Технология пищевой и перерабатывающей промышленности. Рубрика в журнале - Вестник Алматинского технологического университета
Сүт негізінде әзірленген функционалды өнімнің сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу
Статья научная
Қазіргі уақытта халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін функционалды тамақ өнімдерін пайдалану болашақта дамытуға тұрарлық бағыт болып табылады. Сиыр сүті мен өсімдік шикізаты негізінде асқабақ есбесі алынып, кешенді биойогурт әзірленген рецептурасының негіздемесі келтірілген. Дайындалған биоөнім бойынша асқабақ сығындысын әртүрлі мөлшерде қосылды(10%,15%,20%). Алынған өнімді талдау оның барлық органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкестігін, сондай-ақ титрлік қышқылдығы (°T), pH деңгейі зерттелді. Өлшеу нәтижелері бойынша барлық үлгілердің pH деңгейі 4,16 – 4,18 аралығында болды. Йогурттың pH көрсеткіші 4,0 – 4,6 аралығында болуы тиіс, сондықтан алынған нәтижелер стандарт талаптарына сәйкес келеді. Сүт өнімдеріндегі ерекше қауіп төндіретін заттар: антибиотиктер мен сульфаниламидті заттар, нитрофурандар, пестицидтер, беттік белсенді заттар, хлор дезинфекциялық заттар, сутегі асқын тотығы, формалин, сірке қышқылы болып табылады. Сондықтан дайын өнім жасалып, дайын йогурттағы антибиотик қалдықтары зерттелді. Йогурттағы антибиотиктердің болуы өнімнің қауіпсіздігіне, сүтқышқылды бактериялардың тіршілік қабілетіне және сүттің ашу процесіне тікелей әсер етеді. Алынған микробиологиялық мәліметтерге сәйкес, асқабақ сығындысы қосылған йогуртта патогендік микрофлора жоқ, ол қауіпсіз, оның жарамдылық мерзімі сақтау жағдайларына байланысты.
Бесплатно
Сүт қышқылды микроорганизмдерді қолдану арқылы пісіріліп-ысталған шұжықтың технологиясын жетілдіру
Статья научная
Мақалада пісіріліп-ысталған шұжықтың технологиясын жетілдіру мақсатында сүт қышқылды микроорганизмдердің (СҚМ) оңтайлы концентрациясын таңдау және шұжықтың құрамына енгізу қарастырылған. Зерттеу барысында Lactobacillus curvatus және Staphylococcus carnosus микро- организмдерінен тұратын сүт қышқылды микроорганизмдер қоспасын қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Бұл микроорганизмдер технологиялық әсерге жоғары төзімділік көрсетіп, адам ағзасының ішек микробиоценозын жақсартуға ықпал етеді. Пісіріліп-ысталған шұжықтың технологиясын жетілдіру барысында Lactobacillus curvatus және Staphylococcus carnosus микроорганизмдерінен тұратын сүт қышқылды микроорганизмдерінің қоспасының 0,01-0,03% аралықта мөлшері енгізілді. Бақылау үлгісі ретінде «Любительская» 1-ші сұрыпты пісіріліп-ысталған шұжықтың рецептурасы қолданылды. Үлгілердің физика-химиялық көрсеткіштерін салыстыру нәтижесінде сүт қышқылды микроорганизмдері қоспасының оптималды концентрациясы болып 0,02% мөлшері алынды. Зерттеу нәтижелері барысында 0,02% сүт қышқылды микроорганизмдер қоспасын қолдану пісіріліп-ысталған шұжықтың функционалдық, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштерін жақсартатынын көрсетті. Бұл тәсіл химиялық консерванттарды азайтуға және тұтынушылардың заманауи талаптарына сәйкес өнім алуға мүмкіндік береді. Сүт қышқылды микроорганизмдерді пісіріліп-ысталған шұжықтарды өндіру технологиясында қолдануда сапалық көрсеткіштерді жақсартумен қатар, өнімнің функционалдық қасиеттерін жоғарлатады. Зерттеулер нәтижесінде сүт қышқылды микроорганизмдер қоспасын қолдану арқылы пісіріліп-ысталған шұжықтың технологиясы жасалды.
Бесплатно
Тaмa нepкciбiндe олдaну шiн Aлмaты облыcындa ceтiн жaa пicкeн гpeк жaaыны жeмicaбын зepттeу
Статья научная
Бұл мaқaлaдa жaңa пicкeн гpeк жaңғaғының жeмicқaбын зepттeу нәтижeлepi бepiлгeн. Жeмicқaптың биологиялық бeлceндi зaттapы экcтpaкция әдiciмeн бөлiнiп aлынды. Экcтpaкция epiткiш peтiндe этaнол мeн cуды пaйдaлaнып, жapтылaй aвтомaтты Cокcлeт aппapaтындa жүpгiзiлдi. Бұл зepттeудiң мaқcaты жaңa пicкeн гpeк жaңғaғының жeмicқaбын қолдa бap фeнолды қоcылыcтapын экcтpaкция әдiciмeн aнықтaу болды жәнe болaшaқтa aлынғaн cығындыны жeтicпeйтiн тaғaмдық элeмeнттepдi бaйыту үшiн тaғaмдық қоcпa peтiндe пaйдaлaну жоcпapлaнудa. Cонымeн қaтap экcтpaкцияның оңтaйлы peжимдepi aнықтaлды, олapдa фeнолды қоcылыcтapдың бapыншa толық экcтpaкцияcы бaйқaлaды. Нәтижeciндe жaңғaқ жeмicқaбының ұнтaқтaу көpceткiшi фeнолды қоcылыcтapдың шығымынa тiкeлeй әcep eтeтiнi aнықтaлды жәнe зepттeу нәтижeci бойыншa 300 μm-гe дeйiн ұcaқтaлғaн жeмicқaп фeнолдық қоcылыcтapдың мaкcимaлды өнiмiн бepдi. Оңтaйлaндыpу нәтижeлepi 90% этaнолмeн экcтpaкциялaу кeзiндe экcтpaкция уaқыты 150 минутты құpaйтынын көpceттi, aл фeнолдық қоcылыcтapдың шығымы eң жоғapы болды, cонымeн қaтap «этaнол+cу» экcтpaгeнтiмeн 80/20 қaтынacындa экcтpaкция кeзiндe экcтpaкция уaқыты 120 минут болды, бұл cығындының мaкcимaлды шығымы болды. Жaңғaқ жeмicқaбы cығындыcының BHT, BHA жәнe TBHQ cияқты cинтeтикaлық aнтиокcидaнттapмeн caлыcтыpғaндa жоғapы aнтиокcидaнттық бeлceндiлiгi бap eкeнi aнықтaлды.
Бесплатно
Таам жне айта деу нерксібіні технологиясы
Статья научная
Соңғы жылдары түйіршікті сүзбе өнімдерінің технологиясының сапасын жақсарту, дайын өнімнің биологиялық және тағамдық құндылығын, сақтау мерзімін арттыру үшін өсімдік майын қосып жетілдіру перспективасы кеңінен қолданылуда. Жұмыс барысында зығыр майы қосылған түйіршікті сүзбе құрамының мөлшері анықталды, технологиялық сызба жасалды. Физика-химиялық және микробиологиялық өзгерістер зерттеліп, нәтижесінде алынған өнімнің энергетикалық көрсеткіші есептелді. (100 г өнімге 774кДж/178 ккал: майлар 10,42 г (52%); ақуыз 18 г (40%);көмірсулар 3,3 г (8%)).
Бесплатно
Табии тттілeндіргіштeрі бар eшкі стінeн дайындалан йoгуртты рeцeптурасын жeтілдіру
Статья научная
Мақалада eшкі сүтінeн дайындалған йoгурттың oрганoлeптикалық, физика-химиялық көрсeткіштeрінe талдау жүргізіліп, өнімнің құрамындағы биoлoгиялық бeлсeнді жәнe тағамдық қoспаларды анықтау үшін жүргізілгeн зeрттeулeрдің нәтижeлeрі көрсeтілгeн. Зeрттeу жұмысының мақсатытабиғи тәттілeндіргіші бар eшкі сүтінeн жасалған йoгурт рeцeптурасын жeтілдіру. Тазартылған ақ қантты табиғи тәттілeндіргіштeрмeн алмастыра oтырып, eшкі сүтінeн йoгурт дайындалып, oның oрганoлeптикалық жәнe физика-химиялық көрсeткіштeрі зeрттeлді. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығына тoқталсақ: қант қалыпты мөлшeрдe тұтыну ағзаға пайдалы, яғни қан айналымын қалпын кeлтіругe, ми прoцeсінің бeлсeнділігін арттыруға ықпал eтeді жәнe энeргия көзі бoлып табылады. Бірақ шамадан тыс тұтыну сeміздіккe әкeлeтінінін, сoнымeн қатар жүрeк-қантамыр ауыруларын, диабeт жәнe қатeрлі ісік ауруларын тудыратынын eскeрсeк бұл күрдeлі мәсeлeнің бірі жәнe oны шeшу үшін рeцeптураға сәйкeс ақ қанттың oрнына ағзаға зиянсыз, өсімдік тeктeс тәттілeндіргіштeр қoлдана oтырып, қантсыз eшкі сүтінeн йoгурт алу әдісі ұсынылады. Табиғи тәттілeндіргіштeр қoсылған йoгуртты дайындау прoцeсінің парамeтрлік сұлбасы ұсынылған. Стeвия мeн эритритoл сығындылары қoсылған eшкі сүтінeн жасалған йoгурттың oрганoлeптикалық көрсeткіштeрі мeн физика-химиялық қасиeттeрі йoгурттарға қoйылатын талаптарға сәйкeс кeлeтіні анықталды. Зeрттeулeр нәтижeсіндe эритритoл мeн стeвияның табиғи тәттілeндіргіштeрін қoлдана oтырып eшкі сүтінeн дайындалған йoгуртты өндіру тeхнoлoгиясы жасалды, тағамдық жәнe биoлoгиялық құндылығы жoғары өнім алынды.
Бесплатно
Табии шжы абытарыны физика-химиялы крсеткіштерін анытау
Статья научная
Ет өнімдерінің ішіндегі сүйікті тағамдардың бірі - шұжық. Кез-келген дүкенде шұжық өнімдерінің кең ассортименті ұсынылған және сапасы мен бағасы бойынша талаптарға жауап беретін шұжық- тардың көптеген сорттары бар. Бұл жерде шұжық орамы маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда біздің орау нарығымызда отандық өндірушілердің шетелдік өндірушілермен бәсекелесуге барлық мүмкіндіктері бар. Табиғи қабыққа ерекше назар аудару керек. Жүргізілген зерттеулер бойынша, тұтынушылардың көбісі шұжықты табиғи қабықта деликатес деп санайды. Шұжық табиғи қабықта бұл толығымен таза табиғи өнім, сондықтан экологиялық таза. Зерттеулер нәтижелері бойынша табиғи шұжық қабығына органолептикалық, физика-химиялық, дәрумендік, аминқышқылдық, май қышқылдық және микробиологиялық көрсеткіштері анықталды. Табиғи қабық шұжық өнімдерін өндіруде табиғи өнімді сыртқы әсерлерден қорғайды, тағамдық құндылығын арттырып шұжық өнімдерінің мінсіз құрамдас бөлігі болып табылады. Жұмыста ғылыми әдебиеттерден шұжық өндіру технологиясы туралы ақпарат жиналып талданды. Жасанды және табиғи сияқты екі шұжық қабығына салыстырмалы талдау жасалды. Қаржыландыру көзі ұсынылған зерттеулер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі қаржыландыратын BR10764970 «Дайын өнімнің ассортиментін кеңейту және шикізат бірлігінен шығу, сондай-ақ өнім өндірісіндегі қалдықтар үлесін азайту мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалды.
Бесплатно
Тама німдерін капсулалауа арналан ондыры
Статья научная
Бұл мақалада тамақ өнімдерін капсулалауға арналған қондырғы көрсетілген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты негізгі тамақ өнімдерге деген қажеттілігін тұрақты қанағаттандыру, кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Қажетті ортада еритін, емдік әсерін сақтайтын және тұтынушының талаптарына сәйкес келетін (пайдалану ыңғайлылығы, тиімділігі, қолайлы құны) қасиеттері мен сипаттамалары бар жоғары сапалы капсулаларды алу мәселесі әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Микрокапсула алуға арналған қондырғы осындай бөлшектерден жасалды: олар қуат блогы Mercury ATX Switching Power Supply-450W; аквариумды трубка; әйнек жуғыш сорғы; ажыратқышы бар айнымалы резистор 10 кОм; dc-dc тұрақты кернеуді төмендететін тұрақтандырғыш, модуль LM2596S; желатин, натрий альгинат ерітіндісі; электромагниттік араластырғыш; су бүркуге арналған пластикалық бүріккіш (форсунка); кальций хлориді ертіндісі. Капсулалау процесінің көптеген технологиялары бар. Капсулаларды тамшылату, дисклі шашырату әдістерімен алуға болады. Бұл жұмыста капсулалау материал ретінде натрий альгинаты, желатин таңдалды. Гель түзетін қоспаның сулы ерітіндісі ретінде натрий альгинаты қосылған желатин ерітіндісі қолданылды. Ең жақсы нұсқа-құрамында 0,5% алгинат және желатин бар капсулалардың құрамы, ерітінді 40°C температурада қолданылуы керек. Капсулалар тамшылы әдіспен алынды. 0,5% натрий альгинаттан алынған капсулалар жұмсақ, беті тегіс болып шықты, орташа мөлшері 2,0×10-3м болды.
Бесплатно
Тамақ өндірісіндегі кептіру кинетикасын математикалық модельдеу
Статья научная
Зерттеу жұмысы тамақ өнімдерін кептіру кинетикасын математикалық модельдеу мәселелеріне арналған. Қазіргі кезеңде тамақ технологиясында жылу және масса алмасу процестерін терең түсіну өнім сапасын арттыру мен энергия үнемдеуді қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – кептіру процесінде жылу және масса алмасу заңдылықтарына сүйене отырып, өнімнің ылғал шығару кинетикасын сипаттайтын математикалық модель құру және оны өндірістік жағдайларда қолдану мүмкіндігін анықтау. Жұмыстың ғылыми идеясы — кептірудің физикалық процестерін математикалық теңдеулер арқылы сипаттау арқылы өнімнің сапасын сақтай отырып, технологиялық тиімділікті арттыру. Мақалада жылу және массаалмасу құбылыстарын сипаттайтын Фик, Нуссельт және Рейнольдс критерийлеріне негізделген модельдеу әдістемесі келтірілген. Модельдеуде стационарлы емес жылуөткізгіштік теңдеулері, бастапқы және шекаралық шарттар жүйесі қолданылып, дифференциалдық теңдеулер сандық әдіспен шешілді. Зерттеу нәтижесінде кептіру уақыты мен энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді режимдер анықталды. Ұсынылған модель өнімнің ылғал құрамының динамикасын дәл сипаттап, жылуалмасу аппараттарының жұмыс параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми құндылығы — кептіру кинетикасын математикалық жолмен сипаттау арқылы процестерді басқарудың негізін қалыптастыруында. Практикалық маңыздылығы — алынған модельдерді тағам өндірісінің автоматтандырылған жүйелерінде, кептіргіш аппараттардың жобалау және энергия үнемдеу технологияларын жетілдіру саласында қолдануға болады.
Бесплатно
Тамақ өнімдерін капсулалауға арналған жетілдірілген қондырғы
Статья научная
Капсулалар шашырату әдіспен жетілдірілген қоңдырғыда алынды. Ортадан тепкіш форсунка жұмыс істеу принципі оған берілген сұйықтықтың айналуына негізделген. Ағын форсункадағы сұйықтық, сұйық бөлшектердің форсункаға қатысты импульс моментінің әрекетіне байланысты, ол сұйықтық айналу кезінде пайда болады. Капсулалау материал ретінде натрий альгинаты таңдалды. Альгинат тамақ өнеркәсібі, құрғақ сусын концентраттарын алу үшін немесе фармацевтика өнеркәсібінде энтеросорбенттердің сұйық түрлерін тез дайындау үшін немесе өндірілетін әртүрлі салаларда және медицинада қолданылады. Еритін альгинаттардың тән ерекшелігі - олардың тұтқыр ерітінділер түзу қабілеті, сондықтан олар әртүрлі салаларда тиімді қоюландырғыш ретінде кеңінен қолданылады. Альгинаттар диеталық тағамдардың бөлігі ретінде диеталық талшықтың көзі ретінде де қолданылады. Тәжірибе жасау кезінде ортадан тепкіш форсунка d = 1,2×10-3 м таңдалды. Капсулалау материалын негіздеу үшін 0,5%, 0,8%, 1% концентрациядағы натрий альгинаты ерітіндісі алынды. Гель түзетін қоспа тұтқырлығы әр түрлі температурада натрий альгинаты ерітіндісінің концентрациясына тәуелділігі кезінде, 40 С° температурада тұтқырлық мөлшері ротордың айналу жиілігі үшін шамалы өзгереді, ерітіндіні пайдаланудың ең қолайлы температурасы 40 С° алынды. Тісті сорғының 39,3 с-1, 47,6 с-1 жоғары айналу жиілігінде гель түзетін қоспаның тұтқырлығы төмендейді, форсунка диаметрі 1,2×10-3 м өткізу қабілеті өнімділігі артады. Ал капсулалауға арналған материал ретінде 1% натрий альгинаты концентрациясы қабылданды, алынған капсула орташа диаметрі 1,4×10-3 м болды.
Бесплатно
Статья научная
Бұл мақалада тағам өнімдерінің функционалдық және биологиялық құндылығын арттыру мақсатында итмұрын (Rosa spp.) өсімдігінің үш түрінен – Rosa acicularis, Rosa davurica, және Rosa rugosa алынған экстрактілердің сапалық және сандық құрамына салыстырмалы түрде бағалау жүргізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – түрлі итмұрын түрлерінен алынған табиғи экстрактілердің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтап, олардың тағамдық құндылығын айқындау және функционалдық тағам өнімдерінде қолдану мүмкіндігін негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында экстрактілердің физико-химиялық көрсеткіштері (рН, тығыздық, ерігіштік, құрғақ зат мөлшері), дәрумендер (әсіресе С дәрумені), минералдық элементтер (темір, калий, кальций және т.б.), көмірсулар (глюкоза, фруктоза, сахароза) және органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап қышқылдары) мөлшері анықталды. Экстракция екі түрлі әдіс арқылы – мацерация және ультрадыбыстық өңдеу – жүзеге асырылды, бұл әдістердің тиімділігі де салыстырмалы түрде талданды. Нәтижесінде барлық үш түрден алынған экстрактілер биологиялық белсенді заттардың жоғары концентрациясымен ерекшеленіп, олардың табиғи антиоксидант, иммуномодулятор және адаптогендік қасиеттерге ие екендігі анықталды. Салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша, Rosa acicularis түрінен алынған экстракт С дәруменінің, көмірсулардың және темірдің жоғары мөлшерімен ерекшеленіп, тағамдық мақсатта қолдануға ең тиімді нұсқа ретінде танылды. Аталған экстракт функционалдық тағамдар, профилактикалық өнімдер, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) құрамында қолдануға ғылыми негізделген табиғи ингредиент ретінде ұсынылады. Бұл зерттеу нәтижелері тағам өнеркәсібінде отандық өсімдік шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың салауатты тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық шешімдерге жол ашады.
Бесплатно
Статья научная
В статье рассмотрены технологические аспекты обогащения пшеничной муки микронутриентами, как эффективного способа повышения пищевой и биологической ценности массово потребляемых продуктов питания в условиях роста дефицита жизненно важных витаминов и минеральных веществ у населения. Целью исследований является разработка и научное обоснование технологических решений по производству хлеба из пшеничной муки высшего и первого сортов, обогащённой органическим селеном и комплексной витаминно-минеральной добавкой KAZvit, с сохранением стабильных хлебопекарных свойств теста и качества готового изделия. В рамках работы сформирована и апробирована технологическая схема производства хлеба, включающая этапы подготовки и обогащения муки, замеса теста, брожения, формования, расстойки и выпечки, с установлением рациональных дозировок и режимных параметров процессов. Научная значимость исследования заключается в выявлении закономерностей влияния органического селена и витаминно-минерального комплекса на реологические свойства теста и формирование структуры хлеба, а практическая - в возможности внедрения разработанной технологии на предприятиях хлебопекарной промышленности Республики Казахстан. Установлены оптимальные дозировки органического селена и комплекса KAZvit, обеспечивающие сохранение и улучшение реологических характеристик теста. Для муки первого сорта отмечено сохранение высокой растяжимости теста (94–97 мм), силы теста на уровне 466 ед. и минимальные изменения упругости (123–127 мм), тогда как в муке высшего сорта наблюдалось некоторое снижение растяжимости (75–133 мм) при сохранении силы теста (388–440 ед.) и упругости (125–140 мм), что позволяет использовать оба сорта для получения хлеба с различными структурно-текстурными характеристиками. На основе обогащённой муки изготовлены опытные образцы хлеба, для которых проведена оценка органолептических и физико-химических показателей. Установлено, что содержание селена, железа, цинка и витаминов группы B сохраняется после выпечки, а показатели пористости, кислотности, влажности, пропечённости и промеса соответствуют требованиям к качеству хлебобулочных изделий. Полученные результаты подтверждают эффективность разработанной технологической схемы и перспективность её промышленного применения для производства функционального хлеба.
Бесплатно
Статья научная
Соңғы жылдары сиыр уызының құрамы мен қасиеттерін зерттеу өзекті тақырып болып табылады, өйткені бірінші рет сауу кезінде алынған уыз сүті иммуноглобулиндер, лактоферриндер, лизоцимдер және цитокиндер сияқты биологиялық белсенді иммунитетті күшейтетін заттарға бай және жаңа туған сүт бұзауларында пассивті иммунитетті қалыптастыру, олардың денсаулығын нығайту, әл-ауқаты және болашақ өнімділік үшін өте маңызды. Төлдегеннен кейінгі сауудың алғашқы күндерінде ірі қара малдың уызында соматикалық жасушалардың мөлшері жоғары және микробқа қарсы препараттардың қалдықтары пайда болу қаупі бар, сондықтан уыз сүтін одан әрі азық-түлік байытқышы ретінде пайдалану үшін ақуыздардың құнды көзі ретінде сақтау мәселелері өзекті мәселе болып табылады. Зертханалық жағдайда төлдегеннен кейін 24 сағат ішінде алынған сиыр сүтінің уыз сүтін қолдану негізінде диеталық қоспалар жасалды. Бұл мақаланың мақсаты уыз сүтіне негізделген биологиялық белсенді қоспалардың ерігіштік режимдерін анықтау болды. Мақалада әр түрлі температурада және еру ұзақтығында ББҚ суда ерігіштік процесін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер келтірілген. Зерттеу нәтижелері ерудің оңтайлы уақыты мен ұзақтығын анықталды. Алынған нәтижелер уыз сүтіне негізделген биологиялық қоспалардың ерігіштігінің технологиялық режимдерін дұрыс таңдауды көрсететін химиялық көрсеткіштерді талдаумен расталады.
Бесплатно
Топинамбур қосылған функционалды қышқыл сүт өнімін өндіру технологиясын әзірлеу
Статья научная
Халық денсаулығының нашарлауы және тағам сапасының төмендеуі жағдайында функционалды тағам өнімдерін әзірлеу өзекті мәселе болып табылады. Функционалды тағам өнімдері ағзаның қоректік қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, емдік-профилактикалық және биологиялық белсенді қасиеттерге ие болуы қажет. Зерттеудің мақсаты – топинамбур ұнтағы, бал және самырсын жаңғағы қосылған функционалды қышқыл сүт өнімін әзірлеу және оның тағамдық құндылығын, пробиотикалық белсенділігін, микробиологиялық тұрақтылығын және қандағы қант деңгейіне әсерін бағалау. Зерттеудің ғылыми маңызы – қышқыл сүт өнімдерінің құрамында топинамбурды қолданудың тиімділігін дәлелдеу. Практикалық маңызы – денсаулықты нығайтуға және тамақтану сапасын жақсартуға ықпал ететін инновациялық өнімді әзірлеу және оны өнеркәсіптік өндірісте пайдалану мүмкіндігі. Методология ингредиенттердің химиялық құрамын талдауды, рецептураны әзірлеуді, дайын өнімнің физика-химиялық, микробиологиялық және органолептикалық қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар, өнімнің қандағы қант деңгейін төмендетуге, иммундық жүйені нығайтуға және ішек микрофлорасын жақсартуға әсері бағаланды. Зерттеу нәтижесінде топинамбур ұнтағы қосылған функционалды қышқыл сүт өнімінің технологиясы әзірленді. Авторлар өнімнің төмен калориялы, биологиялық құндылығы жоғары және пробиотикалық қасиеттерге ие екенін анықтап, оны емдік-диеталық және профилактикалық тамақтануда қолдануды ұсынады.
Бесплатно
Транс май рамы тмендетілген жартылай ысталан шжыа арналан тураманы физика-химиялы крсеткіштері
Статья научная
Бұл мақалада транс май қышқылдары төмендетілген жартылай ысталған шұжыққа арналған ет турамасының физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеудің нәтижелері көрсетілген. ҰС ЖШС 40793097-05-2015 негізінде жасалған жартылай ысталған шұжыққа арналған моделді тураманың физика-химиялық көрсеткіштері бақылау үлгісімен салыс-тырғанда рН мәні 0,07-ге (сілтілік ортаға) және ылғал байланыстырғыш қасиеті 5,3 %-ға артқандығы жайлы мәліметтер келтірілген.
Бесплатно
Ттас днді н осылан макарон німдеріні рецептурасын зірлеу
Статья научная
Салауатты өмір салты өзінің танымалдылығының шыңында, сондықтан өндірушілерді салауатты және теңдестірілген тамақтану принциптеріне сәйкес келетін жаңа өнімдерді жасау қызықтырады. Макарон өнімдері көптеген елдердің тұрғындары арасында үнемі сұранысқа ие, сондықтан олар макарон өнімдерін өндіру үшін дәстүрлі емес шикізатты байыту және пайдалану үшін перспективалы объект болып табылады. Зерттеудің мақсаты макарон өнімдерін өндіру үшін дәстүрлі емес шикізатты пайдалану болды, негізгі идея биологиялық құндылығы жоғары макарон өнімдерінің рецептурасын әзірлеу және дайын өнімнің сапасын талдау болды. Осы зерттеу барысында бидай ұнының бір бөлігін алмастыра отырып, тұтас бидай ұнын енгізу дайын өнімнің сапалық құрамына жағымды әсер ететіндігі анықталды. Рецептураны әзірлеу және сапаны бақылау МЕМСТ 54656-2011 «Байытатын қоспалары бар макарон өнімдері. Жалпы техникалық шарттар» негізінде жүргізілді. Дәрумендік құрамын, минералды құрамын, ылғалдылығын, желімтілік сапасының көрсеткіштерін анықтау жүргізілді. Зерттеу барысында қоспаның оңтайлы дозасы анықталды және макарон өнімдерін өндіруде тұтас бидай ұнын қолданудың орындылығы анықталды. Жүргізілген зерттеу және әзірленген рецептура қоспалары бар макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісін іске қосу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бесплатно
Статья научная
Зерттеу тұзды ірімшіктерді инновациялық технологияларды пайдалану арқылы өндіру кезінде шығындарды азайтуға бағытталған. Жұмыстың басты мақсаты – өндірістік циклді оңтайландырудың тиімді әдістерін әзірлеу, соның ішінде автоматтандыру, ферментті препараттарды пайдалану, энергия тиімділігін арттыру және жанама өнімдерді кешенді өңдеу. Қолданыстағы және келешегі бар технологиялық шешімдерді талдау көрсеткендей, автоматтандырылған басқару жүйелері мен баламалы ашытқы дақылдарын енгізу өндірістік шығындарды 15–20%-ға азайтуға, энергия тұтынуды 10–12%-ға төмендетуге және өнімділікті 5–7%- ға арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу ғылыми және қолданбалы маңызға ие, себебі ол сүт өнеркәсібін жаңғыртуға арналған экономикалық тұрғыдан негізделген шараларды ұсынады. Әзірленген тәсілдер рентабельділікті арттырып, түпкілікті өнімнің сапасын жақсартады, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілікті күшейтіп, ресурстарды ұтымды пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелері кез келген ауқымдағы кәсіпорындарда сәтті іске асырылуы мүмкін, бұл жабдықтарды жаңартуға, сапаны бақылауды жетілдіруге және шығындарды азайтуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, тұжырымдама саланың тұрақтылығын арттыруға бағытталған экологиялық аспектілерді де қамтиды. Ұсынылған технологияларды енгізу нарықтағы өндірушілердің позициясын нығайтып, өнімнің қолжетімділігін кеңейтеді және саланың әрі қарай дамуы мен шығындарды қысқартуға қосымша серпін береді.
Бесплатно
Тәтті жүгері негізіндегі жаңа көкөніс консервілерінің сапа көрсеткіштерін анықтау
Статья научная
Бұл зерттеу жұмысы тәтті жүгері мен көкөністердің жаңа комбинациясын пайдалана отырып, жоғары сапалы натурал консервілерді әзірлеу және олардың органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеуге арналған. Жүгері негізіндегі консервілер әлемдік нарықта және елімізде адам ағзасына пайдалы өнім ретінде кеңінен танымал, себебі олардың құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар мол. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - тәтті жүгері мен көкөністердің жаңа рецептурасын әзірлеп, консервілердің тағамдық құндылығын, физика-химиялық қасиеттерін және сақтау мерзімін анықтау. Зерттеу барысында дайын өнімдердің органолептикалық көрсеткіштері бағаланып, олардың дәмі мен сапасы жоғары деңгейде екені айқындалды. Сонымен қатар, алынған өнімдер елдің азықтүлік өнеркәсібін дамытуға, ішкі нарықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етуге және импортты алмастыруға үлес қосады. Бұл зерттеу жұмысы отандық консерві өндірісін дамытуға, сондайақ халықтың дұрыс тамақтануын қолдауға маңызды әсер етеді. Тәтті жүгері негізіндегі жаңа консервілердің өндірісі ел экономикасына оң әсерін тигізіп, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Болашақта осы өнімнің сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу, сақтау мерзімін ұзарту мәселелері зерттеліп, өнім ассортиментін кеңейту мүмкіндіктері қарастырылуы қажет.
Бесплатно
Управление безопасностью и качеством при производстве рассольных сыров
Статья научная
В статье рассмотрено внедрение системы НАССР на действующем предприятии. Данная система является научно обоснованной системой, позволяющей обеспечивать производство безопасной и качественной продукции путем идентификации и контроля опасных факторов. В ходе работы проведен анализ существующей на заводе системы управления безопасностью и предложены необходимые процедуры и мероприятия в связи с внедрением нового продукта - рассольного сыра. Для обеспечения качества выпускаемой продукции предложены две новые критические контрольные точки (ККТ 2 - приготовление рассола, ККТ 3 - хранение готового продукта), а также одну операционную программу (ОПП 3 - упаковка). Проведен анализ системы зонирования на предприятии и рекомендовано провести изменения в данном направлении в соответствии с требованиями НАССР. Предлагаемые мероприятия позволят обеспечить выпуск качественного рассольного сыра, что в свою очередь обеспечит его конкурентоспособность на потребительском рынке Украины.
Бесплатно
Усовершенствование центрифуги для разделения жира от шквары
Статья научная
В данной статье рассмотрим центрифугу для разделения жира от шквары для кормовой муки для животноводства. В пищевой промышленности неоднородные системы разделяют при помощи центрифугирования. В мясокомбинатах продукты, попадающие в центрифугирование, представляют собой бесструктурные или структурированные коллоидно-дисперсные системы (жидкие или гибкие тела) или сыпучие тела. К последним относятся изделия, состоящие из набора твердых однородных частиц меньшего размера, не учитывающих растягивающую загрузку. Известно, что коллоидные вещества обладают избыточностью по удельному весу и внутренней поверхности, поэтому отличаются высокими адсорбционными свойствами и способностью поглощать большое количество влаги. Коллоидные продукты, поступающие на центрифугирование, разделяют содержащуюся в них жидкость на свободную и связанную. Однако такая классификация не может дать четкого характера механизма связи между жидкостью и материалом и не учитывает специфику самого материала. Достаточно корректную и в основном точную картину связи жидкости с материалом может показать схема форм связи между материалом и жидкостью, в основе структуры которой лежит интенсивность связей между ними. По этим данным различают три формы связи материала с жидкостью: химическую, физико-химическую и механическую. Химическая связь более прочна, и в этом случае выделение жидкости из материала может быть достигнуто путем химического взаимодействия или путем интенсивного теплового воздействия (нагревания). Физико-химическая связь жидкости с материалом может наблюдаться в адсорбционных, осмотических и структурных связях. Адсорбционно связанную с материалом жидкость отделяют с помощью выпаривания, десорбции - при осмотическом контакте методом образования внеклеточного концентрированного раствора. Жидкость со структурными связями механически удерживается материалом, и его молекулярный слой адсорбционно связан. Для отделения жидкости, имеющей структурную связь с материалом, применяют методы выпаривания, прессования, дробного центрифугирования или разрушения конструкции.
Бесплатно
Уылдыры німіні сапасы мен ауіпсіздігін ішкі адаалау жйесі негізінде жоарылату
Статья научная
Мақалада балық өнімдеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер қарастырылып, оларды жақсарту мақсатында қадағалау туралы ақпарат берілген. Логикалық талдауды, салыстыруды, оларды топтарға біріктіруді және жалпы қорытынды жасауды қамтитын жүйелік-аналитикалық зерттеу деп аталатын әдіс қолданылады. Уылдырық өнімдерін өндіру кезінде ақпарат жинау зерттелді және келтірілді. Шикізатты түпкілікті өнімге айналдыру және оны сату процесі сипатталған. Айқындықты қамтамасыз ету үшін балық өнімдерін бақылау және олардың тіршілік циклінің әр кезеңінде есеп беру процесі талданды. Қадағалаудың тиімді жүйесі ұлттық заңнаманың және халықаралық талаптарды ескере отырып, өндірістің, сақтаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және тауарды сатудың барлық кезеңдерінде балық өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды айқындауға мүмкіндік береді. Қадағалау жүйесі тауардың шығу тегін анықтауға, ал қауіп туындаған жағдайда процестің сатысын немесе өнімді анықтауға және оларды азық-түлік тізбегінен шығаруға көмектеседі. Ішкі қадағалау жүйесін қолдану өндірісті жақсартуды, сондай-ақ дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ететіні анықталды.
Бесплатно