнімдер маңызды рөл атқарады, ал оларды тек өнеркәсіптік өндіріс жағдайында жасауға болады. Ешкі етінің эксперименттік үлгілерінің химиялық құрамын бағалау кезінде (Заанендік, Альпілік, Нубиялық) ешқандай аномальды ауытқулар анықталған жоқ және барлық көрсеткіштер жануардың бұлшықетінінің осы түрінің жалпы қабылданған құрамында болды. Минералды құрамын зерттеу нәтижелері ешкі етінің калий - 1693,22-4125,83 мг/кг; натрий - 852,27-1518 мг/кг, магний - 125,33-295,8 мг/кг; кальций - 79,27-160,79 мг/кг, темір 11,42-87,52 мг/кг сияқты элементтерге бай екенін көрсетті. Ешкі етінің дәрумендік құрамы, онда пантотен қышқылы (В5) 0,53-0,62 мг/100 г, пиридоксин (В6) 0,52-0,64 мг/100 г, токоферол 0,27-0,33 мг/100 г мөлшерде болатынын көрсетті. Ешкі ақуыздарының массалық үлесінің көрсеткіштері 2.1 ± 0.3-2.4 ± 0.4 % құрады. Саркоплазмалық ақуыздардың арақатынасын салыстырмалы зерттеу нәтижелері бойынша ақуыз фракциялары құрамының өзгеру динамикасын зерттеу суда еритін (1,75-4,06 %), тұзда еритін (1,75-2,44 %), сілтіде еритін (11,15-15,10 %) ақуыздардың құрамын көрсетті. Тұзда еритін фракция ақуыз фракцияларының күйіндегі жалпы өзгерістерді көрсетеді, олардың ерігіштігі қарастырылып отырған тұқымдар үшін әр түрлі болды (ең жоғары концентрация нубиялық жыныста анықталған).

Бесплатно

Балалар тамақтануына арналған жеміс қоспасымен қышқыл сүт өнімінің рецептурасын әзірлеу

Балалар тамақтануына арналған жеміс қоспасымен қышқыл сүт өнімінің рецептурасын әзірлеу

Смаилова Ж.Ж., Темірбекызы А.Т., Срсенбаева З.Т., Аман С.Е., Серіков .., Нурханова А.Н.

Статья научная

Бұл жұмыста сүтқышқылды өнімдер ассортиментін кеңейту мақсатында құрамына енгізілетін ашытқылар мен жеміс қоспасының қасиеттерін ескере отырып, йогурт алу технологиясы әзірленген және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде сақтау мерзімі анықталған. Зерттеу мақсаты: сүт шикізатын қолданып, өсімдік тектес қоспалардың физико-химиялық қасиеттерін сақтай отырып, балалар ағзасына пайдалы болатын жаңа өнім түрін әзірлеу. Балаларға арналған сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейту болып табылады. Зерттеу жаңалығы: балаларға арналған жаңа сүт өнімінің технологиясын, өңдеу режимдерін негізделді; өнімнің құрамына қосылатын өсімдік тектес шикізатты негізделді; таңдалатын ашытқылардың ұтымды комбинациясын таңдалды. Зерттеу әдістері: нормативті-техникалық құжаттамаларды (МемСТ, ТШ және т.б.) қолданып, шикізат пен дайын өнімнің органолептикалық, физико-химиялық, микробиологиялық, қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау әдістері. Жұмыс барысында өнімнің дәрумендік, аминқышқылдық құрамы және микробиологиялық көрсеткіштеріне талдау жасалды. Өнімнің отандық тағам саласының балалар тамақтануына өзіндік үлесі бар, ассортиментті кеңейтіп қана қоймай, биологиялық құндылығы жоғары өнім өндірілді. Балалар тамақтануына арналған банан езбесі қосылған йогурт өнімі әзірленді. Йогурт құрамы банан езбесінің әсерінен калий микроэлементімен және В тобының дәрумендерімен байытылған.

Бесплатно

Балаларға арналған спорттық киімдерде қолданылатын трикотаж маталарының қасиеттерін талдау

Балаларға арналған спорттық киімдерде қолданылатын трикотаж маталарының қасиеттерін талдау

Талгатбекова А. Ж., Кенесбек Ж. С.

Статья научная

Мақалада балаларға арналған спорттық киімдерде қолданылатын трикотаж матала-рының қасиеттері қарастырылған. Жұмыста трикотаж жаймаларының тозуға төзімділік, ауа өткізгіштік және созылу қасиеттерін зерттеу ұсынылды. Механикалық қасиеттерді зерттеу балалар спорттық киімінің ассортиментін әзірлеу үшін қажет "футер" трико-таж матасын таңдауға мүмкіндік берді.

Бесплатно

Балаш кліні экологиялы жадайына баа беру

Балаш кліні экологиялы жадайына баа беру

Калимолдина Л.М., Султангазиева Г.С., Беркинбаева А.С.

Статья научная

В зоне загрязнения в северной зоне Балхаша для озеленения использовалась травянис-тая растительность. Проведено комплексное исследование долгосрочных эффектов токсич-ных соединений на травянистые растения. В этот регион адаптирован комплексный анализ текущих изменений скрытой растительности, которые растут в пределах санитарно-защитной зоны на расстоянии 1-2 км от источника отходов. В заключении были обобщены основные результаты исследования и сделаны рекомендации по сокращению или устранению воздействия промышленных отходов на экологию города Балхаш.

Бесплатно

Барометрді орнына электронды биіктік лшеуші рылы жасау ммкіндігін зерттеу

Барометрді орнына электронды биіктік лшеуші рылы жасау ммкіндігін зерттеу

Туякбаев А.А., Болосханызы Б., Болосхаан С.

Статья научная

В статье рассматриваются результаты исследования вертикального эшелонирования (RVSM). Были проведены основные работы барометрических высотомеров, их ошибок, схема электронного высотомера, основанного на измерении концентрации в атмосфере кислорода в сравнении с концентрацией в воздухе, набранном на уровне аэропорта или у поверхности моря и анализ ее работы. Основное устройство - газоанализатор. В нём содержатся два измерителя концентрата; один из них измеряет концентрацию кислорода в воздухе аэродрома или поверх-ности моря в закрытом баллоне, второй измеритель концентрат - измеряет концентрацию кислорода в воздухе при полёте, она сравнивается с концентрацией кислорода в атмосфере, и измеритель обнаруживает разницу в концентрациях с помощью компенсационных чертежей.

Бесплатно

Безопасность и питательная ценность консервов из мяса кролика

Безопасность и питательная ценность консервов из мяса кролика

Изтелиева Р.А., Уажанова Р.У., Жакатаева А., Сарсекова А., Ибраимова С.

Статья научная

На современном этапе развития общества одной из важнейших задач является снабжение населения продуктами питания высокого качества. Огромную роль в решении этой задачи играет дальнейшее развитие животноводства, в том числе кролиководства. В данной статье показаны исследования по органолептической оценке, питательной ценности продуктов, которые свидетельствуют о том, что новые виды консервов из крольчатины имеют высокие достоинства, обладают приятным вкусом и ароматом, отличаются привлекательным внешним видом и цветом. А также дана сравнительная биохимическая оценка изделиям в соответствии с показателями безопасности по требованиям СанПин 611 от 06.08.-2010г.

Бесплатно

Беспроводная система мониторинга температурно-влажностного режима «WI-Климат Pro»

Беспроводная система мониторинга температурно-влажностного режима «WI-Климат Pro»

Яковлев В.А., Грановский А.С., Мирзабекова Н.А.

Статья

Бесплатно

Журнал