Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета
Все статьи: 1359
Статья научная
Мақалада «Фудмастер ұйымы» АҚ-ның «Кефир от Фудмастер» өнімінің өндіріс технологиясы талданып, өндіріс үрдістерінде сәйкессіздіктер мен ақау туу себептерін төмендету мақсатында FMEA-талдау ғылыми әдістемесін қолдану тиімділігі дәлелденді. Жұмыс барысында ұсынылған конструкция мен технологияларға FMEA-талдау ғылыми әдістемесінің негізінде талдау жүргізілді және үрдістерді жетілдіру үшін іс-шаралар әзірленді.
Бесплатно
«Фудмастер» а-да смж рдісін ру механизмін жне жасарту алгоритмін зірлеу
Статья научная
Мақалада «Фудмастер» АҚ СМЖ қызметіне жасалған талдау нәтижелері келтірілді. Ұйым СМЖ-де үрдісті келісім бірінші деңгейлік үрдісішілік әрекеттерді қамтитын негізгі үрдіс арқылы жүзеге асады. Олар: идентификациялау, қалыптастыру, басқару, үрдіс сапасын жақсарту. Түзету және ескерту шараларын жүзеге асыру үшін алгоритм, IDEF3 үлгісінің ғылыми шарттарына негізделген үрдістің құрылымды-функционалдық диаграммасы әзірленді. Үрдіс компоненттерін идентификациялау, қалыптастыру, басқару, жақсарту үшін сүт және сүт өнімдері өндірісінің үрдісін құру механизмі әзірленді. Ұсынылған ғылыми-әдістемелік тәсілде айран өндірісінің үрдісі құрылымдалды.
Бесплатно
ІІ категориялы субнімдерден ауыз гидролизатын алу технологиясын жасау
Статья научная
Мақалада зерттеу объектісі - малды сою кезіндегі қалатын екіншілік шикізат ІІ категориялы субөнімдер. Олар ақуыздың таптырмас көзі және гидролизаттарын алуға қажетті басқа да бірқатар қасиеттерге ие. Сонымен қатар, мұндай екіншілік шикізатты пайдалану перспективалы болып көрінеді, өйткені бұл жағдайда, бір жағынан, аз қалдықты технологияларды жасау үшін алғышарттар жасалады, ал екінші жағынан, қоректік заттардың оңтайлы қатынасында комбинирленген өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері ІІ категориялы субөнімдердің құрамында глициннің, аланиннің, глутамин қышқылының, сериннің, сондай-ақ пролиннің жоғары мөлшерін көрсетеді, яғни бұл негізінен коллагеннің құрамында кездесетін амин қышқылдар. Коллаген гидролизаты сирақтарды ферментативті гидролиздеу арқылы алынды. Компоненттерді дайындаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ақуызды гидролизат алудың технологиялық сұлбасы ұсынылды.
Бесплатно
Ірі ара малды арынын деу дістері
Статья научная
Қазіргі уақытта ет өнеркәсібі ірі қара мал субөнімдерін тиімді өңдеуде айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Бірақ оларды азық-түлік мақсатында пайдалану үлесі төмен болып отыр. Бұл, бірінші кезекте ірі қара малдың көп камералы қарындарын өңдеуге қатысты. Ғылыми зерттеулердің болашақтағы бағыты осы субөнімдерді толық көлемде пайдалану болып табылады.Бұл мақалада сүт өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалана отырып, ірі қара малдың субөнімдерін (қарын мен тор көзді қарын) өңдеудің технологиялық процестері қарастырылды. Мәселені шешудің нақты және тиімді тәсілдерінің бірі - ірі қара мал қарынын биотехнологиялық жолмен өңдеу үрдістерін жүргізу.Термиялық өңдеу уақытын қысқарту мен қарынға тән арнайы иісті жою үшін және механикалық беріктігін төмендету мақсатында ірі қара мал қарынын сүт сарысуымен өңдеу технологиясы ұсынылды.Ірі қара малдың субөнімдерінің (қарын, тор көзді қарын) тағамдық құндылығы мен азық-түліктік шикізат көзі ретіндегі тұтынушылық қасиеттері зерттеліп, пайдаланудың болашағына баға берілді. Бұл жұмыста ірі қара малдың қарынын сарысумен өңдеу мүмкіндігі зерттелді. Субөнімдердің физика-химиялық құрамы мен биологиялық құндылығына жүргізілген зерттеулер қарын мен тор көзді қарында ақуыздар мен минералды заттардың, аминқышқылдарының жоғары құрамын көрсетті.Ірі қара малдың қарнын және тор көзді қарынын жұмсартуға және тазартуға сүт сарысуы ерітіндісі ұсынылды. Сүт сарысуындағы микроорганизмдерді пайдалана отырып, құрамында коллаген бар шикізатты биологиялық белсенді заттармен өңдеу болашағы бар бағыттардың бірі деп танылуы тиіс.
Бесплатно
Ірімшік өңдеу саласындағы чеддеризация процесі
Статья научная
Бұл мақаладаірімішік өңдеу саласының және технологиялық көзқарасынан чеддеризация процесі туралы мәлеметтер келтірілген. Чеддеризация ірімшік массасының құрылымның қайта құрылуы процесі ретінде жазылған сүттің полимолекулярлық ассоциаттары арасындағы байланыстардың қайта қалыптасуының арқасында (казеиндік мицеллалар мен майлы глобулалар). Чеддеризация процестің алгоритмикасы сүтті кезеңдік бұзаулардың ас қазанындағы сүттің компонентерінің қайта қалыптасуы циклмен байланысты.Қышқылды -сілті диапазоны (рН 5,3 -5,1) сүттің ақуызды, майлы, минералды және сулыфазаларының бір бірімен нақты байланыс динамикасы бар бағдарламасы. Ірімшік массасының құрылымының қайта құрылуында сүттің карбонаттік сыймдылығының рөлі корсетілген. Чеддеризация процессі бар табиғи мәйекті ірімішіктерді өндіру кезінде ірімшік массасы өз бетімен қалыптасады, яғни қабатты -талшықты құрылымы пайда болады (қышқылдығының тез жоғарлауы), «тауық төс еті» құрылымына тектес, себебі процестің жоғары жылдамдығы болып табылады.
Бесплатно
ІҚМ қарынындағы массаның (каныга) кептіруден кейінгі физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу
Статья научная
Мақалада ірі қара малдың қарынындағы массаның (каныга) кептіруден кейінгі физика-химиялық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі мәселенің бірі осы қайталама шикізаттарды қайта өңдеу болып отыр. Себебі елімізде қайталама ет шикізатын, соның ішінде, ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу іс жүзінде жоқ. Зерттеу мақсаты – ірі қара малдың қарынындағы массаға физика-химиялық талдау жүргізу және қайта өңдеу мүмкіндігін зерттеу. Зерттеу қорытындысы нәтижесінде ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу мүмкіндігіне жол ашылады. Зерттеу барысында ірі қара мал қарынындағы массаның ылғалдылығы 7,9% дейін түсіріліп, оның физика-химиялық көрсеткіштері бастапқы ылғалдылық, гигроскопиялық ылғалдық, жалпы ылғалдылығы, құрғақ заттар мөлшері, күлділік, қант, азотсыз экстрактивті заттар, талшық, май, ақуыз мөлшері және минералды заттар мен дәрумендер көлемі анықталды. Зерттеу нәтижесінде, жалпы ылғалдылық - 7,90%, құрғақ заттар мөлшері - 92,10% құрады. Ірі қара малдың қарынындағы масса құрамында ақуыз - 3,59%, май - 0,10%, талшық - 36,93%, азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) - 42,22%, қант - 0,67% және күлділігі - 9,26% мөлшерде анықталды. Дәрумендердің мөлшері бойынша Е дәрумені (22,13%), В1 (0,024%), В2 (0,03%), В3 (0,094%), В5(0,051%), В6(0,017%) дәрумендері анықталды. Минералды заттар құрамы бойынша, ең көп мөлшерде анықталаған минералды элемент – калий (К) – 208,96мг/100г, одан кейінгі орындарда – фосфор (Р) – 118,61 мг/100г, кальций (Ca) – 103,25мг/100г және 24,18мг/100г – магний (Mg), 8,79мг/100г – темір (Fe), 3,71мг/100г – мыс (Cu), 3,16 мг/100г – мырыш (Zn) мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижесі ірі қара малдың қарынындағы массаның күлділігі жоғары, талшыққа, азотсыз экстрактивті заттар, минералды заттар мен дәрумендерге бай екендігі және оның осы қасиеттері оны құнды қайта өңдеу шикізаты ретінде пайдалануға мүмкіндік беретіні белгілі болды. Осылайша, ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу Қазақстанда қосымша құны жоғары өнім шығара отырып, ет өнеркәсібі қалдығын кәдеге жарату мәселесін шешуге және экологияға теріс әсерін азайтуға елеулі үлес қоса алады.
Бесплатно
Автоматические системы управления тепловым режимом пекарной камеры
Статья научная
В данной статье исследованы АСУ тепловым режимом пекарной камеры. Проанализированы сравнительные характеристики различных вариантов АСР теплового режима пекарной камеры. Предложена оптимальная АСУ на основе системы бесконтактного контроля температуры ИК-термовизора.
Бесплатно
Автомобиль көлігінде жүк тасымалы тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Статья научная
Мақалада жүкті тасымалдың тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерін анық-тау жолы қарастырылған. Тасымал үдерісінің тиімділігін анықтауда келесі параметрлер функциясын ескеру қажет:жүкағынын,тасымалдау құнын,жүкті тасымалдауға дайын-дауын, жүктіарту-түсіру жұмыстарын орындауымен сақтауын,жеке жылжымалы құрам жүккөтерімділігін,жылжымалы құрамның техникалық дайындық коэффициентін,тасы-малдау қашықтығын,жылжымалы құрамның техникалық жылдамдығын,әрбір жүрістегі жүкті арту-түсіру уақытын,жүкті алмауына байланысты шығындарын,тасымал кезінде жүктің бүлінуіне байланысты шығындарын.Жүкті тасымалдаудың жоспарланған кезіндегі құны жүкті тасымалдау қашықтығының өзгеруі нәтижесінен ғана емес, тиімсіз жүккө-терімділікті, жылжымалы құрамды пайдаланудан, жүкті арту-түсіру жұмыстары уақты-сының ұзақтығынан, жанар маймен қосымша материалдарды пайдаланудың артуынан және т.б. болатыны анықталды.
Бесплатно
Адам азасына ауыз су рамындаы макро- жне микроэлементтерді сері
Статья научная
Мақалада судың негізгі химиялық және элементтік құрамы қарастырылады. Тағам өнеркәсібіндегі судың шикізат және еріткіш ретіндегі маңызды рөлі көрсетіледі. Авторлардың жүргізген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде СанЕмН 2.1.4.116-02 талаптарына сәйкес, ауыз судың макроминералды құрамының қолайлы параметрлері анықталды.
Бесплатно
Адам ресурстарын басару процесіні жйелік талдауы
Статья научная
Мақала адам ресурстарын басқару процесінің жүйелік талдауына арналған. Қызмет-керлерді басқарудың тиімді жолдары қарастырылған. Авторлар әзірлеген адам ресурстарын басқару процесі қызметкерлерді таңдау, сұхбаттасуды өткізу, қызметкерлерді бейімдеу, қызметкерлерді бағалау,қызметкерлерді оқыту және дамытуды қамтамасыз етеді. Жүргі-зілген зерттеулер кез келген кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыратынын көрсетеді.
Бесплатно
Адсорбенттермен сыраны тратылыын арттыру
Статья научная
В данной статье рассматривается повышение стабильности пива с использованием спе-цифических адсорбентов. По результатам исследования показано, что переработка пива с адсорбентом Коллагеназа +ХЕШВК 75+Поликлар АТ по сравнению с другими адсорбентами повышает предел осажденияна 2 единицы, таниновый показатель достигает максимального объема, уменьшает уровень антоцианогенов.
Бесплатно
Аза тіліндегі лтты киімдер атауларыны этнолингвистикалы сипаты
Статья научная
Мақала қазақ тіліндегі ұлттық киімдер атауларының этнолингвистикалықсипатына арналған. Аталған мақалада белгілі бір халықтың тілдік ерекшеліктерін мәдениет және тарихпен байланыстыратын «этнолингвистика» ұғымы қарастырылады. Жұмыстың практикалық маңызы ұлттық киімдер атауларын этнолингвистикалық тұрғыда қарастыра отырып практикалық сабақтарда қолдану болып табылады.
Бесплатно
Аза тіліндегі мата трлері атауларыны жасалу ерекшеліктері
Статья научная
Ұсынылып отырған мақалада қазақ тіліндегі мата түрлері атауларының жасалу ерек- шеліктері бірінші рет қарастырылады, себебі кездеме атауларының практикалық тұрғыда қолданылуы қазақ тіліндегі сөздік қордың дамуына үлкен үлесін қосуда. Тарихымыздың, мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің негізгі бөлігі ретінде қолданылып келе жатқан мата атауларының сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар: 1)синтетикалық (морфологиялық), 2)аналитикалық (синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсілдері және мақаланың. Аталған тәсілдер арқылы олардың қазақ тіліндегі жасалу ерекшеліктерін анықтай отырып практикалық сабақтарда кәсіби тілді меңгеруді жеңілдетеміз.
Бесплатно
Аза хандыыны рылуыны саяси тарихы
Статья научная
Мақалада қазақ мемлекеттігін құрудың негізгі саяси жағдайлары, сондай-ақ жер иеленудің құқықтық негіздері және құрылған алғашқы хандықтың территориялық мәселелері қарастырылады. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек ру-тайпалар арасындағы маңызды алауыздықтарға қарамастан, саяси бытыраңқылықты жеңе білді. Қазақ хандарының соңынан ерген халық пен олардың мүддесі, тілектері бытыраңқылықты жойып, мемлекеттік бірлестікке біріге алу міндетін атқара алғандығы көрсетіледі. Мақалада хандықтың этникалық тарихына емес, саяси тарихына баса назар аударылады. Осы мәселемен мақаланың ғылыми жаңалығы мен өзектілігі нақтыланады.
Бесплатно
Азастан республикасында азы-тлік ауіпсіздігіні жадайын баалау
Статья научная
Мақалада азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жасаудың негізгі көрсет- кіштері анықталып, еліміздегі ағымдағы жағдайына талдау мен бағалау жасалған. Хaлық- тың жaн бacынa шaққaндa азық-түлік өнімдерін өндіру соңғы бес жылда өскені, хaлықтың жaн бacынa шaққaндa нeгiзгi тaмaқ өнiмдepiнің кейбір түрлері бойынша тұтынуы мини- малды нормаларға жетпейтіндігі көрсетілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қaйтa өңдeу түpлepi бoйыншa Қaзaқcтaнның импopтқa тәуeлдiлiгi бар екені және азық-түлік қауіп- сіздігінің бәсекеге қабілеттілігі жөнінен әлем елдерінен артта келе жатқандығы дәлел- денген. Ауыл шаруашылығы саласында орын алған бірқатар мәселелер анықталып, оларды шешудің жолдары ұсынылды.
Бесплатно
Азастан республикасындаы шаын ксіпкерлікті дамуы
Статья научная
Бұл мақалада Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шешуі табылмаған мәселелерді орындаудың жолдары, республикада кәсіпкерлік іс-әрекетін және әлеуметтік, экономикалық дамуына байланысты бағыттар талданған. Автор көптеген өндіріс саласының дамуына байланысты мемлекет тарапынан қажетті көмек, әдіс жолдарын белгілейді. Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Жұмыстың мақсаты Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуының басым бағыттарын анықтап, ұлттық экономиканың дамуына олардың ықпалын бағалаудың әдістемелік нұсқауларын дайындау және нақты экономикалық тұрғыда негізделген тәжірбиелік ұсыныстар беру.
Бесплатно
Азастан республикасыны она й-туристік ызмет крсету заманауи жадайын баалау
Статья научная
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы қонақ үй - туристік қызметтерінің даму мәселесі зерттеледі. Қазақстандағы қонақ үй секторын дүниежүзілік тәжірибесімен талдасақ, бұл сала еліміздегі басқа өнеркәсіптерінің көлеңкесінде ұзақ уақыт және қонақ-жайлылық индустрияның экономикалық, басқарушылық, ұйымдастыру себеп-салдары оның дамуына әсер етеді. Авторлар Қазақстандағы қонақ үй-туристік мүмкіндіктерін зерттеу сұрағының қажеттілігінің басты шешімі тепе-теңдік «Баға-Сапа» деп санайды. Бұл әлемдік және ішкі бәсекелестікте өзекті жағдай.
Бесплатно
Азастанда факторингтік операцияларды дамыту жолдары
Статья научная
Бұл жұмыста негізінен елімізде факторингтік операцияларды дамыту жақтарын кеңінен жетілдіру жолдары тарапынан қарастырылған бағыттар көрсетілген. Сондай-ақ қазіргі кезде факторингтік операцияларды барынша ұйымдастыру, оны жетік ұғыну, меңгеру бағыттары бойынша және оны бағалау әдістемесі төңірегінде қарастырылған жүйелер ұсынылады. Бұл мақаланың негізгі және басты зерттеу қорытындысы елімізде факторингтік операцияларды дамытуды тиімді қолдану нысандарымен айқындалатын қаржы ұйымдарында, банк сфераларында, экономикалық және өндірістік ұйымдарда пайдалануға болатынын ашып көрсету.
Бесплатно
Азастандаы ерекше оралатын табии ауматар жне биоалуантрлілік
Статья научная
Аталған мақалада Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тиімді пайдаланып, сапасын арттыру мәселесі қарастырылғын. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ұлттық ерекшелігін ескере отырып, еліміздегі туризм саласын дамытудың тиімді тәсілін зерттеу. Бұл жұмыста ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру арқылы, Қазақстандағы биоалуантүрлілік санының арту топтамасы ұсынылған.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақаланың өзектілігі мұнда қаржылық қатынастардың өсу тенденциясы талданып Қазақстанның қор нарығының ағымдағы жай-күйі, акциялар нарығының дамымағандығы сөз етіледі. Орта мерзімді перспективада бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттары мен міндеттері қарастырылады. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау мәселелері айтылады. Автор бұл мақалада бағалы қағаздар нарығын дамытумен, дамыған инфрақұрылымның болуы үлкен мəнге ие екендігін тілге тиек етеді. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан əрі дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттілігін ұсынады.
Бесплатно