Вестник Алматинского технологического университета @vestnik-atu
Статьи журнала - Вестник Алматинского технологического университета
Все статьи: 1417
Жйені экстремаль ахуалда басаруда жадайлы тсілді олдану дістемесі
Статья научная
Ғылыми мақалада жүйені басқару мәселесі қарастырылып, жүйенің жағдайын бағалау және бақылау мәселелері, шешуші ережені құруға алып келетіндігі көрсетілген. Қазіргі заманғы көп сатылы өндіріс нысандарына жататын биотехнологиялық өндірістің үлкен көлемдегі қиын анықталатын параметрлерін, нақты уақыт масштабында өңделуі қажет болған, жүйе сияқты есепке алу мүмкіндігі қарастырылған. Практикалық шешімдерді қабылдау үшін жағдайлық тәсіл пайдаланылған кезде жүйенің жағдайы зерттеледі. Барлық қолданыстағы басқару модельдерінің қасиеттері бағаланады жəне осы жүйе үшін ең қолайлы болып табылатын басқару моделі таңдалады.
Бесплатно
Жнді бояу процестерін жетілдіру
Статья научная
Мақалада бояу көрсеткіштерінің бояу нәтижелеріне әсері қарастырылған. Зертханалық жағдайда қолданылатын бояу процесі бояғыш ерітіндісінің шығыны, боялған талшықтарды орналастыру кезіндегі тығыздық және т.б. сияқты параметрлердің әсерін ескеруге мүмкіндік бермейтіні белгілі. Осыған байланысты мақалада текстиль материалдарын бояу, оның ішінде салмағы 1-10 грамм талшықтарды бояу құрылғыны пайдалану қарастырылған. Зерттеу барысында бояу жүйесінің жылдамдығы және бояу көлеміндегі орналастырылған талшықтың массасы сияқты бояу параметрлерін өзгерттік. Бояу ваннасынан бояғыштарды сіңіруге 1,1-ден 1,8 м/мин аралығындағы бояу жүйесінің қозғалыс жылдамдығының және бояу көлеміндегі талшық салмағының 27,7-125 кг/м3 аралығындағы әсері зерттелді. Бояу жүйесінің ағынының жылдамдығын 1,1-1,43 м/мин диапазонында өзгерткен кезде талшықтағы бояғыш құрамының жоғарылауы және түстің жарықтылығының 37,5-48,9 диапазонында жоғарылауы байқалды. Айта кету керек, бояу жүйесінің ағынының жылдамдығы 1,43 м/мин астам жоғарылағанда, талшықтағы бояу мөлшері мен жарықтылықты 41,6-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ бояғыштың талшықта біркелкі таралуы байқалады және жалпы түс біркелкі емес болады. Мұны түстің жарықтығын және 11,24% құрайтын біркелкі еместік коэффициентін өлшеу нәтижелері бойынша бағалауға болады. Текстиль материалдарын бояуға арналған қолданылған құрылғыда өнеркәсіптік бояу жабдықтарының жұмыс жағдайларын модельдеуге болады. Текстиль өнеркәсібінің әрлеу өндірісінің бояу цехтары жағдайында текстиль материалдарын бояу үшін қарастырылып отырған қондырғыны пайдалану бояудың жаңа рецептураларын жылдам енгізуге және оларды практикалық енгізу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Бесплатно
Жоары белсенді іріткі енгізумен ымызды ра нтаын ндіруді биотехнологиялы негіздері
Статья научная
Мақалада сақталу мерзімі ұзартылған қымыздың құрғақ ұнтағын алудың мәселелері мен сұрақтары қарастырылады. Қазіргі уақытта жоғарғы белсенді іріткілерді енгізу арқылы қымыздың құрғақ ұнтағын өндірудің технологиясын жасау толық шешілмеген. Осы мәселелерді шешу тағамда қымызды қолдану уақытын және қымызды басқа аймақтарға тасымалдауда сақталу мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Бие сүтінің химиялық құрамы анықталды, рН, қышқылдық, ашу кезеңіндегі қымыздағы этил спиртінің өзгеруі, сонымен қатар, қымыз іріткісінің микрофлорасы зерттелді. Анықталғандай, жоғары сапалы қымыз алу үшін құрамында лактобактериялар мен қымыз ашытқылары бар іріткі қолдану қажет.
Бесплатно
Жшс «Фито-аромат» базасында со 2-экстракторы критикалы нктеге дейінгі шарттардаы артышылытары
Статья научная
Берілген мақалада эксперименталды қондырғының конструкциялық ерекшеліктері сипатталады. Өсімдік шикізаттың өндірісі қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. ЖШС «Фито-Аромат» базасында СО 2-экстракт алуға арналған экстракционды эксперименталды қондырғы жиналады және критикалық нүктеге дейінгі шарттарда экстракт алады. СО 2-экстракттарын кеңінен қолдану мүмкіндіктері берілген. Базада жиналатын экстракт алуға арналған эксперименталды экстракционды қондырғының артықшылықтары сипатталады. Жұмыстың актуалдығы экстракционды қондырғыда алынған экстракт құрамындағы биологиялық белсенді заттардың кең спектрде шығуы болып табылады.
Бесплатно
Жылы ет німдерін таамды оспалармен байыту арылы технологиясын жетілдіру
Статья научная
Бұл мақалада тағамдық қоспалармен байытылған жылқы етінен жасалған өнімдердің технологиясын жетілдіру көрсетілген. Жылқы ет өнімдерінің физика-химиялық көрсеткіш-тері мен емдік пайдасы жайлы қарастырылған.Aзық-түлiк тaғaмдaры өндiрiciнде жылқы етiне түйенiң өркеш мaйы мен acқaбaқ тұқымының ұнтaғын қоcу aрқылы шұжық өндiрiciн-дегi ұлттық өнiмдi дaмыту және Қaзaқcтaн хaлқынa бөгде қоcпacыз тaбиғи, пaйдaлы өнiм әзiрлеуболып табылады. Мақаланың өзектілігі бүгiнде жылқы етiне түйенiң өркеш мaйы мен acқaбaқ дәнiнiң ұнтaғын қоcу aрқылы тaбиғи шұжық өнiмдерiн әзiрлеп жетiлдiру, зерттеу жұмыcтaрының әдicтерiндaмыту және де Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тaбиғи, ұлттық өнiмнiң дaмуынa, cонымен қaтaр отaндық шұжық өнiмнiң accортиментiн ұлғaйту. Дайын өнімнің тағамдық және биологиялыққұндылығы жоғары, толыққұнды сапалы адам ағзасына қажетті және асқорыту жүйесін жақсарту жолында функционалды өнімді жасау болып табылады.
Бесплатно
Жібек жолы дстрімен орта Азия жне азастан халыны киімдеріні эволюциялы дамуыны зерттемесін талдау
Статья научная
Жібек жолы тарихи эволюциялық дәстүрімен Орта Азия және Қазақстан халқының киімдер зерттемесіне маталар тарихының талдамасы зерттелініп, тарихи жолмен түрлі алынған ою - өрнектердің түрлерімен сәнді коллекция жүйеленіп отыр. Жалпы сән ұлттық киімдерге әсерін тигізеді,әрине әр ұлттың қазіргі сәндегі киімдері бұрынғыдай сақталмаған алайда, біраз түрі сақталған мысалы: ұлттық кестелері, ою-өрнектері қазіргі киімдерде қолдануда.
Бесплатно
Жүгері слайстарының функционалды қасиеттерін арттыруда долана концентратының әсері
Статья научная
Функционалды тағамдарға қызығушылық артуына байланысты тек тағамдық құндылығы жоғары емес, сонымен қатар биологиялық құндылығы жоғары тағамдарды шығаруға көптеп көңіл бөлінуде. Бұл зерттеу жұмысы дәнді жүгері слайстарының сапалық көрсеткіштеріне және биологиялық белсенді заттар құрамына долана жидектерінен алынған концентраттың әсерін зерттеуге арналған. Жұмыс мақсаты антиоксидантты қасиеттері жоғары және профилактикалық қасиетке ие функционалды өнім алу үшін тағам өнімдерін табиғи компоненттермен байыту мүмкіндігін ғылыми дәлелдеу. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы долананы денсаулық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін табиғи антиоксиданттың көзі ретінде қолдану болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында заманауи зерттеу әдістері қолданылды, яғни полифенол қосылыстарының, бета-каротин мен флавоноидтардың массалық үлесі спектофотометрлік әдіспен, өнімнің органолепткалық қасиеттері сенсорлық бағалау арқылы, ақуыз, май және көмірсудың жалпы құрамы химиялық әдістер арқылы, ал жекелей биофловоноидтар үлесі хроматорграфиялық әдіс арқылы анықталды. Нәтижесінде, полифенолдың массалық үлесі - 3,85%, флавоноид – 2,33%, бета-каротиноид – 0,344 мг/100 г тең болды. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша долана негізіндегі сироппен байытылған жүгері слайстары жоғары нәтиже көрсетті, сонымен қатар бұл өнімдер жалпы тағамдық құндылығы бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие болды. Долана негізіндегі сироппен байытылған дәнді жүгері слайстары құрамында рутин – 65,4±6,54 мг, кверцетин – 28,2±2,82 мг, катехин – 1,676±0,08 мг және басқа да антиоксиданттың біршама үлесі анықталды. Бұл көрсеткіштер әзірленген өнімнің жоғарғы биологиялық белсенділігін дәлелдейді. Осылайша, жүргізілген зерттеу жұмысы функционалды тағам өнімдерін өндірісінің дамуына үлес қосып, созылмалы аурулардың алдын алу үшін қолдануға болады. Бұл нәтиже отандық пайдалы тағамдар нарығын кеңейтуге және тағам қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бесплатно
Жүгері шашағы сығындысын зерттеу
Статья научная
Жүгері шашағы пайдалы заттарға, яғни фенолдық қосылыстарға (флавоноидтар, полифенолдар, дубильдік заттар), майда және суда еритін дәрумендерге, сондай-ақ минералдарға бай. Жүгері шашағының сығындылары да дәрумендер мен минералдардың көзі ретінде денсаулыққа пайдалы және зиянды бос радикалдармен күресуге көмектесетін функционалдық тамақ өнімдерін жасау үшін қолданылады.Бұл зерттеу жүгері шашағының сулы-спиртті экстрактісінің физика-химиялық және биологиялық белсенді қасиеттерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Оның сүт қышқылды өнімдерінің негізгі сипаттамаларына әсерін бағалау функционалды тағам өнімдерін әзірлеудің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеуге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Әли» шаруа қожалығының жүгері шашағы шикізаты пайдаланылды. Жүгері шашағы сығындысындағы және оның негізінде алынған өнімдердегі биологиялық белсенді қосылыстарды және А, В тобы, D3, K дәрумендерін сандық анықтауда Жоғары тиімді сұйық хроматография-масс-спектрометрия әдістері модификацияланды. Деректер “Excel 7.0” (MS Office, АҚШ) және “Statistica 6.0” (StatSoft, АҚШ) бағдарламалық қамтамасыз етулері арқылы статистикалық өңделді.Вакуумды ультрадыбыстық экстракция әдісімен алынған 20% сулы-спирттік сығындысы жақсы нәтижелер көрсетті. Ақуыз концентрациясының мөлшері сығындымен байытылған тәжірибелік үлгідегі сынаманың бақылау үлгісімен салыстырғанда айтарлықтай өсуіне әкелді. Бұл белсендендіру жүгері шашағының аминқышқылдық құрамына оң әсер ететінін көрсетеді. Осы өзгерістер негізінде әзірленген өнімнің жақсартылған және функционалдық қасиеттерге ие екендігін қорытындылауға болады.Жүгері шашағының сулы-спирттік сығындысын қосып әзірленген «Айран» сүт қышқылды өніміне жүргізілген зерттеулер оның құрамында метилбутират (Methylbutyrate) және метилцис-11,14-эйкозадиеноат (Methylcis-11, 14-eicosadienoate) майларының болуын және оның биологиялық тиімділігін растайды.Жүгері шашағы сығындысының құрамындағы В тобы дәрумендерінің жоғары болуы оның «Айран» сүт қышқылды өнімін өндіруге арналған перспективті шикізат ретіндегі әлеуетін анықтайды. Аталған бағыт дәрумендермен және алмастырылмайтын аминқышқылдарымен байытылған отандық функционалдық сүт қышқылды өнімдері индустриясының дамуына ықпал етеді.
Бесплатно
Жұмсақ бидайдың әртүрлі класстарынан ашытқысыз нан алу әдестері
Статья научная
Мақалада жұмсақ бидайдың 3 және 4 класстарынан алынған нанның сапалық көрсеткіштеріне ионозондалған судың әсері зерттелген. Нәтижесінде, иондалған су нанның көлемі мен кеуектілігін арттыруға, ақуыз мен крахмалдың мөлшерін жоғарылатуға ықпал ететіндігі анықталды. Иондалған сумен жұмсақ бидайдың төменгі класстарынан алынған нан дәстүрлі әдіспен дайындалған нанға қарағанда жақсы сапаға ие екендігі дәлелденді.
Бесплатно
Задачи физики с техническим содержанием как средство профессиональной подготовки будущих технологов
Статья научная
В статье показана актульность использования задач физики с техническим содержанием в профессиональной подготовке студентов технического вуза. Автором впервые определены понятия физико-техническое мышление и физические задачи с техническим содержанием, а также уточнены принципы отбора физических задач с техническим содержанием, на примере технологических машин легкой промышленности. Экспериментально проверена эффектив-ность использования задач с техническим содержанием в процессе обучения физике. Препода-вателям физики дает практические рекомендации по составлению и отбору физических задач с техническим содержанием.
Бесплатно
Заменители кофе из региональных дикорастущих и культурных растений
Статья научная
Целью данного исследования было изучение видового разнообразия растений Павлодарской области для получения целевого продукта и его рекомендация к массовому производству и использованию в точках общепита. Видовой состав был представлен в виде 5 растений, как лох узколистый (Elaeagnus angustifolia), боярышник кроваво-красный (Crataegus sanguinea), селитрянка сибирская (Nitraria sibirica), спаржа лекарственная (Asparagus), калина обыкновенная (красная) (Viburnum opulus). В статье приведены данные исследований органолептических показателей кофезаменяющих напитков, полученных из растительного сырья, произрастающего на территории Павлодарской области. Полученные результаты позволяют рассматривать местную растительность в качестве потенциального сырья для производства кофезаменяющих напитков, не содержащих кофеин, в том числе недорогого и доступного в этом регионе.
Бесплатно
Зарубежный опыт организации оплаты труда работников
Статья научная
В статье определены методы формирования постоянной и переменной частей заработной платы на основе анализа принципов оплаты труда на предприятиях развитых стран, что может быть использован на предприятиях стран СНГ для совершенствования организации оплаты труда.
Бесплатно
Зарубежный опыт подготовки кадров для гостинично-ресторанного бизнеса
Статья научная
В представленной статье исследовательский материал посвящен анализу актуального состояния подготовки кадров в сфере гостеприимства и перспектив развития этого процесса. Главное внимание уделено исследованию зарубежного опыта подготовки специалистов для гостинично-ресторанной индустрии. Практическая значимость работы заключается в анализе зарубежного опыта по подготовке специалистов по гостеприимству, выработке на его основе рекомендаций по организации профессиональной подготовки специалистов по гостеприимству в РК.
Бесплатно
Статья научная
В статье раскрыто продовольственное значение МКС из зерновых культур и маслич-ного рапса. Использование при производстве мучных кондитерских изделий композитных смесей из нетрадиционных видов муки позволяет придать полуфабрикатам функциональную направленность и повысить их пищевую ценность, эффективнее использовать зерновые ресурсы. В наших исследованиях наилучшие органолептические и физико-химические показатели качества имели печенье на основе мучных смесей, содержащих 40% пшеничной; 15% - сорговой; 15% - нутовой, 15% тритикалевой муки и 15% рапсовой муки.
Бесплатно
Значение экструзионной технологии в производстве пищевых продуктов
Статья научная
В статье рассматриваются вопросы экструзионной технологии в производстве пищевых продуктов. Особое внимание уделено биохимическим изменениям, происходящим в перерабатываемом материале. Даются сведения о количестве вырабатываемой экструзионой продукции в разных странах мира и рекомендации к их дальнейшему исследованию и внедрению в производство.
Бесплатно
Значение ярового масличного рапса в пищевой промышленности
Статья научная
В статье раскрыто продовольственное значение ярового масличного рапса. Исследованы показатели качества масла семян рапса, которые определяют пищевые достоинства данной культуры. Научной новизной данной работы является определение содержания белка, клетчатки и масличности рапса, выращенного в условиях Казахстана.
Бесплатно
Зыыр днін хлебцы німіні рецептурасында олдану
Статья научная
Зерттеу жұмысы зығыр дәнінен алынған өнімдерді хлебцы рецептурасын жасауда қолдану бағытында жүргізілді. Жұмыста қарабидай ұнынан жасалатын диеталық хлебцы өнімінің тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарылату мақсатында табиғи өсімдік шикізаты зығыр дәні қолданылды. Зығыр дақылы тағам өндірісінде бағалы ингредиенттер көзі болып табылатыны белгілі. Сондықтан тағамдық құндылығы жоғары хлебцы нанын алу үшін зығыр дәнінен алынатын өнімдердің хлебцы қамыры мен дайын өнімінің сапасына әсері зерттелді. Тағамдық және биологиялық құндылығын жақсарту үшін хлебцы нанына 5-20% аралығында зығыр дақылының бүтіндән қоспасы, 0,3;0,5;0,7% күріш қауызынан алынған тағамдық талшық және престелген ашытқының орнына зығыр дәні тұндырмасы және зығыр ұны қосылып дайындалған ашымал қосылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оңтайлы нұсқа болып 10% зығыр дақылының бүтіндән қоспасы және 0,5 % тағамдық талшық ұнтағы қосылған диеталық хлебцы өнімін алудың әдісі таңдалды. Алынған өнімнің құрамындағы тағамдық заттардың мөлшері жоғарылап, өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығы өсті. Өнімнің сапа көрсеткіштері жақсы сапалы, тағамдық құндылығы мен сапасының жоғары болуынан тамақтануда диеталық мақсатта қолдануға мүмкін екендігін зерттеулер айқындап отыр.
Бесплатно
Зыыр жне жн талшытарынан ота тзімді жне биотраты беймата алу тсілі
Статья научная
Табиғи талшықтардан алынған материалдардың су сіңіргіштігін, жанғыштығын азайту және олардың биотөзімділігін арттыру шикізатқа гидрофобизаторларды, антипирендерді және антисептиктерді қосу арқылы қол жеткізіледі. Қазіргі таңда нанотехнологияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі - әртүрлі металдардың наноөлшемді бөлшектерін бағалы тұтынымдық қасиеттері бар текстиль материалдарын алу мақсатында пайдалану. Метал нанобөлшектерін алудың ең көп таралған әдістерінің бірі - оларды тұздарының ерітінділерінен тотықсыздандыру - химиялық әдісі. Бұл жұмыста беймата материалдарына отқа төзімділік және биотұрақтылық қасиет беретін құрам алу көзделді. Осы мақсатта мыс сульфаты, гуанидин гидрохлориді, салицил қышқылы пайдаланылды. Зерттеуде тұрақтандырғыш және тотықсыздандырғыштардың көмегімен мыс нанобөлшектерін алудың жаңа тәсілін қарастырдық. Табиғи талшықтардан алынған, жүн және зығыр талшықтарынан жасалынған беймата материалдың су сіңіргіштігін, жанғыштығын азайту және текстиль материалының биотөзімділігін арттыру шикізатқа гидрофобизаторларды, антипирендерді және антисептиктерді қосу арқылы қол жеткізіледі. Алынған ерітінді зығыр және жүн талшықтарынан дайындалған жайғақтың бетіне себу арқылы сіңірілді. Одан кейін 100 0С-де 5-10 мин кептіріліп, 180 0С-де термопресте бастырылды. Беймата өндірісінде ұсынылған құрамды талшықтар қоспасын эмульсиялау кезінде сіңіруге болады.
Бесплатно
Зыыр кнжарасыны макарон німдеріні рылымды - реологиялы асиеттеріне сері
Статья научная
Бұл мақалада жоғары сапалы бидай ұнтағын зығыр күнжарасымен ішінара алмастыру арқылы алынған макарон өнімдерінің сапалық көрсеткіштері қарастырылады. Себебі, зығыр күнжарасының энергетикалық құндылығы жоғары, құрамы алмастырылмайтын ақуызға, макро-, микроэлементтерге және дәрумендерге бай, Майды айдағаннан кейін зығыр күнжарасында қалған майлар барлық пайдалы қасиеттерге ие, құрамында альфа-линолен (омега-3) май қышқылы, сондай-ақ басқа қанықпаған май қышқылдары болады. «Шикізатты басу» процедурасынан кейін органолептикалық және физикахимиялық көрсеткіштер қарастырылып, «пісіру» процесінен кейін форманың сақталу көрсеткіші анықталды. Сапа көрсеткіштері МЕМСТ 31743-2017 «Макарон өнімдері. Жалпы техникалық шарттар», МЕМСТ 31964-2012 «Макарон өнімдері. Қабылдау ережелері және сапаны анықтау әдістері», МЕМСТ 10974-95 «Зығыр күнжарасы. Техникалық шарттар» нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес анықталды. Макарон өнімдерін зығыр күнжарасымен байыту өнімнің биологиялық, тағамдық қасиеттерін жақсартады және жоғары сапалы бидай ұнын экономикалық шикізатпен алмастыруға мүмкіндік береді. Сапа көрсеткіштері бойынша алынған зерттеу нәтижелері белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Жоғары сұрыпты бидай ұнтағын 3,8%, 7,7% және 15,5% зығыр күнжарасымен алмастыру кезіндегі макарон өнімдерінің ылғалдылық көрсеткіштері 28% құрайды («шикізатты престеу» процедурасынан кейін). Зығыр күнжарасын шикізат ретінде пайдалану макаронның пісіру уақытын қысқартады, пісуден кейінгі пішініның талаптарға сай болуын және бір-біріне жабысып, езіліп кетпеуін қамтамасыз етеді.
Бесплатно