Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета

Все статьи: 1148

Сүт өндірісінде сүт майын алмастырғышты қолданудың перспективасы

Сүт өндірісінде сүт майын алмастырғышты қолданудың перспективасы

Ф.Т. Диханбаева, Э.Ж. Жаксыбаева, Г.С. Жунусова, А. Тургунова, А. Кенбаева

Статья научная

Мақалада сүт өндірісінде сүт майының алмастырғыштарын пайдалану туралы және оның алдағы перспективасы туралы ақпарат берілген. "ЭФКО" фирмасының "Эколакт" май алмастырғыштарының физика-химиялық сипаттамалары ұсынылған. Сүт майын алмастырғыштың балқу температурасы -34-360С. Зерттеу нәтижелері бойынша, "Эколакт 1403-35" сүт майын алмастырғыш пайдалану йогурттың сапалық көрсеткіштерін артты- рады және негізгі сүт шикізатын алмастыруға мүмкіндік береді. Бақылаумен салыстырғанда майдың мөлшері 15-21%-ға артады. Гомогенизация тиімділігі және сүт қоспасындағы ор- ганолептикалық көрсеткіштер төмендемейді.

Бесплатно

Сүт өнімдері өндірісінде суды дайындаудың заманауи жүйелері

Сүт өнімдері өндірісінде суды дайындаудың заманауи жүйелері

М.К. Алимарданова, Ж.Б. Хамзина

Статья научная

Бүгінгі күні суды өңдеудің технологиялық сызбасын жетілдіру талап етілуде. Мақалада сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында су өңдеу жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Сүт өнімдері өндірісінде перспективасы басым суды сүзудің механикалық, реагентті, тотықтырғыштық, адсорбциялық, ион алмасу әдістері, сондай-ақ мембраналық сүзу әдістері, су дайындауға арналған электродиализдік қондырғылар зерттелді. Әдістерді талдау суды өңдеу жүйелерінің кемшіліктерін анықтауға және оларды жетілдіру жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.

Бесплатно

Сүтті тұқымды ешкілердің өнімділігі және сипаттамасы

Сүтті тұқымды ешкілердің өнімділігі және сипаттамасы

Ж.К. Шадьярова, Д.Б. Құрманғалиева, Н.Н. Ланцева, Г.Т.Юсупова

Статья научная

«Сүтті тұқымды ешкілердің өнімділігі және оның сипаттамасы» атты мақалада сүтті бағыттағы ешкілердің физиологиясы, өнімділігі, лактация кезеңі, сүтінің майлылығы, төлдеу ерекшелігі жөнінде толық жазылған. Біздің елімізде дәстүрлі түрде ешкі сүтке байланысты өсіріледі. Ол сиырдан ақуыз құрамы мен саны жағынан асып түседі. Ұсақ үй жануарларын күтіп-ұстау және ұстау иелеріне еңбек және қаржы салымдарын талап етеді. Таза тұқымды жануарлардың өнімділігі жоғары: сіздің үстеліңізге жылына бір тоннадан астам дәмді пайдалы сүт әкеледі. Ең бастысы-сауын табынын дұрыс таңдау. Авторлар жүргізген зерттеудің нәтижесінде Заанен, чехиялық қоңыр, альпі, нубикалық ешкі тұқымы басқа тұқымдармен салыстырғанда өнімділік бойынша ең өнімді болып табылады және Қазақстанда оларды өсіруге уәде береді деп көрсетілген.

Бесплатно

Сүтті ядролық магниттік резонанс негізінде магнит өрісімен өңдеу арқылы сапалық көрсеткіштерін эксперименттік бағалау

Сүтті ядролық магниттік резонанс негізінде магнит өрісімен өңдеу арқылы сапалық көрсеткіштерін эксперименттік бағалау

Б.Х. Айтчанов, О.А. Баймуратов, А.Н. Алдибекова

Статья научная

Берілген мақалада сүттің кейбір сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін ядролық магниттік резонанс әдісінің принципі бойынша сүтті магнит өрісінің көмегімен өңдей отырып оның сапасын басқару міндеттері қарастырылады. Сүт сапасын басқарудың үш деңгейлі автоматтандырылған жүйесі жасалып, ұсынылды және оның жұмыс істеу принципі мен құрылымдық сызбасы келтірілді. Мақаладағы сүт өнімдерінің сапасының көрсеткіштерін эксперименттік бағалауы ядролық магниттік резонанс негізіндегі магнит өрісін тұрақтандыру жүйесінің параметрлерінің оңтайлы мәндерін анықтап, ретке келтіруге мүмкіндік берді.

Бесплатно

Сұлы және ноқат ұны қосылған пряниктердің жаңа технологиясы

Сұлы және ноқат ұны қосылған пряниктердің жаңа технологиясы

А Б. Абуова, А.К. Гумарова, Э.Р. Чинарова

Статья научная

Мақалада кондитер бұйымдарының ассортиментін кеңейту және функционалды, диеталық қасиетін жоғарылату мақсатында сұлы және ноқат ұнын қосу арқылы пряниктердің жаңа технологиясын жасаудың зерттеулері қарастырылған. Функционалды бағыттағы пряниктердің рецептурасын жасау және өсімдік компоненттерінің бірқалыпты мөлшерін таңдау үшін 6%, 10% және 15% сұлы және ноқат ұны қосылған ұнды қоспалардың композициялары құрастырылды. Балдық бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары - 4,8 балл 10 % сұлы және ноқат ұны қосылған пряниктерде болды. Ал жаңа пряниктердің органолептиқалық және физика –химиялық көрсеткіштерінің МЕМСТ 15810 – 2014 сәйкес келетіндігі анықталды. Пряниктер өндірісінде сұлы және ноқат ұнын қосу өнімді дәрумендер, микроэлементтер, тағам талшықтарымен байытады, ассортиментін кеңейтеді, өндіріске енгізіліп, бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың қол жетімді өніміне айналдыруға мүмкіндік береді.

Бесплатно

Сәбіз ұнын қосу арқылы балаларға арналған бауырсақ дайындау технологиясын жетілдіру

Сәбіз ұнын қосу арқылы балаларға арналған бауырсақ дайындау технологиясын жетілдіру

Школ Х.Ш., Тулеген А.А.

Статья научная

Бұл мақалада сәбіз ұнын қосу арқылы, балаларға арналған бауырсақ қамырын дайындау тех-нологиясын жетілдіру ұсынылған. Сәбіз ұнының артықшылықтары мен ерекшеліктеріне ескеріліп, бауырсақ қамырына қоспа ретінде таңдалып алынды, химиялық құрамына талдау жасалынды. Зерттеу барысында , бидай ұнына 5%, 10%, 15%, 20%, 25% мөлшерінде сәбіз ұнын қосып, бауырсақ пісірілді. Қамыр кілегейлі консистенциялы болғандықтан, миксердің көмегімен иленді. Сәбіз ұны қосылып пісірілген бауырсақ жақсы органолептикалық сапа көрсеткіштеріне ие болды. Бидай ұнына сәбіз ұнын қосып дайындалған оңтайлы рецептураны қолдана отырып, ұлттық бауырсақ өнімдерін өндіру тиімді екенін көрсетеді және дайын өнімдердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен бірге балаларға арналған азық-түлік өнімдерінің спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. 15% сәбіз ұны қосыл-ған қоспадан дайындалған бауырсақ, органолептикалық және физико-химиялық параметрлері бойын-ша ең қолайлы деп танылды.

Бесплатно

Тaмa нepкciбiндe олдaну шiн Aлмaты облыcындa ceтiн жaa пicкeн гpeк жaaыны жeмicaбын зepттeу

Тaмa нepкciбiндe олдaну шiн Aлмaты облыcындa ceтiн жaa пicкeн гpeк жaaыны жeмicaбын зepттeу

Султaновa М.Ж., Aкжaнов Н., Додaeв К.О., Якияeвa М.A.

Статья научная

Бұл мaқaлaдa жaңa пicкeн гpeк жaңғaғының жeмicқaбын зepттeу нәтижeлepi бepiлгeн. Жeмicқaптың биологиялық бeлceндi зaттapы экcтpaкция әдiciмeн бөлiнiп aлынды. Экcтpaкция epiткiш peтiндe этaнол мeн cуды пaйдaлaнып, жapтылaй aвтомaтты Cокcлeт aппapaтындa жүpгiзiлдi. Бұл зepттeудiң мaқcaты жaңa пicкeн гpeк жaңғaғының жeмicқaбын қолдa бap фeнолды қоcылыcтapын экcтpaкция әдiciмeн aнықтaу болды жәнe болaшaқтa aлынғaн cығындыны жeтicпeйтiн тaғaмдық элeмeнттepдi бaйыту үшiн тaғaмдық қоcпa peтiндe пaйдaлaну жоcпapлaнудa. Cонымeн қaтap экcтpaкцияның оңтaйлы peжимдepi aнықтaлды, олapдa фeнолды қоcылыcтapдың бapыншa толық экcтpaкцияcы бaйқaлaды. Нәтижeciндe жaңғaқ жeмicқaбының ұнтaқтaу көpceткiшi фeнолды қоcылыcтapдың шығымынa тiкeлeй әcep eтeтiнi aнықтaлды жәнe зepттeу нәтижeci бойыншa 300 μm-гe дeйiн ұcaқтaлғaн жeмicқaп фeнолдық қоcылыcтapдың мaкcимaлды өнiмiн бepдi. Оңтaйлaндыpу нәтижeлepi 90% этaнолмeн экcтpaкциялaу кeзiндe экcтpaкция уaқыты 150 минутты құpaйтынын көpceттi, aл фeнолдық қоcылыcтapдың шығымы eң жоғapы болды, cонымeн қaтap «этaнол+cу» экcтpaгeнтiмeн 80/20 қaтынacындa экcтpaкция кeзiндe экcтpaкция уaқыты 120 минут болды, бұл cығындының мaкcимaлды шығымы болды. Жaңғaқ жeмicқaбы cығындыcының BHT, BHA жәнe TBHQ cияқты cинтeтикaлық aнтиокcидaнттapмeн caлыcтыpғaндa жоғapы aнтиокcидaнттық бeлceндiлiгi бap eкeнi aнықтaлды.

Бесплатно

Таам жне айта деу нерксібіні технологиясы

Таам жне айта деу нерксібіні технологиясы

Женисбекова A.A., Тулепова M.., Диханбаева Ф.Т., Мухтарханова Р.Б.

Статья научная

Соңғы жылдары түйіршікті сүзбе өнімдерінің технологиясының сапасын жақсарту, дайын өнімнің биологиялық және тағамдық құндылығын, сақтау мерзімін арттыру үшін өсімдік майын қосып жетілдіру перспективасы кеңінен қолданылуда. Жұмыс барысында зығыр майы қосылған түйіршікті сүзбе құрамының мөлшері анықталды, технологиялық сызба жасалды. Физика-химиялық және микробиологиялық өзгерістер зерттеліп, нәтижесінде алынған өнімнің энергетикалық көрсеткіші есептелді. (100 г өнімге 774кДж/178 ккал: майлар 10,42 г (52%); ақуыз 18 г (40%);көмірсулар 3,3 г (8%)).

Бесплатно

Таамды жне биологиялы ндылыы жоары композитті рамнан дайындалатын бидай наныны сапасын анытау

Таамды жне биологиялы ндылыы жоары композитті рамнан дайындалатын бидай наныны сапасын анытау

Байысбаева М.П., Изембаева А.К.

Статья научная

В данной статье приведен способ получения полноценного хлеба из цельносмолотого зерна на основе композитной муки. Полученные результаты доказывают целесообразность исполь-зования выбранного объекта исследования композитной смеси из цельносмолотых злаковых культур для улучшения качества и повышения пищевой ценности хлеба. Исследованием было установлено, что в приготовленном готовом хлебе из смеси 20% глютена, ячменя, гречихи увеличилось содержание белка на 17,5%, жира на 46,4% углеводов на 42,3%. Было обнаружено, что содержание витаминов в хлебе увеличилось на 40,1%, а минераль-ный состав увеличился в два раза.

Бесплатно

Табии шжы абытарыны физика-химиялы крсеткіштерін анытау

Табии шжы абытарыны физика-химиялы крсеткіштерін анытау

Кененбай Г. С., Омиржанова Б. Б., Татиева А. Н.

Статья научная

Ет өнімдерінің ішіндегі сүйікті тағамдардың бірі - шұжық. Кез-келген дүкенде шұжық өнімдерінің кең ассортименті ұсынылған және сапасы мен бағасы бойынша талаптарға жауап беретін шұжық- тардың көптеген сорттары бар. Бұл жерде шұжық орамы маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда біздің орау нарығымызда отандық өндірушілердің шетелдік өндірушілермен бәсекелесуге барлық мүмкіндіктері бар. Табиғи қабыққа ерекше назар аудару керек. Жүргізілген зерттеулер бойынша, тұтынушылардың көбісі шұжықты табиғи қабықта деликатес деп санайды. Шұжық табиғи қабықта бұл толығымен таза табиғи өнім, сондықтан экологиялық таза. Зерттеулер нәтижелері бойынша табиғи шұжық қабығына органолептикалық, физика-химиялық, дәрумендік, аминқышқылдық, май қышқылдық және микробиологиялық көрсеткіштері анықталды. Табиғи қабық шұжық өнімдерін өндіруде табиғи өнімді сыртқы әсерлерден қорғайды, тағамдық құндылығын арттырып шұжық өнімдерінің мінсіз құрамдас бөлігі болып табылады. Жұмыста ғылыми әдебиеттерден шұжық өндіру технологиясы туралы ақпарат жиналып талданды. Жасанды және табиғи сияқты екі шұжық қабығына салыстырмалы талдау жасалды. Қаржыландыру көзі ұсынылған зерттеулер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі қаржыландыратын BR10764970 «Дайын өнімнің ассортиментін кеңейту және шикізат бірлігінен шығу, сондай-ақ өнім өндірісіндегі қалдықтар үлесін азайту мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалды.

Бесплатно

Тама нерксібі ксіпорындарында ксіпкерлік туекелді тмендетуді негізгі баыттары

Тама нерксібі ксіпорындарында ксіпкерлік туекелді тмендетуді негізгі баыттары

Шораева А.Б.

Статья научная

Бұл мақалада: тәуекел түрлері мен оны талдау әдістері және кәсіпкерлік тәуекелді бағалау және төмендету жолдары қарастырылған. Қазіргі таңда экономистердің пікірінше, кәсіпкерлік тәуекелді анықтау және басқару рөлінің маңыздылығын нығайту Қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мақалада автор тарапынан қаржылық және өндірістік тәуекелді басқару бойынша жан-жақ-ты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «ФудМастер Компаниясы» ЖШС - нің қаржылық жағда-йына талдау жасалынып, тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.

Бесплатно

Тама німдерін айнату процесіндегі жылу жне масса алмасу

Тама німдерін айнату процесіндегі жылу жне масса алмасу

Кзембаева Г., Кзембаев ., Кнболатова А.

Статья научная

Тамақ өнімдерін қайнату процесін есептеу үшін жылу және масса алмасу теориясын қолдану мәселелері қарастырылған. Бұл кезде өнім немесе дайындама материалдық нүкте деп қарастырылады. Дифференциялдық теңдеуді шешу арқылы өнімнің теориялық жолмен дайындалу уақытын анықтауға болады.

Бесплатно

Тама німдерін капсулалауа арналан ондыры

Тама німдерін капсулалауа арналан ондыры

Какимов А. К., Майоров А. А., Жумадилова Г. А., Муратбаев А. М., Ташыбаева М. М.

Статья научная

Бұл мақалада тамақ өнімдерін капсулалауға арналған қондырғы көрсетілген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты негізгі тамақ өнімдерге деген қажеттілігін тұрақты қанағаттандыру, кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Қажетті ортада еритін, емдік әсерін сақтайтын және тұтынушының талаптарына сәйкес келетін (пайдалану ыңғайлылығы, тиімділігі, қолайлы құны) қасиеттері мен сипаттамалары бар жоғары сапалы капсулаларды алу мәселесі әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Микрокапсула алуға арналған қондырғы осындай бөлшектерден жасалды: олар қуат блогы Mercury ATX Switching Power Supply-450W; аквариумды трубка; әйнек жуғыш сорғы; ажыратқышы бар айнымалы резистор 10 кОм; dc-dc тұрақты кернеуді төмендететін тұрақтандырғыш, модуль LM2596S; желатин, натрий альгинат ерітіндісі; электромагниттік араластырғыш; су бүркуге арналған пластикалық бүріккіш (форсунка); кальций хлориді ертіндісі. Капсулалау процесінің көптеген технологиялары бар. Капсулаларды тамшылату, дисклі шашырату әдістерімен алуға болады. Бұл жұмыста капсулалау материал ретінде натрий альгинаты, желатин таңдалды. Гель түзетін қоспаның сулы ерітіндісі ретінде натрий альгинаты қосылған желатин ерітіндісі қолданылды. Ең жақсы нұсқа-құрамында 0,5% алгинат және желатин бар капсулалардың құрамы, ерітінді 40°C температурада қолданылуы керек. Капсулалар тамшылы әдіспен алынды. 0,5% натрий альгинаттан алынған капсулалар жұмсақ, беті тегіс болып шықты, орташа мөлшері 2,0×10-3м болды.

Бесплатно

Таматандыру ксіпорындарындаы ызметтерді сапасын жетілдіру жолдары

Таматандыру ксіпорындарындаы ызметтерді сапасын жетілдіру жолдары

Токбергенова У.А.

Статья научная

Аталған мақалада Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру орындарында көрсетілетін қызмет көрсету сапасын жетілдіру жолдары, ерекшеліктері және қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылды. Кәсіпорындағы қызмет сапасының төмендеуіне қатысты Ресейлік бизнес - тренер және қонақжайлық-сервис мәселесіндегі консультант Н.Еремееваның берген элементтеріне өзіндік жетілдіру және жаңашылдықты енгізу кеңестері қарастырылды.

Бесплатно

Тағам өндірістерінің объектілері мен үдерістерін компьютерлік модельдеу

Тағам өндірістерінің объектілері мен үдерістерін компьютерлік модельдеу

Н.С. Зәуірбеков, А.А. Асылбеков, А.К. Козыбаев, Ж.С. Набиева

Статья научная

Тағам өндірістеріндегі объектілер мен процестерге математикалық модельдеуді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Объектілер мен процестерді компьютерлік модельдеудің мысалдары және математикалық модельдердің негізгі процестері келтірілген. Лимон, Апорт, Столовка алмаларынан берілген параметрдегі композитті шырын алу мысалы келтірілген. Нәтижесінде, Microsoft Excеl бағдарламасында перспективті-норма- тивті модельдеу әдісін қолдану арқылы титрлеу қышқылдығы 0,3%, С дәрумені 0,02% болатындай шырындардың қосылатын пайыздары есептелді.

Бесплатно

Текстиль материалдар асиетіне золь-гель композициясыны серін зерттеу

Текстиль материалдар асиетіне золь-гель композициясыны серін зерттеу

Збергенова М.М., Дюсенбиева К.Ж., Тжанова А.Ж.

Статья научная

Антимикробты целлюлозды текстиль материалы берілген жаңа тәсілмен дайын-далды. Золь-гель әдісімен алынған целлюлозды текстиль материалдың антимикробтық белсенділігін тексеруде берілген композиция текстиль материалының қасиетіне әсері қарастырылды. Зерттеу барысында берілген золь - гель композициясы зерттелген үлгілердің ауа өткізгіштік, беріктік және қыртыстану қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Тәжірибелік маңызы жүргізілген зерттеулер бойынша берілген материал тұрмыста және төтенше жағдайдағы талаптарда, қауіпті вирустар мен бактериялармен күресу кезінде қолдануға болады.

Бесплатно

Тележргізушілерді телеарна бейнесін жобалау процесін зерттеу

Тележргізушілерді телеарна бейнесін жобалау процесін зерттеу

Ктш А.Д., Талатбекова А.Ж.

Статья научная

Берілген ғылыми мақалада тележүргізушілердің телеарна бейнесін жобалау процесі зерттелген, сонымен қатар тележүргізушілер киіміне қойылатын талаптар қарастырыл-ды, киімдерінде тасымалданатын бөлшектердің үйлесімділігін және түрлендіру әдістерінің талаптары жобаланды, дикторлардың телеарна алдындағы бейнесін жобалау процесі қалыптастырылды.

Бесплатно

Термостойкие композиционные пленки с высокой механической прочностью на основе алициклического полиимида

Термостойкие композиционные пленки с высокой механической прочностью на основе алициклического полиимида

Зайнуллина А.Ш., Умерзакова М.Б., Мейирова Г., Сариева Р.Б., Жылгельдиева Г.Е.

Статья научная

В данной статье обсуждаются некоторые свойства и пути создания композиционных пленок на основе тройной композиции из алициклического полиимида (ПИ), полиэтилентереф-талата и полиэтиленгликоля (ПЭТФ и ПЭГ). Исследования показали, что композиции на основе ПИ, содержащие 0,1-1 мас. % ПЭТФ и 0,75-2 мас.% ПЭГ, обладают более высокими термически-ми свойствами в сравнении с исходным ПИ. Температура начала разложения этих пленок на 20-35 оС превышает аналогичные значения исходного алициклического ПИ. Показано, что разрабо-танные тройные композиции на основе алициклического ПИ, ПЭТФ и ПЭГ обладают улучшен-ными термическими и физико-механическими свойствами. Композиционные материалы могут использоваться в электротехнической отрасли в качестве диэлектрического материала.

Бесплатно

Термотрансформатор для одновременного получения холода и теплоты

Термотрансформатор для одновременного получения холода и теплоты

Дзино А.А., Малышев А.А., Малинина О.С.

Статья

Бесплатно

Журнал